Ойын сауық отауы


Наурыз бата

Наурыз бата

Бата - адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай - ақ бата - қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Қасиетті дінімізде Жаратушыдан дұға арқылы медет тілесе, дәстүрімізде бата арқылы жақсы ниет, ықылас білдіріледі, тілек айтылады. Оны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді. Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, сүндет той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы, дастархан батасы және тағы да басқалары. Осы баталардың ішінде Наурыз батасының орны ерекше.

Бұл күні әдетте жасы үлкен кемеңгерлер кішіге бата береді. Жастар таң шапағын күтіп, сол кезеңде ауыл ақсақалдарының, ақылгөй басшылардың батасын алуға асыққан. Наурызда жастар ақсақалдардан, беделді кісіден «Наурыз - батасын беріңіз» деп бата сұрайды. Наурыз батасы негізінен таң шапағы атқанда, жұрт жиналып ақсақалдан бата сұрағанда берілген.
Ақсақалдарымыздың Наурыз батасы әдетте «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп елге, жерге де беріліп жатады.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Оразақын Асқар Наурыз тақырыбына бір топ цикл өлеңдер арнаған. Сонымен қатар, ақынның ел аузынан жинап құрастырған Наурызға байланысты бата - тілегі де бар.
Соның бірі мынандай:
Наурыз бата
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай!
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай!
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын!
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз!
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз!
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей!
Аллаһу акпар!

Дерреккөзі: inform. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 4
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 41
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 41
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 07.03.2019
    Тоқты жұлдызындағы ер-азаматта ... (1)
    Дауыл-фото
    Тоқты өмірлік ұстанымы – Мен бармын! Бұл белгіде туылғандар өзімшіл емес. Өзінің тілектерін бірінші орынға қойып, жақындарына ешқашан зақым келтірмейді. Əділеттіліктің жақтаушысы, кейде ашуға да жол береді. Бірнəрсені қаласа, қалайда қол жеткізеді. Ең табанды зодиак белгісі. Үнемі оң əсер бере бермейтін батылдық пен қатты мінезге ие. Өзі ашық, сондықтан да қалғандарынан да соны күтеді. Сенгіш. Өзін ренжіткен адамды кешіреді, бірақ ренішін ешқашан ұмытпайды.
  • Дауыл 07.03.2019
    Мерген (1)
    Дауыл-фото
    Мергендер жабайы аң секілді еркіндікті қалайды, әрдайым өзіне түсініксіз, жаңа нәрселерге тәжірибе жасауға жаны құмар. winked
  • Admin 24.02.2019
    (ЭЦП) Электронды цифрлі қолтаң ... (1)
    Admin-фото
    Сұрақтарыңыз болса немесе түсінбей жатқан жерлеріңіз болса осында жазыңыз, қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз! winked
  • Дауыл 21.02.2019
    Сандарды тап, сіз дальтониксіз ... (2)
    Дауыл-фото
    Маған 2 мен 7 суретегі санды табу қиын болды belay
  • Admin 20.02.2019
    Оңайлатылған салық режимі (1)
    Admin-фото
    Сұрақтарыңыз болса осында, жаза отырыңыздар көмек беруге дайынбыз
  • Admin 20.02.2019
    Сандарды тап, сіз дальтониксіз ... (2)
    Admin-фото
    Мен үшін ең қиыны 2 сурет болды, сізге ше? wink
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика