Бәйге бөлімі


Гидросфера туралы ұғым. Табиғаттағы су айналымы

Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы
№ 20 орта мектебі» география пәні мұғалімі
Жандыкенова Жайнагул Магатаевна

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Табиғаттағы су айналымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың гидросфера, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, пәндік стильде сөйлеу тілін жетілдіру. Жергілікті жердегі су айдындары туралы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Судың тіршілік үшін маңызын, халқымыздың табиғатқа ерекше қамқорлықпен қарағанын түсініп, қоршаған ортадағы барлық затқа үнемшілдікпен қарап, аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар судың тіршілік үшін маңызын түсінеді
Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді. Неліктен табиғаттағы су таусылып қалмайтынын біледі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдістері: Презентация, СТО стратегиялары, жұмбақ шешу, ассоциация құрастыру, халық педагогикасы, өзекті сұрақ, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, диалог, географиялық диктант, «Т кестесі» жеке жұмыс.
Техникалық оқыту құралдары: интербелсенді тақта
Көрнекілігі: атлас карта, оқулық, өлкетану материалдары, «Ақ бұлақ» бағдарламасы, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер, слайд, атлас карта, оқулық, бағалау парағы, білім ағашы, смайликтер, қима алмалар, стикер, постер
Пәнаралық байланыс: математика, сурет, әдебиет, музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақта жоқ оқушыны анықтау.
Психологиялық дайындық: Айдай арайлап, Күндей күлімдеп, судай таза көңілмен сабағымызды бастайық. Топтарға бөліп(өзен, көл, теңіз, бұлақ, мұхит) “Білім” ағашының түбіне жайғастыру. Топ ережесін пысықтау, бағалау парағын беру, топ басшысы мен бағалаушы оқушыны анықтау.
Оқушы зейінін сабаққа жұмылдыру.
Оқушы айтуымен бағалау критерийін түсіндіру.
Жақсы білсең сұрақты
Қызыл алма алып же
Орта болса білгенің
Сарысына қолың соз
Жеткіліксіз оқысаң
Жасыл алманы ал – дағы
Білмегенді жүйелі
Оқып өзің еңбектен.
Ерінбесең қайталап
Жасыл алмаң қолыңда
Қызыл алмаға айналып
Жүресің сен тек алда!!!

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық. “Қызығушылықты ояту”
1 - бөлім. «Жұмбақ жасыру»
А. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі?
Б. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
В. Көзге көрінеді
Ұстасаң қолға ілінбейді.
Жұмбақтың шешуі: Судың үш күйі – мұз, бу, су. (Оқушылар дәптерлерін ауыстырып бір - бірін бағалайды, тиісті алмаларды алады. Бірнешеуі оқиды)
Шешімін табу арқылы жаңа сабақ тақырыбын оқушылар өздері анықтайды.
(Тақтаға сабақтың тақырыбын жазу.)

2 - бөлім. «Ұшқыр ойлы балаға...» ( Қосымша ізденіс бойынша үйден су тақырыбына арнап дайындаған халықтың мақал – мәтел, аңыз, ырым сөздерін айтады).

- Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің
Халқымыз түнде су алуға тыйым салған. Су - киелі, оның иесі бар, ол – Сүлеймен патша деп есептеген. Қажет жағдайда:
Су атасы - Сүлеймен
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым,- деп суға шолп еткізіп тас тастап барып қана алатын болған.
Гректердің су құдайы - Посейдон.
Римдіктердің су құдайы - Нептун.

- Тұнып тұрған су сасиды
Ойланбаған ми сасиды.
- Ақпаса су бұзылады.
Судың бетін ашық қалдырма
Суды сапырма, суды сатпа
Суды бекер ағызба, үнемде, ысырап етпе
Суды лайлама, бұлақты былғама
Су ішкен құдығыңа түкірме
Лас су төккен жерді баспа
Түнде су төкпе
Ағынды суға кір жума
Судың да сұрауы бар.
Суға түкірме
Суға дәрет сындырма
Суға қоқыс төкпе

- Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс.
Бастау - бұлақтардың көзін ашқандарың – өмір - тіршіліктің де көзін ашқандарың.

ІІІ. «Мағынаны тану». Жаңа сабақ.
Табиғаттың бір бөлшегі, судың, әдемілігі – кез келген адамның көңіл күйіне оң әсер береді. Ақын, суретші, сазгер, жазушы тағы басқа өнер адамдарының шығармашылық жетістігінің, самғауының қайнар көзі. (слайд)
«Өзен» Ы. Алтынсарин, И. К. Айвазовский (1817 - 1900) «Тоғызыншы толқын», М. Жұмабаев «Толқын»,
Сазгерлер шығармалары: Әндер: «Ертісім», «Есіл ағады», «Марқакөл», «Ақ ерке, Ақжайық», «Каспий»

Топтық тапсырма:
1 - топ. Жердегі су.
2 - топ. Судың қасиеті.
3 - топ. Табиғаттағы кіші су айналымы.
4 - топ. Табиғаттағы үлкен су айналымы.
5 - топ. Судың, оның айналымының маңызы.

1 - топ. Жердегі су. Жердің су қабығы – гидросфера. Жер ғаламшарының ¾ бөлігі су. Гидросфера - 2, 5% ғана тұщы су.
Гидросфераның 97 % ға жуығы мұхиттың тұзды сулары.
Құрлық сулары: өзен, көл, мұздық, жер асты сулары.

2 - топ. Судың қасиеті. Ассоциация: «Су деген не? Қандай? Не істейді?»
1. Сусын, жерде ең көп тараған зат, мұз, қар, жаңбыр, тұман, бу. Барлық ағзаға өмір сыйлаушы, картада көк түс, жердің көп бөлігін алып жатқан сұйық, бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхит 2. Түссіз, мөлдір 3. Жұғады, ерітеді, ағады, шөлді қандырады
Судың басты қасиеттері: а) баяу жылып, баяу суынуы б) еріткіштігі в) ағынымен жер бетін өзгертуі.

3 - топ. Табиғаттағы кіші су айналымы. Халқымыз «Ақпаса су бұзылады» деген. Су үнемі қозғалыста. Ол буға айналып биікке көтеріледі. Онда суынып бұлтқа айналады. Одан жаңбыр болып жерге оралады. Бұл - табиғаттағы кіші су айналымы.

4 - топ. Табиғаттағы үлкен су айналымы. Кіші су айналымы арқылы жерге оралған жауын - шашынның бір бөлігі өзен - көлге, бір бөлігі қайта буға айналады, бір бөлігі мұздықтарға қар болып түседі. Енді бір бөлігі жерге сіңіп, жер асты арқылы мұхиттарға қосылады. Бұны үлкен су айналымы дейді. Судың осылайша мұхит пен құрлық арасында ауысуын дүниежүзілік су айналымы дейді. Мантияда 20 млрд. км³ су бар.

5 - топ. Судың, оның айналымының маңызы.
Су – тіршілік көзі. Адам денесінің 65 %- ы судан тұрады. Ересек адамға күніне 2, 5 литр су ішу керек. Алма ағашы бір жазда 40 литрден көп су сіңіреді.
Су дене температурасын тұрақтандырады, ағзада азықты, оттегіні тасымалдайды. Су - қанның қоюлануына жол бермейді. Дәрумендердің ағзаға жақсы сіңуін арттырады.
Су - ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
Адамның зейінін ашады, шаршағанды басады. Ұйқыны жөнге келтіреді. Көздің көруін жақсартады. Түрлі ауруларға қарсы иммунитетті күшейтеді. Қарттарға есінен алжасудың, ұмытшақтықтың алдын алуға көмектеседі.
Судан электр энергиясы өндіріледі. Су – демалыс орны, кәсіп. спорт, кеме қатынасы. Емдік қасиеті бар су – арасан. Өлкеміздегі «Рахман қайнары» санаторийі, Ертістегі СЭС – терді, Марқакөл т. б айтуға болады.
Су айналымының маңызы: құрлық пен мұхит арасында ылғалды, жылуды, минералдық заттардың алмасуын реттейді.

ІV. «Ойтолғаныс». Бекіту тапсырмалары: (слайд)
А: Географиялық диктант. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.
1. Грек тілінен аударғанда ”... “ сөзінің мағынасы су.
2. Болашақта су көбеюі мүмкін, өйткені мантияда... су бар.
3. Гректің су құдайы -...
4. Емдік қасиеті бар суды... деп атайды.
5.... ғаламшарында су тек газ күйінде кездеседі.
6. Халақ су иесі -... дейді.
7. «Шар» сөзінің грек тіліндегі мағынасы...
8. Өскемен қаласын... өзеніндегі СЭС қамтамасыз етеді.
9. Түсіп кеткен адамды да, малды да орнынан тұрғызбай тастан – тасқа соғып ағызатын Шығыстағы... өзені.
Көп нүктенің орнына қойылатын сөздер:
1. Гидро 2. 20 млрд. км³ 3. Посейдон 4. Арасан 5. Шолпан 6. Сүлеймен 7. Сфера 8. Ертіс 9. Бұқтырма

Б: Географиялық есеп.
Сыныптың 1 оқушысы мектепте су ағатын шүмекті толық жаппаған
дықтан 1 күнде 1 литр суды ысырап етті. Оқушы оқу жылында босқа ағызған су неше түп алма ағашына жетер еді?

В. «Т кестесі». Судың пайдасы мен зияны қандай? (дәптерге ажыратып жазады)

V. Сабақты қорытындылау. Топтардың өзара бағалауы, бағалау парағы арқылы бағалаушыны тыңдау. Жекелеген оқушының өзін бағалауы. Мұғалімнің жиынтық бағасы хабарланады.

VI. Үйге тапсырма:
§ 27 оқу, 104 - беттегі 35 - суретті сарала.
Кескін картаға ірі өзен, көлдерді белгілеу.
"Судың да сұрауы бар" тақырыбына эссе жазып келу.( Су тапшылығын қалай шешуге болады?)

VII. Кері байланыс. Нені меңгерді, қандай көмек керек, не түсініксіз болды?- деген сұрақтар аясында оқушылардың пікірін білу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 4
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер

    Ғылыми жұмыстың мақсаты: теңдеулердің өмірмен байланысын сезіну, оларды шығару, толық баяндау, шешу әдістерін қарастыру және мысалдармен бекіту.
  • Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

    Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
  • Тұлпар аунаған жерде түк қалады

    Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.
  • Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға

    Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
  • Киіз үй

    Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
  • Өзіңді – өзің тексер

    Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
  • Бақылау диктанты

    Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ...
  • Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы

    Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
  • Болымды және болымсыз етістік

    Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
  • Зат есімнің тәуелденуі

    өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика