ойын сауық отауы
Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов
19.08.2018 4 950 0 Дауыл

Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов

Мақал-мәтелдер
Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов

Нақыл сөздер
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Адам көркі – ақыл.

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.

Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі - тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.

Адам баласының жасан құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі - өнегесінен.

Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.

Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.

Өнерпаз болсаң, өр бол.

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.

Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.

Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.

Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

Жауға – жалынба, досқа – тарылма.

Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.

Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

Көбікті толқын санама.

Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.

Бас асауға – жез ноқта.

Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.

Сын – шын болсын, шын сын болсын.

Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.

Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!

Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Отбасы туралы қанатты сөздер Отбасы туралы қанатты сөздер
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар
Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
Қанатты сөздер: Қорқыт ата Қанатты сөздер: Қорқыт ата
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×