ойын сауық отауы
Сақтық бата
20.04.2017 2 302 0 Дауыл

Сақтық бата

Бата, тілектер
САҚТЫҚ БАТА
Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап - сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілегін пендеңді,
Пәле - жаланың бәрінен сақта.
Әумин!

***
Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ астынан кезігер –
Бәле - жаланың бәрінен сақта!
Әумин!

***
Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта.
Әрі тарт, бері тарт,
Жұлқыстан сақта.
Төрінді билер жатыңнан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Руға бөлінген наданнан сақта,
Жақсылығы өзінен
арылмас адамнан сақта.
Қара жүрек есерден сақта,
Нанды аттаған кесірден сақта.
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Татымсыз тұзыңнан сақта,
Көргенсіз қызыңнан сақта.
Бетіңе күлген сұмнан сақта,
Бетімен кеткен жыннан сақта.
Жалғасқан бәледен сақта,
Бас кетер жаладан сақта.
Қайырсыз малдан сақта,
Қазымыр шалдан сақта.
Адасқан елден сақта,
Ез болған ерден сақта,
Төтенше нәубеттен сақта,
Міндетшіл жекжаттан сақта!
Әумин!

Оразаның соңғы күндері тілерім Оразаның соңғы күндері тілерім
1. Кемістің кемтігін толтыр, 2. Олқының орнын толтыр, 3. Үйсізге – үй, 4. Күйсізге – күй, 5. Баласызға - перзент бер!!!
Бауыржан Момышұлының ақ батасы! Бауыржан Момышұлының ақ батасы!
Е, Жаратушы, Жасаған! Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет. Тозақтағы оттан сақта, Қаңғыған оқтан сақта.
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Діни баталар Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің, Мухаммед үмбетімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Имам ағзамның қауымында қыл, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен
Бауыржан Момышұлының берген батасы Бауыржан Момышұлының берген батасы
Иллаһи Құдая, Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет.
Қазақтың бата - тілек өсиетері Қазақтың бата - тілек өсиетері
Уа, Жаратқан, жарылқа, Бақ - дәулетін аумас қыл!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×