Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Теңдеу және оны шешу тәсілдері

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау. Есепті теңдеу құру арқылы шығару, білімдерін бекіту;
2. Оқушылардың шығармашылық ойы мен математикалық тілін дамыту.
3. Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сабақ - саяхат.
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.
Көрнекілік: АКТ, Астананың суреттері, сандар, цифрлар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

2. Психологиялық дайындық:
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге
Бізбен оқы, жалықпа
Білмегенді анықта.

3. Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 2012 жылдан бастап 1 - желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күні деп аталатын болды.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Сендер топтарға бөлініп отырсыңдар, әр топ өз топтарының аттарын атап шығындар.
І топ " Қазақстан", ІІ топ " Тәуелсіздік", ІІІ топ " Бейбітшілік"
Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Біз сендермен бүгін еліміздің бас қаласы Астанаға барып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайына топ саяхат жасаймыз. Саяхат жасай отырып бүгінгі сабақта теңдеулерді шешу тәсілдерін пысықтап, тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз.
4. Астана қаласына автобуспен барамыз. Ол үшін билет алу керек. Ендеше алдымызда тұрған тапсырмаларды орындасақ, бәрімізге билет беріледі. топ басшылары жауаптарын жауап парақтарына белгілейді.
Қызығушылықты ояту: "Кім жылдам?" /әр топқа 6 сұрақ/
І топ " Қазақстан"
1) 1 метрде неше сантиметр бар? /100 см/
2) Әріпті өрнек дегеніміз не? /белгісіз санды табу/
3) 8 квадраты нешеге тең? /64/
4) Сәуле дегеніміз не? /бір нүктеден таралған түзу сызық/
5) Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /енін ұзындығына көбейтеміз/
6) Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/

ІІ топ " Тәуелсіздік"
1) 1 тоннада неше килограмм бар? /1000 кг./
2) 9 квадраты нешеге тең? /81/
3) Тік төртбұрыш дегеніміз не? /қарама - қарсы қабырғалары тең тіктөртбұрыш/
4) Шаршының периметрін қалай табамыз? /төрт қабырғасын қосамыз/
5) Кез - келген санға 0 - ді қоссақ не шығады /санның өзі шығады/
6) 9х8 өрнегі неге тең /72/

ІІІ топ " Бейбітшілік"
1) 1 тәулікте неше сағат бар? /24 сағат/
2) Кесінді дегеніміз не? /басы мен аяғы болатын белгілі өлшем/
3) Ең кіші үш таңбалы сан /100/
4) Санды өрнек дегеніміз не? /белгілі санды табу/
5) 9х7 өрнегі неге тең /63/
6) 1 ғасырда неше жыл бар? /100 жыл/

"Кім жылдам?" ойының жақсы орындадық билеттерімізді алып автобусқа отырамыз.

5. Балалар, ҚР Тұңғыш президент мұражайы туралы не білесіңдер?
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері мен жабдықтары сол күйі өзгертілмей сақталған.
Мұражай экспозициясында мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар жиынтығы, марапаттаулар мен егеменді Қазақстан тарихына жататын және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмір сатылары, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерінен хабар беретін басқа да материалдар сақталуда.

Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнін жазу, көркем жазу.
45. 236.......
987. 456.........
1. 236. 714.......
– Бұл қандай сандар? – класс, разряд бойынша сипаттама беру. Әр топтан бір

6. Балалар, Астана қаласына келдік.
Астана - Қазақстан астанасы. Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған/ ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.

Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнін жазу, көркем жазу.
45. 236.......
987. 456.........
1. 236. 714.......
– Бұл қандай сандар? – класс, разряд бойынша сипаттама беру. Әр топтан бір оқушы шығады.

7. Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі:
ҚАЙСЫСЫ ТЕҢДЕУ?
12+b= 72: 2
12+b - 72
12+b< 72: 2

а) Теңдеу дегеніміз не? Теңдеу дегеніміз құрамына әріп енетін және онымен белгіленетін санды іздеу мақсатында қойылған теңдікті айтады.

ә) Теңдеудің түбірі деген не? Белгісіз санның теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәнін теңдеудің түбірі дейміз.
б) Теңдеу шешу дегеніміз не? Теңдеудің түбірлерін табу деген сөз.
Мысалы: 12+b= 72: 2 теңдеу бала ала ма?
Бұл қандай теңдеу? Күрделі теңдеу. Мұндағы b нені білдіреді? Белгісіз сан, яғни түбірді.
Теңдеудің сол жағында не тұр? 12+b әріпті өрнегі.
Оң жағында ше? 72: 2 санды өрнегі.
Енді мына теңдеуді бірлесе отырып шығарайық. Мұндағы мақсатымыз не? b – нің орнындағы санды табу. Оны қалай табамыз? Күрделі теңдеуді қарапайым теңдеуге айналдырамыз.
12+b= 72: 2
12+b=36
b=36 - 12
b=24
12+24=72: 2
36=36
b – нің орнындағы санды таптық. ( 24 ) 24 саны осы теңдеудің түбірі бола ала ма? Егер b – нің орнына басқа санды қойсақ оның қосындысы 36 – ға тең бола ала ма? демек теңдеудің түбірі бар, ол 24 саны екен.

7. Енді балалар «Атамекен» залымен танысайық.
«Атамекен» залында Тұңғыш Президенттің жас кезең өмірімен таныстыратын экспозициялар ұсынылған. Бұл залда сәндік – көркемдік өнер туындылары, үй тұрмыстық заттары, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар Н. Ә. Назарбаевтың туған жері, жанұясы, балалық шағы, мектеп жылдарынан сыр шертеді. Экспозицияны Іле Алатауы баурайындағы көркем Үшқоңыр шатқалының диорамасы аяқтайды.

Оқулықпен жұмыс " Теңдеуді шеш"

І топ " Қазақстан" --------------- ІІ топ " Тәуелсіздік" --------------- ІІІ топ " Бейбітшілік"
х+20 x 8= 2600 ------------------- 40х6+х=9400 ------------------------- х - 560: 7=20000
2400: (с - 12)=10 ---------------- х:(36+64)=543 ------------------------ (190 - 90) х=38600

8. Келесі зал, балалар Президент биографиясына арналған –
«Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» деп аталады, онда Президенттің Теміртау қаласындағы металлург зауытындағы жұмысы, Днепродзерджинск техникалық училищесіндегі оқуымен байланысты экспонаттар, фотоқұжаттары, күнделігі, құттықтау телеграммалары, КОКП XXVI съезіне Қарағанды облысынан делегация болғандығы туралы куәлігі тұр.

Келесі тапсырма: Өрнек түрінде жаз және оқы.
І топ " Қазақстан"
90 мен с - нің қосындысын 60-қа көбейту

ІІ топ " Тәуелсіздік"
70-тің 5-ке бөліндісіне 42-нің х-ке бөліндісін қосу

ІІІ топ " Бейбітшілік"
984 пен 324 - тің қосындысын а мен 412 - нің қосындысына бөлу
9. Көркем залдардың бірі – Күміс залында шетел елдерінің жоғары марапаттауларының бірегей көрмесі «Президентке марапат – халыққа құрмет» көрсетілген. Экспозиция Н. Ә. Назарбаевқа 1972 жылы берілген «Құрмет белгісімен» басталады. Залда әртүрлі мемлекеттерден алынған жоғары марапаттаулардың сирек кездесетін үлгілерін көруге болады: Әулие апостол Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы), Үлкен Құрмет Жұлдызы (Австрия), Әулие Михаилдің Үлкен Крест ордені мен Бірінші дәрежелі Әулие Георгийдің ордені (Ұлыбритания), Ұлы Бадр алқасы (Сауд Арабия Әмірлігі), т. б.
Осы залдың тапсырмасы " Есепті шығар" деп аталады.

І топ " Қазақстан"
Басқұрдың ұзындығы 3 метр, бұл қыл арқаннан 5 есе қысқа. Қыл арқанның ұзындығы қандай?

ІІ топ " Тәуелсіздік"
Бүркіт 30 м/с жылдамдықпен ұшады, бұл лашынның жылдамдығынан 10 м/с артық. Лашынның жылдамдығы қандай?

ІІІ топ " Бейбітшілік"
Пияздың бағасы 96 теңге, бұл сәбіздің бағасынан 3 теңге арзан. Сәбіздің бағасы неше теңге?

10. Салтанатты күмбез залында сыйлықтар – Мемлекет басшысына іскери кездесулер мен келісімдер, ресми сапарларында берілген өнер, мүсін, сәндік – қолданбалы өнер туындылары орналастырылған. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілген залда Елбасымызға сый ретінде ұсынылған қару – жарақтың әр түрімен ерекшеленеді. Олардың ішінде саптық, аңшылыққа арналған, қорғау және оқ ататын қарулардың бірегей үлгілері бар.

Сергіту сәті
Есептедік шаршадық
Орнымыздан тұрайық
Қимылдатып аяқты
Шапалақты ұрайық
Отырайық, тұрайық
Соқтығысып қалмайық

12. Келушілердің назарын өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған Мемлекет басшысының кабинеті ерекше алады. Үстел үстіндегі жазба құралдары, жазба және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күнінің атмосферасын тудырады.

Келесі тапсырма " Фигуралардың ауданың тап"
Осымен балалар, біз Астана қаласында орналасқан ҚР Тұңғыш президент мұражайына саяхат жасап таныстық, мәлімет алдық.
– Астананың қандай тағы көрікті жерлерін білесіңдер?
Ақ - Орда, Бәйтерек (монументі), Бейбітшілік пен келісім сарайы, Абу - Даби Плаза, Халықаралық Астана Әуежайы, Қазақстан Орталық концерт залы, Астана Арена, Назарбаев Университетi, Алау (мұзайдыны сарайы), Қазмедиа орталығы, Тәуелсіздік Сарайы, Хан Шатыр, Әзірет Сұлтан мешіті, Нұржол желек жолы, Асыл тас (әкімшілік кешен), Қазақ елі (монумент)

13. Логикалық тапсырмалар: Топтық жұмыс.
1 топ: Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болды? (екеу)
2 топ: Таяқшаның ұзындығы 4 см, ал қарындаштың ұзындығы 20 см. Қарындашпен 6 рет өлшеген үстелді таяқшамен неше рет өлшеу керек? (30 рет)
3 топ: Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3 - і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті? ( 7 құс)
4 топ: Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл - 6 болса, көжектер нешеу? ( 4 көжек)

Қорытынды: Сұхбат алу - Бүгін сабақта не үйрендік? – Не ұнады?
Үйге тапсырма: 109 бет №9
Бағалау.
Сабақ мына жолдармен аяқталады:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
№18 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Кенжебаева Аида Бакытжановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 418
2
31 дауыс
Оқи отырыңыз
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Толық квадрат теңдеуді шешу үшін дискриминант ұғымы енгізілген және оны табу үшін теңдеу коэффиценттерін дұрыс ажырата білу өте маңызды себебі, теңдеудің түбірлерінің бар жоғы және саны осы мәнге тура тәуелді.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Асылтас
Асылтас Қонақ 10 мам 2016 23:33
0
Сабақ жоспары өте жақсы жазылған.
Ырсалды
Ырсалды Қонақ 14 мам 2016 00:07
0
Сәттілік тілеймін!