Ойын сауық отауы


Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан туралы

Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан туралы

Нан бар жерде ән бар
***
Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді.
***
Дәнді шашпа, нанды баспа.
***
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.
***
Нан — тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.
***
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
***
Нан — асалы,
Ана — адамның асалы.
***
Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.
***
Ас атасы - нан.
***
Таңғы асты тастама.
***
Дастарқанның басында дұшпан да дос.
***
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
***
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
***
Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
***
Сыйлап берсе суын іш.
***
Тату үйдің тамағы тәтті.
***

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
***
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
***
Сыйласқанның суын іш.
***
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
***
Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
***
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
***
Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
***
Қарны ашқан қазанға қарар.
***
Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.
***
Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.
***
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
***
Шыбын да балға қонады.
***
Қайнаған қара суда қасиет бар.
***
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
***
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
***
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
***
Өле жегенше, бөле же.
***
Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға отын жақтырма.
***
Асы бар аяқтан аттама.
***
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
***
Дүниеде тас қатты,
Тасты еріткен ас тәтті.
***
Күріштің мәнін май келтірер.
***
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
***
Құр аяққа бата жүрмес.
***
Қыздың тамағы қылдай.
***
Жақсы ас қалғанша,
Жаман қарын жарылсын.
***
Ет - етке, сорпа - бетке.
***

Қойдың басы - құданың асы.
***
Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.
***
Аспаздың қарыны асқанына тояды.
***
Қуыс үйден құр шықпа.
***
Кісі кірмеген үй көрмен тең,
Ішілмеген ас умен тең.
***
Жаман ауруға жақсы ас.
***
Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.
***
Дәнді шашпа, нанды баспа.
***
Ет дегенде бет бар ма?
***
Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің.
***
Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.
***
Туған ай – тураған ет.
***
Қой еті – қоян еті.
***
Еттің соры - қуырдақ, ұнның соры – бауырсақ.
***
Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.
***
Таспен ұрғанды аспен ұр.
***
Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.
***
Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді.
***
Байтал мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
***
Қыз жігіттікі,
Қымыз көптікі.
***
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.
***
Ет жақсысы қарта - ды,
Ол нәсіліне тартады.
***
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
***
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
***
Пышағы бар, сүйгенін жер.
Пышағы жоқ, тигенін жер.
***
Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар?
***
Қыдырып жеген жамбастан,
Шақырулы жеген жауыр артық.
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Аз ғана асым,
Даусыз басым.
***
Асты сұрап бергенше, сабап бер.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 50
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 50
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика