Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сөзжасам. Түбір мен қосымша

14 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Сөзжасам. Түбір мен қосымша
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақ мақсаты: Түбір мен қосымшаны бір - бірінен ажырата білуге дағдыландыру; түбір мен қосымша туралы ұғымдарын кеңейту; грамматикалық талдау арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту; қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату.

Сабақтың барысы
Сабақтың басы
- Қайырлы күн, қымбатты оқушылар! 1 слайд
Тренинг «Комплимент» 2 слайд
- Жанара, «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі» демекші осындай көріктісің.
- Марлен, қыз елдің көркі болса, сен елдің батырысың!

Мұғалім: Сендердің бір - біріне гүл сыйлағандарыңды бақылаған қандай тамаша! Біз айтқан сөздеріңді ғана емес, жүрек жылуларын сыйлағандарыңды да сездік. Өздерінің туыстарың мен жақындарыңды, достарыңды жақсы көріңдер. Сендер тек қана гүл емес, жүректеріңнің жылуын да сыйлап біліңдер!
- Балалар, бүгінгі сабақта әр тапсырманы түймедақ күлтешелері арқылы бағалайсыңдар. Тапсырма сайын критериялар ұсынылып отырады. 3 слайд
- Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. 4 слайд
- - Экранға назар аударыңдар. Берілген сөздер жайында не айтуға болады? (оқушылардың жауабы) 5 слайд
- - Осы сөздерді бір - бірімен не арқылы байланыстыруға болады?
- Осы сөзді бір - бірімен байланыстырып көріңдер (Флипчартқа керекті қосымшаларды қояды). Критерий бойынша бағалаңдар. Қандай баға қойылса, сол бағаға сәйкес күлтешелерді үлестіріңдер.
-
- Жеке жұмыс (бағаланады)
- 1 - т 5 слайд
Гүл... бол... жер мұң...,
Күлкі... бол... ел мұң....

Әр ата... өз ұл... бар,
Әр бұта... өз гүл... бар.
- Осы сөздерді байланыстыру үшін сендер нені қолдандыңдар? (жалғау мен жұрнақ.) 6 слайд
- Осы екі сөзді бір сөзбен қалай айтуға болады? (қосымша).
- Қосымша сөздің қай бөлігіне жалғанады (түбірге)
- Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Ия, сабақтың тақырыбы «Түбір мен қосымша». Дәптерлеріңе тақырыпты жазып алыңдар. 7 слайд
Жеке жұмыс
- Балалар, интернеттен желісінен түбір, жұрнақ, жалғау сөздерінің мағынасын біліп алайық. 8 слайд
Оқушылар ұялы телефондарынан тауып оқиды.
- Оқыған мәліметтерден сендер үшін не жаңа болды?
- Мен үшін түбірдің екі түрі бар екені. Негізі және туынды. Бірақ оларды қалай ажыратуға болатынын мен білмеймін.
- Мен үшін жаңа жұрнақтың екі түрі бар екен сөз тудырушы және сөз түрлендіруші. Мен ол жайында еш нәрсе әлі білмеймін.
- Мен үшін жалғау сөздерді бір - бірімен байланыстыратына күмән туып тұр.
Мұғалім: - Осы ойларыңды жалғастыра отырып сабақтың мақсатын шығарайық. Бүгін сабақта нені үйрену керекпіз деп ойлайсыңдар?
- Менің ойымша, бүгінгі біздің мақсатымыз түбір мен жұрнақ түрлерін қалай ажыратуға болатынын үйрену, және қосымша арқылы сөздер бір - бірімен байланысатынын анықтау.

Сабақтың ортасы 9 слайд
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мен бүгін
сабағымды гүлмен байланыстырғым келіп отыр. Менің ойыма бір нәрсе келді. Өсімдік пен сөздердің арасында байланыс бар сияқты. Сөздердің ағаштар сияқты өмірге қажетті бөлшектері бар. Мысалы, ағаштың түбірі – сөздің түбірі, сабағы – жұрнағы, бұтақтарын – жалғауға теңеуге болады. Ал жапырағы мен жемістері – сөздер.( Кактус гүлін көрсетіп) Бірақ жапырақсыз гүлдер сияқты, сөздерде жалғаусыз болады. Кез келген сөздің түбірі болады. Ол сөздің жүрегі. Ең маңызды бөлігі. Егер сөздің түбірі болмаса, біз айтқан сөздің мағынасын түсіне алмас едік.
- Біз тәжірибе жасап көрейік. Тақтаға назар аударыңдар.
Шығармашылық тапсырма
Жұптық жұмыс (бағаланады) 10 слайд
Гүлдер тақырыбына байланысты, берілген қосымшаларға қажетті түбір жалғаңдар.
... дер... ді..... лыққа,... тыққа,... қа.... ейді.
11 слайд Гүлдер әлемді сұлулыққа, шаттыққа, қуанышқа бөлейді.
Уақыт 2 мин). Бағалау критериясы (бір - бірін бағалайды)
«5»- барлық қосымшаға сөз ойлап таба алды
«4»- 1 - 2 қосымшаға сөз ойлап таба алмады
«3»- 3 - 4 қосымшаға сөз таба алмады.

- 12 слайд Балалар, оқулықтағы ережені топпен оқып, бір - бірлеріңе түсінгендеріңді айтыңдар. Енді тақтадағы сызбаны толтырайық. Тақтаға балалар шығып, жазып дәлелдеп айтады)
- Оқулық бойынша жаттығу
35 - жаттығуды орындайық. 13 слайд
(Кезектесіп оқиды)
Т - 3
Мәтінге тақырып қойып, осы тақырыпты таңдау себептеріңді дәлелдеңдер.
Т - 4
Экранда берілген сөйлемдерден асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар. 14 слайд
- Мысалы, «есептелетін» түбірі есеп,
- - Бұл қандай сөз табы? (зат есім)
- - те - жұрнақ
- Түбірге жұрнақты қосқанда қандай жаңа сөз туды? Есепте - не істе?(етістік)
- - Бұл жұрнақ қандай жұрнақтың түріне жатады деп ойлайсың?
Т - 5
жеке жұмыс (бағаланады) 15 слайд
«5»- еш бір қатесіз
«4»- 1 - 2 қате
«3»- 3 - 4 қате
16 слайд Ойын «Сөз ойла, тез ойла» берілген
сөздерден жаңа сөздер ойлап табыңдар.
«5»- бір сөзге 3 - 4 жаңа сөз
«4»- бір сөзге 2 жаңа сөз
«3»- бір сөзге бір жаңа сөз

Соңы
Венн диаграммасы 17 слайд
Жұрнақ Ортақ Жалғау.
Сөздің мағынасын өзгертеді, жаңа сөз жасайды Екі түрі бар: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші;
екеуі де қосымша, екеуі де жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмейді.
Жалғаудың төрт түрі бар: Көптік, септік Тәуелдік, жіктік. Олар сөз бен сөзді байланыстырады.
ҮІ. Рефлексия. 18 слайд Оқушылар алдарындағы қызыл, сары, ақ түсті қызғалдақтарды сабақты түсінгендері бойынша көтереді.
Қызыл түсті қызғалдақ – түсінбедім
Қызғылт сары түсті қызғалдақ – орташа түсіндім
Ақ түсті – түсіндім
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру - бәріміздің парызымыз.
Үй жұмысы: 48 - бет, 38 - жаттығу 19 слайд
ҮІІ. Бағалау. Түймедақ күлтешелерін санап, бағалаймыз. 20 слайд

СҚО, Тайынша ауданы, Зеленый Гай селосы
"Зеленогай орта мектебі"КММ
Ергалиева Асель Слямшовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 232
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Әйнегі - күн, шатыры - аспан Кең дала, төсегі толқыған есік. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан - Республикам менің.
Cабақ және оның қызметі
Cабақ және оның қызметі
Тірі организм өседі, дамиды, өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі, өскен сайын өзгеріп отырады. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдікте күн сәулесін пайдаланып қоректік зат алады.
Жалғау
Жалғау
Қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату. Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.