Бейсенбі, 13 Наурыз 2025
  • :
  • :
Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

У дыбысы және әрпі

08 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
У дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: У дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:
1. У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі:
- көрсету,
- түсіндіру,
- топтық жұмыс
- Сұрақ – жауап
- Ойын
- Тақтамен жұмыс
- Сигналдық карточка

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
- Түгендеу,
- Партаға дұрыс отыру.
- Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс

III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1) Л дыбысы қандай дыбыс?
- Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
- Л әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
Тал, тар

ІҮ. Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
... – ға
... – на
Па -....
та -...
Ар -...
пар -....

V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру
- У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
- А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
- У дыбысының емлесіне түсінік беру
- У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а - у, та – у
- У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады. Мысалы: н – у, т – у

VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру
1) Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату
2) Берілген а - уа, ау, ну, на - уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.

VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: Көркем және сауатты жазу дағдыларын дамыту
- Ауа, науа, тау, Алатау сөздерін тақтаға жатқа жаздыру
- Сөздердегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру
- Буынға бөлдіру

VIII. Сергіту сәтін өткізу
Жел уледі,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты

IX. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
1) У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
2) У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
3) У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
4) Буындық диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа

X. Кері байланыс
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс – түсіндім
Сары түс – әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Сигналдық карточкамен жұмыс

XI. Топтық жұмыс
Жасыл түс көтерген оқушыларға тапсырма: Құрамындағы У у дыбысы дауысты болатын сөздер тауып жазу
Сары түс көтерген оқушыларға тапсырма: құрамында у дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жазу
Қызыл түс көтерген оқушыларға тапсырма:
- У дыбысы бар сөздер айтқызу
- У дыбысының орнын анықтату
- У дыбысының алдында келген дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін анықтату
- Уу дыбысының ерекшелігін түсіндіру

XII. Жаңа сабақты бекіту
Мақсаты: У у дыбысы туралы алған білімдерін тиянақтау, бекіту
- У дыбысы қандай дыбыс?
- Ерекшелігі неде?
- У дыбысы соңында келетін сөздерді ата
- У дыбысы дауыссыз болатын сөздерді ата
- У дыбысы басында келетін қандай сөздерді білесің?
Мадақтау.

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Мөлдір Талғатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Оқи отырыңыз
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.