Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

С. Мұқанов. Жылқы

16 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
С. Мұқанов. Жылқы
Мақсаты:
Білімділігі: Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейту. Сәбит Мұқановтың өмірі және шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау және сөйлеу
дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны, жылқы малын сүюге тәрбиелеу. Қиыншылығы мол жылқышы мамандығына баулу, кәсіптік бағдар беру.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, ән - күй.
Көрнекілігі: С. Мұқановтың суреті, мәтінге байланысты сызбалар, суреттер,
интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
1. Үй тапсырмасын сұрау.
2. Өткенді пысықтау.
Оқушыларды топқа бөлу.
І топ: Оқу орталығы. Ұраны: Оқу - білім бұлағы
Білім - өмір шырағы.
ІІ топ: Жазу орталығы. Ұраны: Көре - көре көсем боларсың,
Сөйлей - сөйлей шешен боларсың.
ІІІ топ: Өнер орталығы. Ұраны: Өнерлінің қолы алтын.
Өлеңшінің сөзі алтын.
1. «Ой шақыру»
Көктем мезгілінің көрінісі.
- Бейне көріністе жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Биыл қандай жыл?

2. «Топтастыру әдісі».
Жылқы

Жеті қазына
еті
көлік.
қымызы
сүті
терісі

- Енді, жылқыға байланысты қандай қазақтың ұлттық ойын түрлерін білеміз?
- Суреттерін көрсету.
-«Көкпар», « Аударыспақ», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Бәйге»

ІІ Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Жылқы
Әңгіменің авторы Сәбит Мұқанов.
С. Мұқанов - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, ерекше тұлғалардың бірі және талантты жазушы, ақын, драматург әрі қоғам қайраткері.

Сәбит Мұқанов (1900 - 1973)
Академик, жазушы, қоғам қайраткері.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы.
«Батылдық» (Балуан Шолақ)
«Шыбынсыз жаз» (Жазғы жайлау)
«Көкше көрінісі» (Көкше табиғаты)
«Жылқы» (Қадір қасиеті»

Қазақ халқы төрт түлік малды ерекше қадірлеп құрметтеген. Естеріңде ме, төрт түлік жырларында «Қамбар ата», «Шопан ата», «Ойсылқара», «Зеңгі баба», «Сексек ата» деген пірлері болатын еді. Себебі, ертедегі адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әр қайсысына «Малымызға ауру індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет» деп өлең сөзбен тілек айтқан.
Қамбар атаға:
Шаруаның бір пірі – Қамбар ата,
Тілегіңді өзің бер ақтан бата.
Үйір - үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан - қырдан арқансыз әкеп мата.

Халқымыз жылқы малын өте жоғары бағалаған. Оның қымызы өте құнды және шипалы сусын. Қылы арқан, жіп ескенде өте мықты болған.
Шексіз - шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды. «Жылқы - ердің қанаты» деген сөз адам өміріндегі жылқы малының орнын дұрыс көрсетеді.
Жылқыны қазақ жеті қазынаның біріне балаған.

Еліміздің елтаңбасына мән беріп қарайықшы. Күн жылулық белгісі, ал екі арғымақ жүйрік аттардың салынуы неліктен? Қазақ елі болашаққа осы жүйрік арғымақтардай алысқа оза шауып алдыңғы қатарлы елу елдің бірі болады деген мағына береді.
Мәтінді әңгімелеп беру
Аналық мейірімі.
Өзі оттамайды.
Шөп ашып береді.
Қаужылап алғаннан кейін, өзі оттайды.

Көлемі.
Арбаның доңғалағындай.
Айнала қазықтар қағылған.
Сыртынан киіз қоршалайды.
Тоқымдай түндігі бар.
Еті.
Мың да бір ем.
Сорпасы, майы қатпайды.
Қымызы ауруға ем.
Терісінің иісіне жылан жақындамайды.

Мақан жылқышының сөзі. Жылқы жануар лай суды іше ме, сасыған суға жолай ма?!
Судың тұнығын жүзіп жүріп ішпей ме?!
Шөптің асылын теріп жемей ме ол?
Асылмен тамақтандырған соң оған қуат бітпей қойсын ба?

Сөздік жұмыс.
▪ Қос

Егін салуға, шөп шабуға, жылқы бағуға, баспана.

▪ Баспана

Көшіп қонуға ыңғайлы
Тігуі, жығуы оңай

Жылқының ерекшелігі

Жеті қазына
Өті жоқ
Асығы жоқ
Тақ тұяқты
Күйсемейді.

Оқу орталығы: Мәтінді тізбектеп, мәнерлеп оқу.
Сұрақтарға, ауызша жауап алынады.
а) Әңгімеде табиғат көрінісі қалай суреттелген?
ә) Жылқының аналық мейірімі жайлы не айтылған?
б) Мақан жылқышы жылқы малы туралы не айтты?
Жазу орталығы:
Сұрақтарға жауап жазу тапсырылады.
а) С. Мұқанов қай жылы туылған және қандай шығармалары бар?
ә) Қос дегеніміз не?
б) Жылқыны бағатын кісіні кім дейміз?
Өнер орталығы:
Жылқы туралы өлең айту немесе сурет салу тапсырылады.

Сергіту сәті:
«Боз жорға» биі.

«Бәйге» ойыны.
1. Жүйрік аттарды қалай атайды?
Пырақ, сәйгүлік, саңлақ.
2. Атпен ойнатылатын ойындар.
«Көкпар», «Бәйге», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Аударыспақ».
3. Мақалды толықтыр.
Ат басына күн туса.
Ауыздықпен су ішер.
Ат арыса - тулақ.
Адам арыса аруақ.

4. Алпамыс батырдың тұлпарының аты? Байшұбар.
5. Қобланды батырдың тұлпарының аты? Тайбурыл.
6. Қамбар батырдың тұлпарының аты? Қарақасқа.
7. Жылқы малының ерекшелігі? Өті жоқ, күйсемейді, асығы жоқ, тақ тұяқты, жеті қазына.
8. Жануарларға байланысты тыйым сөздер.
9. Ат әбзелдерін ата? Ер, тоқым, үзеңгі, ауыздық, ноқта, қамшы, тартпа, терілік.

Дәптермен жұмыс.
1 жаста - құлын
2 жаста - тай.
3 жаста — жабағы
4 жаста — құнан немесе дөнен
5 жаста - бестік.

Сабақты бекіту.
1. Қос дегеніміз не екен?
2. Жылқыдан қандай өнімдер алынады?
3. Терісінің қандай пайдасы бар?

Үйге тапсырма:
1. Мәтінді оқып, түсінік айту.
2. Жылқы туралы мәлімет жинау.

Топтың ұпайларын санау.
І топ: Оқу орталығы.
ІІ топ: Жазу орталығы.
ІІІ топ: Өнер орталығы.
Оқушыларды бағалау.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
Ж. Баласағұн атындағы №74 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанасбаева З.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 066
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
1. Кішкене ғана бойы бар Айналдыра киген тоны бар (қозы) 2. Сиыр малының төлі. ( бұзау)
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті «№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Cейтханова Индира Сейтханқызы
Еліміздің мал шаруашылығы
Еліміздің мал шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін кеңейту. Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім бағымын түсіндіру.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.