Бәйге бөлімі


Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым (4 оқушы)

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сабақтың мақсаты:
а) Түзете дамыту: Оқушыларға «Қазақстан» биіне қол, аяқ қимыл - қозғалыстар жасатып, ырғақтық сезімдерін дамыту.

ә) Тәрбиелік: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, туған жерін халқын сүюге, патриоттыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Топтық
Сабақтың көрнекілігі: Отан туралы нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта, жалаушалар, шарлар, сыйлықтар.
Музыкалық құралдар: Сырнай, домбыра, дауылпаз, ксилофон, сылдырмақтар.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу рәсімі.
- Шаттық шеңбері (аяқ пенен топ – топ әнімен)
- Өткен сабақты қайталап еске түсіру.
- Жаңа сабақ тақырыбына сай, мағлұматтар беріп, сұрақ қойып кеңінен таныстыру.

II Негізгі бөлім:

1) Оқушыларға тақырып туралы тереңірек түсіндіру.
Сіздерді ең әуелі келе жатқан 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде.

а) ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты слайд көрсету және Қазақстанның өткені мен қазіргісін және болашағын оқушыларға түсіндіріп саналарына сіңіру.
ә) «Егемендік мәңгілік» әнін жаттату.

«Егемендік мәңгілік»

Әні мен сөзі: Ж. Н Хасановтікі.
1. Желтоқсанның сол бір ызғары,
Жастарымның ойын қозғады.
Бізге елдің көсемі керек,
Деді ұлмен қазақ қыздары,
Деді ұлмен қазақ қыздары.
Қ - сы
Төбемізде құстар сайрасын,
Бағымызда гүлдер жайнасын.
Егеменді туым желбіреп,
Мәңгі болашақ таңы атсын.
Егеменді туым желбіреп,
Мәңгі болашақ таңы атсын.

2. Жарқылдаған арман ойлары,
Сол кездері көпке бармады.
Аждаһаға қарсы көтерген,
Ұрандары қанға боялды,
Ұрандары қанға боялды.
Қ - сы
Біздер үшін қиған жандарын,
Қайрат, Ләззат, Ербол балдарың.
Ұмытпайды мәңгі сіздерді,
Егеменді мәңгі Алаш қазағым.
2. Ырғақты - қозғалыс жаттығулар:
«Қазақстан» биін үйрету
1. Бастапқы қалып: Балалар қаз - қатар қолдарына жалауша алып бірінің артына бірі тұрады. Кейін барлығы бір - бірінің жанына барып тұрады.
2. Барлығы әуелі оң аяқпен бір қадам алға кейін қалыпты орынға кері тұрады, кейін дәл солай сол аяқтарымен істейді.
3. Сол қолдарын жалауша ұстаған бағытта жоғары - төмен қозғайды.
4. Барлығы бір нүктеге жиналып кейін қайта бастапқы қалыпқа барады жаттығу осылай бірнеше рет қайталанады.

3. Сергіту сәті.
«Аю әні» атты видео ролик арқылы сергіту сәтін жасату.

4. Дидактикалық ойын
«Тауып көр» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды қырағылыққа, пішіндерді үйренуге, түстерді ажыратуға, сандар үйренуге, шапшаңдыққа өз беттерімен ізденуге талпындырып, ойлау қабілетін жақсартады.

Ойынның шарты: Мұғалім жұмбақтар жасырады. Балалар сол табылған жұмбақ жауаптарының бірінші әріптерін тақтаға рет ретімен жапсырулары керек. Нәтижесінде ҚАЗАҚСТАН деген сөз шығады.

Жұмбақтар
1. Әжем қолмен сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті,
Кім бар оны жеп көрген? (Құрт)

2. Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол.
Дәмді тамақ қаласаң,
Саған ұсынып тұрады ол. (Аспазшы)

3. Түрі жылқы бейнесі,
Жолақ - жолақ жейдесі. (Зебра)

4. Әдемі түнде, ұқсайды күнге,
Ал мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай)

5. Алыстан қарасаң аппақ,
Дәмін татсаң тәтті ақ. (Қант)

6. Уақытты өлшеп санап,
Таппайды бір тағат.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл не сонда? (Сағат)

7. Аяғы бар басы бар,
Үстінде және тасы бар (Тасбақа)

8. Терезеге қарасам,
Әдемі өрнек салыпты.
Қысты күні әп сәтте,
Тоңдырады халықты (Аяз)

9. Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (Нан)

5. Музыка - терапиясы кезінде қолдануға болатын жаттығулар:

Фонематикалық есту қабілеттерін дамыту жаттығулары:
Мақсаты: Айналадағы заттарды бір - бірінен ажыратуға үйрету.
Құрал: Ағаштан жасалған бұйымдар, металдан жасалған ашқыштар, қоңырау т. б.
2 - нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.

6. Жалпы тіл кемістігіне арналған жаттығулар:
ІІ, ІІІ - Деңгей. Әндерді әуендетіп екпінмен жоғарғы және төменгі дауыспен айттыру.

III Қорытынды бөлім:

- Балалар 16 желтоқсанда қандай мейрамды атап өтеміз?
- Балалар сіздер өзіміздің рәміздерімізді білесіздер ме?
- Ән мен би сіздерге ұнады ма?
- Әнде не туралы айтылған балалар?
- Балалар енді бір - бірімізге осы сабақта жеткен жетістіктерімізді айтайықшы.

IV Үйге тапсырма:
«Егемендік мәңгілік» әнінің сөзін, әнін жаттап оны қол қимылдарымен көрсету, «Қазақстан» биінің элементтерін қайталап келу.
Соңы: Оқушыларды мадақтап бағалау және түрлі сыйлықтар беріп ынталандыру.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі
білім басқармасы Казталов ауданының
Психологиялық - педагогикалық
түзеу кабинетінің саз - ырғақ мұғалімі
Хасанов Жеңіс Ниетқалиұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 8
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 16 қаңтар 2017 21:29
Сәттілік әріптесім
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • 8 наурызға арналған ер жігіттер концерті

    Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, осы күн туралы бірқатар қызықты ойларды ортаға салып көрейік.
  • 8 наурызға арналған көшпелі папка

    8 наурызға арналған көшпелі папка
  • 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған. Шуағын шашқан аялы алақан

    Адам барма ана сүтін татпаған Алуан-алуан ауыр сынды аттаған Адалдықты ар намысты сақтаған Мен анамның сонысымен мақтанам
  • Сиқырлы сурет сырлары

    Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
  • Бастау олимпиадасы логикалық есептер

    Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды? Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
  • Үй құстары (тауық, балапан)

    Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Гүл - ғажайып дүние

    Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға.
  • Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

    Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің ...
  • Рационал сандарға амалдар қолдану

    Рационал сандарда қолданылатын амалдардың әдіс - тәсілдерін меңгеру, есеп шығару барысында тиімді қолдана білу, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару.

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 4
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 4
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика