Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қазақстан тарихы
Мақсаты: Көтерілістің нәтижесі, жеңілу себебі мен оның тарихи маңызы жөнінде білім беру. Тапсырмалар орындау барысында Кенесарының елінің азаттығы жолындағы еңбегі мен ерлігін ашу.
Міндеттілігі:
- Көтерілістің болу себебі, барысы, жеңілу себебі, тарихи маңызы, зерттелуі туралы мағлұмат бере отырып, еліміздің азаттық жолындағы Кенесарының ерен еңбегі мен қажымас ерлігі, хандық билігі мен саясаткерлігін ашып көрсету:
- Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту. Өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
- XVIII — XIX ғғ. ұлт — азаттық қозғалыстарды оқыта отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып, осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті» баянды ету керек екенін ұғынады.
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын әдістер - тәсілдер: миға шабуыл, түртіп алу стратегиясы, топтық тапсырмалар: сәйкестендіру, топтастыру стратегиясы, картамен жұмыс, стоп - кадр «Тұлғаны таны», Кубизм әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Кенесары суреті, «1836 - 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс» картасы, презентация
Керекті құрал - жабдықтар: оқулық, топтық тапсырмалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп отырғызу
- Бағалау критерийлерімен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ұлт, азаттық, қозғалыс сөздерінің мағынасын ашып көрсету
2. – Ал енді, балалар, Кенесарының патша үкіметіне қарсы іс - әрекетімен таныс болдық. Енді не туралы білгілерің келеді? Көтерілістің шығу себептері мен мақсаты, оның жүргізілу барысынан кейін нені білуіміз қажет? (көтерілістің немен аяқталғандығы; тарихи маңызы туралы)
- Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы деп аталады.
- Кітаптан § 20 - 21, 136 бетті ашамыз. Бұл тақырып сендерге үйден оқып келуге алдын ала берілген болатын. Олай болса, тақырыпты ашсақ.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1. Постер құру
1 - топ: Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары
2 - топ: Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
3 - топ: Көтерілістің тарихи маңызы
Әр топ өздеріне берілген тақырыпты постер бетіне түсіріп, тақтада қорғайды.
(Оқушылар тапсырмаларын орындап қорғайды, тыңдап отырған топтар «түртіп алу» стратегиясының негізінде негізгі мәліметтері жазып алып отырады


ІҮ. Топтық тапсырмалар орындау
1 - топ: Топтастыру стратегиясы - Кенесары Қасымұлы
2 - топ: Сәйкестендіру орындау
3 - топ: Картамен жұмыс
Кенесарының соңғы шайқас болған жерін картадан тауап көрсету, түсіндіру.

Ү. «Тарихи домино» ойыны. 3 топқа қима қағаздар үлестіріледі. Берілген сөздерден сөйлем құрастыру керек
Алғырлар: 1844 ж шілдеде Кенесары хан Тобыл өзенінің жағасында Жантөренің әскеріне соққы берді.
Тапқырлар: Кенесары хан солтүстік қырғыз манаптарына өзіне бағынуын талап етті
Ойшылдар: Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.

ҮІ. Ой толғаныс
1 - топ: «Тұлғаны таны»
Жасырынған суреттерден тұлғаларды танып анықтап, олардың бір - бірінің жақындығын
анықтайды.
2 - топ: Дивергентті тапсырма:
а) Кенесары Қасымұлы жайында ғалымдар әртүрлі айтып келеді. Біреулер оны «ханның тұқымы», «өзімшіл», «баққұмар» десе, екіншілері «мемлекет қайраткері», «қолбасшы», «дипломат» дейді. Сіздің пікіріңіз. өз ойыңызды дәлелдеңіз.
ә) Егер Кенесары жеңілмесе, өлмесе өз іс - әрекетін қалай жалғастырушы еді?
3 - топ: Журналистік зерттеу «Егер сен қазіргі заман Кенесары ханды кездестірген жағдайда қандай сұрақ қояр едің, қандай өтініш айтар едің, қандай кеңес сұрар едің?»

ҮІІ. Бекіту Кубизм әдісі
Топтарға кубик тастау арқылы сұрақтар беру
1. Кенесары Қасымұлының жеке басына сипаттама беріңдер. (ашаң жүзді, орта бойлы, жауырыны қақпақтай, реңді адам болған)
2. Көтерілісшілер Қазақстанда хан билігін қалпына келтіре алды ма?(келтіре алды. Үш жүздің басын қосқан жиында үш жүздің ханы сайланды)
3. Көтерілістің қозғаушы күштері кімдер болды? (қарапайым көшпелілер, старшындар, билер, сұлтандар мен батырлар)
4. Кенесары Қасымұлының іс - әрекетіне баға беріңдер. (қол бастады,
отаршылдыққа қарсы күресті)
5. Көтерілістің мақсаты не болды? (жерлерді қайтару, округтерді тарату, алым - салықты жою)
6. Көтерілістің өзіндік сипаты неде болды? (көтеріліске үш жүздің қазақтары, басқа ұлт өкілдерінің қатысуы және бүкіл Қазақстан жерін қамтыды)

ҮІІІ. Қорытынды Кім ойлы?
Бір күні Кенесары хан өзінің сенімді уәзірлерінің бірін шақырып алып көрген түсін жорып беруді сұрайды. Түсінде патша әскерінен жеңіліс тауып қоршауда қалған екен. Қасындағы сарбаздарының бәрі патша әскерінен жеңіліс тауып қоршауда қалған екен. Қасындағы сарбаздарының бәрі патша әскерінің қолынан қаза тауыпты. Одақтасқан қырғыз манаптары оны сатып кетіпті. Кенесарының басын алып генерал губернатордың алдына апарыпты. Жан - жағым шым - шытырық барлығы мені қолға түсіргендеріне мәз. Содан шошып оянсам түсім екен деп сөзін аяқтап, уәзірінен жауабын күткендей сыңай танытты. Сонда уәзір қалайша жорыды деп ойлайсыңдар?

Ү. Бағалау
2. бағалау критерийлері арқылы топтардың бағалауы
ҮІ. Үйге тапсырма
Кенесарының қайтыс болған жері туралы видеосюжет көрсетіп, ойларын тиянақтап, үйге тапсырма беру.
«Бабалардың биік арманы» тақырыбында ойтолғау жазу.
§20 - 21 қайталау.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Рабаев Нұрсұлтан Қожамжарұлы

Толық нұсқасын жүктеу
3 165
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы
Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы тарихи маңызы
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын АКТ арқылы түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Амангелді Иманов - халық батыры
Амангелді Иманов - халық батыры
1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Алтын Орда туралы білімдерін толықтыра отырып, Батыйдың орыс жеріне жорығына толығырақ тоқталу, Орыс жерінің не себептермен монғол - татар әскерлерінен жеңілгендіктерін ашып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.