ойын сауық отауы
Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар
09.09.2018 14 378 0 Дауыл

Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар

Бұл қызықты
Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар
Үй тұрмысы. Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата – бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.

Үйді айналма
Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
Жұрт тынышта – ел аман, срінерсің түбірге.
Халық берер бағасын, сен әзірге баласың.
Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.


• Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.
• Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
• Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
• Үйге жүгіріп кірмейді.
• Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қоқыстан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын - шайтаннан сақтану үшін жасалады, өткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.
• Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
• Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
• Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
• Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
• Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
• Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
• Пәле - жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
• Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».
• Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
• Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
• Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
• Жазда үйге құйын келе жатса үлкен - кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.
• Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
• Біруедің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.

Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Әйелге қатысты тыйымдар Әйелге қатысты тыйымдар
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар
Бос бесікті шайқама Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма? Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама. Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда. Өліп
Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
Қыз - келіншек. Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×