ойын сауық отауы
Күй аңызы: Абыл
10.10.2021 643 0 Admin

Күй аңызы: Абыл

---
Күй аңызы: Абыл
... Ол төсекте отыр. Жаралы. Қауқылдасқан ағайын - туғандар жұбатып бағады. Жазыласың дейді. Жазыла ма? Жо - жоқ! Дәл қазір өлмегенмен ертең осы төсектен тұрмайтынын іші сезеді. Мұның өлгісі бар ма? Өлмесіне қоймайды ғой. Зорлап өлтіреді.
Атағы бүкіл Атырау алабына белгілі күйші болыпты. Одан не тапты? Қандай пайда болды? Түк те. Ойлап тұрса көрмеген азабы аз екен. Соның бәрі осы бір қара домбыраның кесірі. Жұрт құсап тымағын киіп, түйесін бағып жүре берсе, мұнда кімнің не шаруасы бар? Әй, қара домбыра - ай, қайтейін. Сен домбыра болмай, мылтық болсаң, мұндай қуғын көрмес еді ол. Абылды жұрт әуел бастан - ақ бөлек санаған - тұғын. Күйін тыңдаған жұрттың көбі мақтайтын. Сол мақтау біреулерге шаншу болды. Шаншу асқына - асқына ауруға айналды. Ақыры мынау. Жұрт мұны неге өзгеден бөлек санайды екен? Мұның басқаға ұқсамайтын не кереметі болмады? Есіне алса, ештеңесі болмаған сықылды. Бұл да басқалар құсап дүниеге келді, енді міне, басқалар құсап сол дүниеден өткелі отыр. Қайта жұрт ат мінді, ас ішті. Мұнда ол да болған жоқ. Сонда күндегені күй ме? Мә, сендер - ақ ала қойыңдар сол күйді! Күй күрсініп жіберді. Домбыра зарланады, жылайды. Бірақ күйшінің көзінде жас жоқ. Күйші, сөз жоқ, жылап отыр. Көзінің жасы қайда? Көзінің жасы жүрегіне құйылып жатса керек. Күй күрсініп жіберді. Үлкен бір өкініш, қайғы - күйік бар. Ез қайғы емес, ер қайғы. Күй: «Жеңдім, бітірдім» деп төс ұрып отырған жоқ, «жеңе алмадың, бітіре алмадың» деп ерегіседі. Әлдекімді қайрайды. Әлдекімді өзіне - өзі қарсы салады. Қарыс қайратқа ешкімнің батылы барар емес. Күй әкетіп барады, әкетіп барады. Қаумалаған адамдар үнсіз. Күйдің бітетін түрі көрінбейді. Өзі төрт бөлек, төрт кезең екен. Адам өмірінің төрт белесі іспеттес. Балалық — жастық, егделік — кәрілік. Екі ішек кезек - кезек бебеулейді. Астыңғы ішек (қатты ішек) күш - қуат, ашу - ыза білдіреді. Үстіңгі ішек (бос ішек) бұған қарсы мұң, езілу, түңілу сөзін айтады. Екеуі бір домбырада тұрғанмен екі түрлі сыр түйеді. Екеуі бір күйшінің саусағы астында жатқанмен екі түрлі емеурін танытады. Екеуі көп жерде келіскенмен, көп жерде шалыс келеді. Біреуі, үзілдім - ау, тындым - ау деп ышқынса, екіншісі, ерегіскенде тынбаймын, үзілмеймін деп күдірейеді. Екеуі де нанымды сөйлейді. Қалтқысы жоқ, шын сөз. Бірақ күйшінің айтылмыш халін аңдасаңыз үстіңгі ішектің «айтқанына» көбірек сенесіз. Күй төменгі (сағадағы) пернеге шапшып бір шықты да, сылқ түсті. Қаумалағандар сәл аңырып қалды, артынша біреулер: «Күй шертті, бұл жазылады, тірі қалады»,— десті. Енді біреулер үнсіз бас шайқасып, кемсең - кемсең етісті. Өмір бойы жауырыны жерге тимеген бір балуан жан тәсілім қыларда төсегінен атып тұрып, жанында жатқан қайыс белбеуді қос қолына орап - орап алып, «әуп» деп бір тартып, етбетінен түсіп өлген екен. Күйші Абыл да соның керін құшты.
Атақты «Абыл» күйі осылай туды деседі ел іші.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұрпаққа жеткен аталы сөз Ұрпаққа жеткен аталы сөз
Ертеде бір үлкен жиында біреу Өзі жалғыз, кедей, баласыз, жарлы биді менсінбей, мұқатамын деп былай депті: "Жалғыз құсап жалтақтамай, Жарлы құсап
Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Өлең - өнер пернесі Өлең - өнер пернесі
Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар! Семсер ажал масканы емес, Басты алар! Ертең мынау көк теректер түбінде Біз болмаймыз, Табысады басқалар.
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Өнер дерті Өнер дерті
"Не жетпейді саған?" - деп, "Неге көңілің алаң?" - деп, таңданады басқалар. "Атағың бар, ақша бар,
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×