Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Вирустар

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Биология
Вирустар
Биология, 10 - сынып
Үздік ұстаз бәйгесіне
Білімділік мақсаты: Студентерді жасушасыз тіршілік құрамы – вирустармен таныстыру; Вирустардың құрылыс, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың басқа ағзалардан айырмашылығын түсіндіру.
Студенттердің білімді өз бетімен игеруге қалыптастырып, білік - білім дағдыларын дамыта отырып білім беру;
Дамытушылық: Ақыл – ой әрекетінің дамуына студенттерді пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми – тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу, қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау;
Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы студенттердің болашақтағы іс - әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз - өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштықпен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: Психологиялық тренинг «Көктем нұры» «Сиқырлы ұяшық», «Үшжақты түсіндірме күнделігі», «Оқы, топтас, талқыла», «Кубиктер сөйлейді», «Биодиктант», «Сөзжұмбақ», сергіту сәті «Көктем»,
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, постер, үлестірме материалдар, майшам, маркерлер, стикерлер, кубик, пішіндер, бағалау парақтары,
Пәнаралық байланыс: Тарих, шет тілі, математика

Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.
Студентердің көңілін сабаққа аудару.
Сабақтың ұстанымы: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл – ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы бұл – ең жауаптысы, іздену жолы». қытай ойшылы. (Конфуций)
Психологиялық ахуал
«КӨКТЕМ НҰРЫ»
Студенттер ортаға шеңбер құрып тұрады. Нұрын шашқан көктем мейрамымызға байланысты студенттер бір - біріне көктем нұрын сыйлайды. Нұр ретінде әдемі майшам алынады. Ойынды ең алдымен оқытушы бастайды. Нұрды алып, “Мен сізге нұрды сыйлаймын” себебі сіз..... қайырымды адамсыз немесе...... әдемісіз деп жалғастырады.
Әр қатысушы нұрды жалғастыра отырып, жақсы әсер қалдыратын бір – бір қасиеттерін айтып шығу керек.
«ӘДЕМІ ПІШІНДЕР»
Психологиялық тренгингтен кейін студенттер оқытушы алдында тұрған пішіндерді таңдап үстелдеріне жайғасады. Кейіннен ол пішіннің қандай мағына беретінін, сол пішінді таңдаған адамдардың қандай болатындығы туралы айтылады. Студенттер сол пішін бойынша топтарға бөлінеді.
Үшбұрыш - 1 - топ
Төртбұрыш - 2 - топ
Шеңбер - 3 - топ

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы
«СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚ»
(Тақтада деңгей бойынша сұрақтар беріледі. Топ мүшелері ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, ұяшықтағы сандар бойынша топқа ұпай жинайды)
ҒАЛЫМДАР ТАРИХ ӘРТҮРЛІ БЕЙНЕСҰРАҚ
10
20
30
ҒАЛЫМДАР 10 – Ең алғаш жануар жасушасындағы ядроны сипаттап жазған?
ҒАЛЫМДАР 20 – Ең алғаш өсімдік жасушаларындағы ядроны сипаттап жазған?
ҒАЛЫМДАР 30 – Ең алғаш 1825 жылы тауық жұмыртқажасушаларындағы ядроны зерттеген чех зерттеушісі?
ТАРИХ 10 – Ядролық жарғақшалардың пайда болуы?
ТАРИХ 20 – Ағзалар қандай белгісі бойынша прокариоттарға және эукариоттарға бөлінеді?
ТАРИХ 30 – Хромосомалардың қалай пайда болады?
ӘРТҮРЛІ 10 – Ядро қандай қызмет атқарады?
ӘРТҮРЛІ 20 – Хромосомалар қызметінің мәні неде?
ӘРТҮРЛІ 30 – Ядро құрамына қандай құрамдас бөліктер енеді?
БЕЙНЕРОЛИК 10 – Бактериялардың маңызы?
БЕЙНЕРОЛИК 20 – Бактерияларды өндірістік қалдықтармен күреске қолдану, жоғары сынақты металдар алу туралы хабарлама жасаңдар? Бұл бағыт Қазақстанда қалай дамуда?
БЕЙНЕРОЛИК 30 – Егер барлық ұрпақтары өмір сүріп, ұрпақ бере алса, бір бактерия 6 сағатта қанша дарақ бере алатынын есептеп шығарыңдар?

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі
«ҮШЖАҚТЫ ТҮСІНДІРМЕ КҮНДЕЛІГІ»
Вирус – вирус – virus
Вирусология – вирусология - virology
Бактериофаг – бактериофаг – bacteriophage
Лизогенді бактериялар – лизогенные бактерии – lysogenic bacteria
Капсид – капсид - capsid
Екпе – прививка - vaccination
Мутация – мутация - mutation
Кері транскриптаза – обратная транскриптаза -
Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Ал оқытушы — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
«ОҚЫ, ТОПТАС, ТАЛҚЫЛА»
(Жаңа тақырып оқытушының бағыт беруімен өтеді. Яғни, 3 топқа үштүрлі тапсырма беріледі. Сабақ барысында топ мүшелері бейнероликтер, сызбанұсқалар, суретер арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптарын постер арқылы толық ашып қорғауы керек. Ескерте кететін жайт, студенттерге вирус туралы әртүрлі тілдегі әртүрлі мәліметтер әкелу алдын ала тапсырылған болатын. Әр топқа 11 минуттан беріледі, сол уақыт ішінде постер дайындап, қорғайды).
Ұсынылатын критерийлер: 1) тақырыптың нақтылығы
2) тақырыпты жеткізу шеберлігі тапсырылады.
1 - топ – Вирустардың шығу тегі, зерттелу тарихы,
2 - топ – Вирустардың құрылысы,
3 - топ – Вирустардың пайдасы мен зияны, вирустық аурулар.

Жаңа сабақты бекіту:
«КУБИКТЕР СӨЙЛЕЙДІ»

1 – Вирустарды ашқан кім?
2 – Вирус ұғымына анықтама бер?
3 – Вирустарды қай ағзалар зақымдай алады? «Бактериофаг» термині нені білдіреді?
4 – Вирус қандай қалыпта көрінеді? Оның құрылысын сипатта?
5 – Вирустық жұқпаларды атаңдар? Олардан сақтанудың қандай шараларын білесіңдер?
6 – Вирустардың адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін деп есептейсіңдер ме?

«БИОДИКТАНТ»
1. Адамның иммундық тапшылық вирусы.............. жылы ашылды.
2. АИВ вибриондарының диаметрі шамамен................ нм,............ тәрізді бөлшектер.
3. АИВ жұққанда................ лимфоциттер біртіндеп тіршілігін жояды. 4. ЖИТС ауруының алғашқы белгілері:..................,...........................
5. ЖИТС – тің даму мерзімі........... жылға созылады.
6. Вирустық ауруларға..............,........................,...................... жатады.

«СӨЗЖҰМБАҚ»
1. Жасушасыз тіршілік формалары? вирустар
2. Вирустардың пішіні? сфералық
3. Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? химиялық
4. Лизис вирустар не туындатады? өлім
5. ДНҚ үзіндісін иесінің жасушасына тұрақтандыру үшін ДНҚ - ға көшірмелей алатын ерекше фермент.......... транскриптаза деп аталады? кері
6. Вирустық жұқпалардың ең қауіптілерінің бірі? ИТИС
7. Жұқпайтын ауру? обыр
8. XVII ғасырдың соңында шешекке қарсы екпені жете зерттеген? Э. Дженнер
9. Вирустардың қабықшасы? капсид
10. Вирустық нуклеин қышқылын қорғамағандықтан, ол қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсерінен неге ұшырайды? Мутация
Сергіту сәті: Студенттер экрандағы «Көктем» әніне қосылып, қимылдарын қайталайды.

Білімді қорытындылау және жүйелеу: Бұл сабақ негізінде студентер вирустардың шығу тегімен, құрылысымен, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың басқа ағзалардан айырмашылығымен, пайдасы мен зиянымен, сонымен қоса шет тілінен сөздік қорларын көбейте білді.

Үй тапсырмасын беру кезеңі: §18. Вирустар. 139 - 144беттер.
Вирустық аурулар туралы шет тілінде слайдтар, бейнероликтер немесе мәнжазба әкелу.

Сабақты бағалау кезеңі.
Топ басшылары қанша ұпай жинағандарын есептейді. Кейін оқытушы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтарды және жеке студенттерді бағалайды.

Рефлексия кезеңі: Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Атырау қаласы,
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
биология және химия пәні оқытушысы Назарова Шынар Талғатқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 909
6
119 дауыс
Оқи отырыңыз
Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар
Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар
Пирмида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің көпжақтар туралы теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері
Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері
Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің экономика пән оқытушысы: Кушербаева Самалгуль Акылбаевна
Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау
Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, ЖББ №16 орта мектебінің ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі: Әділхан Назым Әділханқызы
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Студенттердің шетел тілі пәні бойынша білім деңгейін анықтау, танымдық қабілетін, білім - білік дағдысын, эстетикалық - өнегелік ортасын қалыптастыру, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (6)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Тілекші
Тілекші Қонақ 15 сәуір 2017 21:39
0
Шынар тек алға
Эльмира Кабдолхаликова
Эльмира Кабдолхаликова Қонақ 16 сәуір 2017 13:51
0
Саған сəттілік тілеймін. Алдағы уақытта аңсаған арманыңа жет.Шығармашылық табыс.үлкен белестерден көріне бер.
Raigul
Raigul Қонақ 22 сәуір 2017 23:30
0
Шынар саттилик
Аружан
Аружан Қонақ 26 сәуір 2017 00:40
0
Сəттілік тілеймін!!!!!!
Аружан Кайруллаева
Аружан Кайруллаева Қонақ 26 сәуір 2017 00:41
0
Сəттілік тілеймін!!!!
Камария Наубетова
Камария Наубетова Қонақ 28 сәуір 2017 14:03
0
Шынар Талғатқызы сабағыңыз өте жақсы. Маған ұнады. Алар асуларыңыз бен бағындырар шыңдарыңыз көп болғай!!! Үздік ұстаз деген атқа сізді лайық деп ойлаймын!!! Сәттілік!!!