Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қайталау. Арифметикалық амалдар

21 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Арифметикалық амалдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту. Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Қайталау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, іздендіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, слайд, билеттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
М: балалар, қазір қандай сабақ?
О: Математика
М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О: Шығайық
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
О: Дайынбыз.
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
О: Поезбен
М: Тәуелсіздігімізге 24 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын.
- Бірақ поезге міну үшін біздерге не қажет?
О: Билет қажет
М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар. Қандай нөмерлі билет алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып отырыңдар
Құрметті жолаушылар сіздерге:
«Сәт сапар!» тілейміз
Жолаушы, азаматтар №40 орта мектептің бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр., сақ болыңыздар!
Поезд «Іргетас» бекетіне келді. «Іргетас» бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл - күйлеріңізді көтеріңіздер.
Кел, балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Поезд жүріп «Қабырға» бекетіне келді.?
М: Балалар, бүгін қайталау сабағында үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың арифметикалық амалдарын орындаймыз.
Бірінші тапсырма «Салыстыру»
№1 тапсырма үш вагонға бөліп беріледі. «Қабырға» бекетінің тапсырмаларын орындарында орындайды
І вагон
(375+425)-(452 - 152)*800+219
3м 7дм 5см+4м2дм 5см*6м0дм0см - 2м8дм3см

ІІ вагон
(600 - 364)+(700 - 289)*294 - 158
9м0дм0см - 5м4дм7см*2м5дм4см - 1м4дм6см

ІІІ вагон
(1000 - 250)+(150+100)*750+250
6м2дм8см+3м7дм2см* 10м0дм0см - 2м2дм2см
Әр топтан бір оқушы оқып, дұрыс жауабын слайдтан тексеру.
М: Енді келесі бекетке жылжып көрелік.

3. Поезд қозғалып келесі «Терезе» бекетіне келеді.
№2 Өрнек құр және оның мәнін тап. Тақтамен жұмыс
І вагон
а)(381+619)-(456+344)
ІІ вагон
ә)(1000 - 296)+(1000 - 749)
ІІІ вагон
б) (1000 - 296)+(1000 - 839)
М: Терезе бекетінде не істедік?
О: өрнек құрастырып және мәнін таптық

4. Поезд жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезы»
«Есік» бекетіне келіп тоқтады
№3 Теңдеулерді шеш
І вагон
350: х=7
Х=350: 7
х=50
350: 50=7

х+397=1000 - 603
х+397=397
х=397 - 397
х=0
0+397=1000 - 603

ІІ вагон
8*х= 320
Х=320: 8
Х=40
8*40=320

х+605 = 1000 - 385
х+605=615
х=615 - 605
х=10
10+605=1000 - 385

ІІІ вагон
Х: 6=60
Х= 60: 6
Х =10
10: 6 =60
60= 60

218+х 100+248
218+х = 348
х=348 - 218
х=130
218+130 = 100+248
3 48 =348

«Есік» бекеті алғыс айтуда.
5. «Тәуелсіздік поезы» математика әлеміне саяхатты жалғастыруда.
Поезд қозғалады келесі «Шатыр» бекетіне келеді.
№4 тапсырма ауызша
1 – вагонға --------- 2 - вагонға -------- 3 - вагонға.
Төртбұрыш ------ шаршы -- үшбұрыш
Р -? ------------ S -?

Сергіту сәті: «Пішіндер» әні
6. Поезд 1 - ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар! «Тәуелсіздік поезды» «Құбыр» бекетіне келді. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару.
Бір оқушы тақтаға а - нұсқасын орындайды. Орнында отырғандар ә - нұсқасын орындайды
а) Барлығы - 68кг сыр
Еденге - 35кг
Терезе - 17кг
Үстел -? кг
Ш: 68 - 35 - 17= 6кг

ә) Жөндеу аяқталған - 34 м.
Жөндеу жалғасуда - 66м.
Барлығы -? мектеп
Ш: 34+66 =100
Ж: 100мектеп болған
7. Поезд қозғалып «Ағаш» бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте қалып қойған сандарды орнына қою керек
Жаңа сабақты бекіту.
І вагон ---------------------- ІІ вагон ---------------- ІІІ вагон
43: 9=4( 7қ)
жауаптарын слайд арқылы тексереді.

8. Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз «Күн» бекетіне келіп тоқтады. Өрнек құр және оның мәнін тап.
а) 31 - 7 =24(күн)
Поезд №40 орта мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поезымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық.
1 - бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік.
2 - бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық
3 - бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік.
4 - бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық
5 - бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық
6 - бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық
7 - бекеттен Жайқалған жасыл елді көріп, ағаш ектік.
8 - бекетте Білімді балаларды көрдік.
9 - бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік
10 - бекетте Жарқыраған күнді көрдік.
Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй
құрастырдық. Мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып, оқушыларды бағалайық.

ҮІ. Үйге тапсырма: 119бет №7 Амалдарды орындалу ретін сақтай отырып, орындау.

Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Шу қаласы, №40 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Мақсұт Гүлнара Мақсұтқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 311
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.