Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ғарыш әлеміне саяхат

01 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бала бақша
Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету.
Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: Зымыран суреті, әуе шары, геометриялық пішіндер.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, құрастыру

Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар, мақал - мәтел, жаңылтпаштар жаттату.

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарыңмен бір жүру.
Қандай жақсы дос болу,
Қандай жақсы көп болу.

Тәрбиеші:
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда 4 мезгіл бар
- Жыл мезгілдерін ата
- Көктем, жаз, күз, қыс
- Бір жылда неше ай бар?
- 12 ай бар
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі
- Сәуір айында қандай мереке бар?
- 12 сәуір - Ғарышкерлер мерекесі

Тосын сәт:
Шар ұшып, жерге түседі. Шардағы хатты оқиды. Ғарышкер ағаларың қызықты ойын тапсырмалар дайындап қойыпты.

I Ғаламшардың тапсырмасы:
1) Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
- Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов
2) Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
- Байқоңыр

II Ребустар ғаламшарының тапсырмасы:
Суреттер бойынша ребустар шешу. Ғарышкер сөзіне сөйлем құрастыр.

ІІІ Ғаламшардың тапсырмасы:
Ғарышкерлер туралы тақпақ айту:
1) Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа
Туған ұлы Қазақтың
Тұңғыш ұшты ғарышқа!

2) Тоқтар менен Талғат
Ғарышқа ұшты самғап
Ел мерейін өсірді
Көк пен жерді жалғап.

3) Тоқтар, Талғат және Айдын
Ғарышқа ұшты самғап
Өлең жазды ақындар
Үшеуіне арнап.

4) Сырын ашып ғарыштың
Туған елдің бағына
Құшағына даламның,
Ораламын тағы да.

IV Ойын «Зымыран - Ұшақ»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау, зейіндерін дамыту
Зымыран – қолымызды жоғары көтеру
Ұшақ – қолымызды созамыз

Сергіту сәті:

Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.

V Ғаламшардың тапсырмасы:
Жұмбақтар шешу:
1) Күміс қанат сұңқары
Көкке еркін сүңгиді
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

2) Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады
Қарап тұрсаң ғажайып
Соңында із қалады (Зымыран)

VI Ғаламшардың тапсырмасы:
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:

Ғарышкер ұшты ғарышқа
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы, ғарыш алыс па?

VII Ғаламшардың тапсырмасы:
Дидактикалық ойын: «Зымыран» құрастыру
(геометриялық пішіндерден құрастыру)

VIII Ғаламшардың тапсырмасы:
Геометриялық пішіндер арқылы зымырандар мен өзге ғаламшарлықтарды сәйкестендір

IX Ғаламшардың тапсырмасы:
Зымыран суретін бояу, тақтаға ілу.

Қорытынды:
- Балалар жарайсыңдар. Ғарышкер ағаның барлық тапсырмасын дұрыс орындадыңдар.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу. Мақтау арқылы көңіл - күйлерін көтеру.

ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы,
«Сейфуллин атындағы орта мектеп - бақша» КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Аубакирова Раушан Сыдыковна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 736
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.