Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері

26 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауы

Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауында Қазақстан жылының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл - ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік - экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша - несие түрлері пайда болып жатыр. Еліміздегі банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшуі барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор. Банк ісін ұйымдастыруда және дамытуда банк мамандарына аса қажетті теориялық білім беру, тәжірибелік тұрғыда есептеп үйрену.

Банк – бұл ақшалай қаражатты тарату үшін және оларды өз атынан мерзіміне қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады. Әр елдің қолдануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әртүрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды. Тұрақты, әрі икемді банк жүйесін құру - Қазақстан экономикасын реформалауды маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен банк қызметі туралы» Жарғылығына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді:

Несие – бұл ақша не тауар түрінде қайтарылатын және пайыздық төлемі төленетін несие. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субьектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Несие мәмілесінде несиелік қатынастың субьектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады. Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі - бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады.

Сабақтың тақырыбы: Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері
Бүгінгі тақырып бойынша студенттер
нені білуі керек:
Несиелендіру жүйесі, оның негізгі элементтері
- несие төлеу қабілеттіліктің мақсаттары мен міндеттері;
- банкілік несиелерді қамтамасыз ету түрлерінің жіктелуі;
- несие беру кезеңдерін
- банкілік несие беру тәртібін
- несие төлеу қабілеттілігі бағасының негізінде жататын факторлар
нені істей білу керек:
- несие шарттарын құрастыруды;
- кепілзат мүлігінің бағасын жүргізуді;
- несиені, несие есебін жіктеуді және елдің экономикалық жағдайына сәйкес банк саясатын анықтауды;
- банкілік несиенің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыруды
- несие түрлері бойынша шарт құрастыруды;

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Кәсіпкерлік білімдерін дамыта отырып алған экономикалық білімдерін іскерлік ортада өмір сүруде, қызмет етуде қолдануы
2. на жағдай жасау
3. Дамытушылық: Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білім деңгейін
4. бағалауға, өз ойын жан - жақты жеткізе білуге, тез ойлануға, еске сақтауға тәрбиелеу, қосымша ізденуге баулу.
5. Тәрбиелік: Студенттердің білімін, ой - өрісін дамыту, білімдерін жетілдіруге, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Өзін мәдениетті ұстап, өз ойын толықтай жеткізуге үйрету.

Сабақтың барысы: Жоспар бойынша сайыс 4 кезеңнен тұрады
1. Сәлемдесуі, командалардың таныстыруы, төстаңбасы, ұраны
2. Банк бағдарламаларымен таныстыру
3. Банктің клиентке қызмет көрсету түрлері
4. Қор жинау ойыны

Студенттер екі топқа бөлінеді.
1 команда Казкоммерцбанк
2 команда Каспий банкі

1 - кезең Сәлемдесуі. Бұл сайыста әр команда өз банк қызметкерлерімен танысып, қызметтері туралы толықтай мағлұмат беріп., ұранымен, төс таңбасымен таныстырып кетуі қажет.
«Казкоммерцбанк» төс таңбас
«Каспий банк» төс таңбасы

2 - кезең Несие түрлеріне сипаттама беру.
Әр банк несие төлеу қабілеттіліктің мақсаттары мен міндеттерін, несие беру кезеңдерін, несие алуға қажетті құжаттар пакетін, несиелендіру әдістерін слайд арқылы толықтай таныстырады.

3 - кезең Банк қызметін жарнамалау
Біз «Қазкоммерцбанктің» депозиттік бағдарламасын пайдалануды ұсынамыз, өйткені бірнеше жылдар бойы ең беделді халықаралық қаржы басылымдары мен ұйымдары «Қазкоммерцбанкті» Қазақстандағы үздік банк ретінде мойындауда. Мықты басқарушылық команда және Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлердегі қазіргі банктік технологиялар және ақылға қонымды инвестициялармен ұштастырылған кең филиалдар торабы банк пен оның клиенттерінің өркендеуіне ықпал етеді.

Visa Electron, Cirrus Maestro
Ең оңай қол жеткізілетіні - Visa Electron/Cirrus Maestro карточкалары. Карточканы пайдаланғаны үшін төлемнің төмен болуы және оны бүкіл әлем бойынша миллиондаған сауда нүктелерінде қолдану мүмкіндігі, бұл карточкаларды ыңғайлы етеді. Сонымен бірге банкомат арқылы банктік операцияларды жасау үшін де өте қолайлы.

4 - кезең «Қор жинау» ойыны. Екі команданың алдында ақшаға толы екі қоржын болады. Бұл ойында қойылатын сұрақтар, мақалдар ақшамен өлшенеді. Бірінші жауап берген команда екінші команданың қоржынындағы ақшаны өздеріне иеленеді. Бұл ойында студенттердің білімдері, шапшаңдығы, тез ойлау қаблеттері сыналады.

Саламат Мұқашев атындағы
Атырау политехникалық колледжінің
экономика пән оқытушысы:
Кушербаева Самалгуль Акылбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 169
6
23 дауыс
Оқи отырыңыз
Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу
Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім - шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау
Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау
Отын энергетика кешені, конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешені, машина жасау кешені, АӨК, инфрақұрылымдық кешен туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, бекіту.
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылы. Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы
Пікірлер (6)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Nadira
Nadira Қонақ 5 мам 2016 16:10
0
[hide][/hide]
Гулжанат
Гулжанат Қонақ 5 мам 2016 16:17
0
Өте жақсы тек қана алға!
Ажар
Ажар Қонақ 5 мам 2016 17:41
0
Самал апай тек АЛҒА
Қамажай
Қамажай Қонақ 5 мам 2016 19:03
0
Жарайсыз! Тек қана алға, Сәттілік
Қамажай
Қамажай Қонақ 5 мам 2016 19:04
0
Жарайсыз, Тек қана алга, Сәттілік
Аккумис
Аккумис Қонақ 5 мам 2016 19:48
0
Тек алға!!!