Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау;
дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуіне, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге дағдыландыру;
тәрбиелік: ақын өлеңі арқылы оқушыларды туған жері мен елін қастерлеуге, шыдамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың тегі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау, «Екі жақты күнделік», « Бортты журнал» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Аманжолов өмірі жайлы бейнетаспа, ақынның суреті.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. « Адам», «Өмір», «Ұстаным» сөздері жазылған кеспе қағаздар таратылып, оқушылардың ойлары тыңдалады.
«Кубизм» әдісін пайдалана отырып үй тапсырмасы тексеріледі, яғни оқушылар кубиктің қай қыры түседі, сол сұраққа жауап береді.
- Иса Байзақов кім?
- Иса Байзақовтың туған жері?
- «Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?
- Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі?
- Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?
- Поэма қалай аяқталады?
Өзің қалай аяқталғанды қалар едің?

Жаңа сабақ. Сабақ эпиграфы: « Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр». (Т. Ахтанов)

Өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың талантты ақыны, адалдық пен ақындықты тұмар етіп дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.
Қызығушылықты ояту. Топтық тапсырма ретінде ақын туралы алдын ала ізденіс тапсырмалары берілген болатын, сол бойынша әр топ сөз алады.

Топтастыру. Аты: Қасым Аманжолов
Туған жылы: 1911жыл
Туған жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Өскен ортасы: Жастай жетім қалып, Семей қаласындағы интернатта тәрбиеленеді.
Алған білімі: Орал педагогикалық институтында, Семейдің малдәрігерлік техникумында оқиды. Ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқып, оны денсаулығына байланысты бітіре алмайды.

Мағынаны тану. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнетаспа көрсетіледі.

Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық тапсырма ретінде өлеңдегі негізгі ойларды топтастыру.
а) ақынның өзін таныстыруы;
ә) өлең туралы толғаныс;
б) өмір мен өлең туралы толғаныс;
в) туған ел, жері туралы толғаныс.

Керуен - сұрақ. Өлең қандай лирика түріне жатады? Көңіл - күй лирикасы.
Тақырыбы: Лирикалық кейіпкердің өзі туралы толғанысы.
Идеясы: Ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім артуы, өз тағдырын өлең құдіретімен оқушыларға жеткізуі.

Тақтамен жұмыс. Лирикалық кейіпкерге мінездеме беріледі.
Топтық тапсырмалар.
Ӏ топ. Ақынның поэтикалық тіліне, буын, ұйқас түрлеріне талдау жасайды.
Теңеу: торқадай, өртке тиген дауылдай
Метафора: сезім - жыр, лебізім - күй
Эпитет: алтын сарай, ақ көңіл, қап - қара түнек

ІІ топ. «Бес жолды өлең» құрайды.
1. Қасым
2. Кеңпейіл, дауылпаз
3. Жазады, армандайды
4. Елінің дауылпаз ақыны - Қасым
5. Ақын
«Екі жақты күнделік». Оқушылар алдымен жұптық, содан соң топтық тапсырма ретінде ақылдаса отырып, ортақ бір кестені ортаға шығып оқиды.
Өлеңнен үзінді
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен құмарлана.

Менің көзқарасым: Ақын арманы шексіз, бірақ сол арманын жүзеге асыруға уақыт жетпейтіндігін, өзінің өмірінің қысқа болатындығын сезгендігі көрініп тұр.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.
Менің көзқарасым: Өз бақытынан ел мүддесін жоғары қоя білген ақын парасаттылығын және достықтың шын бағасын бағалап, аялауға шақырған мүддесін айқын сезінеміз.

Сабақ «Борт журналы» әдісімен қорытындылады

Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешіп әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтпақ!

Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау.
«Өзім туралы» әні орындалады.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№52 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кенжешева Аққаным Алиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 436
2
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Елінің ардақтаған Ақаны еді...
Елінің ардақтаған Ақаны еді...
Сал – серілердің падишасы Ақан сері Қорамсаұлының ертегіге бергісіз жұмбақ өмірінен алған білімдерін тексеру, тереңдету, талдау.
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру. Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Анар Балмуханқызы
Анар Балмуханқызы Қонақ 6 мам 2016 22:43
0
Анар Балмуханқызы
Анар Балмуханқызы
Анар Балмуханқызы Қонақ 6 мам 2016 22:46
0
Сабақ құрылымы әдістемелік тұрғыдан сауатты құрылған.Сәттілік тілеймін!