Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты математикалық тапсырмалар

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.
Сабақтың міндеті: балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
II. Тез есепте!
III. Дидактикалық ойындар
IY. Логикалық есептер. Y. «Есте сақтайық»
YI.«Математикалық термин құрастыру»:
YIІ. Қорытынды.

I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
Есеп – 1.
Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан, орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп. Еттен жасалған самса 3 - еу. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу? 5
Шешуі: 14 – (2*3+3)= 5 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 5 самса әкелді.
Есеп 2.
Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі: 100 * 4 = 400

II. Тез есепте!
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)

6 алманың 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Қолымда 55 алма
5 - ін бердім апама,
5 - ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

Қызықты математикалық тапсырмалар. жүктеу
2 617
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс
Білім алушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілетін ширатып, математика тарихы мен математикаға қатысты жұмбақтар шешу дағдысын жаттықтыру.
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер
Бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Қозғалысқа байланысты есептер. Бір - бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыс
Қозғалысқа байланысты есептер. Бір - бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыс
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×