ойын сауық отауы
Әулиенің басына кісі жерлеу
20.02.2021 772 0 Admin

Әулиенің басына кісі жерлеу

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Әулиенің басына кісі жерлеу
Түркі даласында Қожа Ахмет Яссауиден басталған «әулиеден шарапат тілеу культі» көшпелі қазақтардың кісі жерлеу ғұрпына да өзгеріс әкелді. Тарих толқынында елге еңбегі сіңген, танымал тұлғаларды Әзірет Сұлтанның басына әкеліп жерлеу дәстүрі пайда болды. Қазіргі таңда соңғы табылған ресми деректерге сәйкес мұнда 170 - ке жуық тұлғалар жерленген. Оның ішінде 25 хан - сұлтандар, 26 би - абыздар, 49 батыр, 60 - тан аса игі жақсылар бар.
Аңыздарды айтпағанда хатқа түсіп, қатталып қалған деректер де баршылық. Солардың бірнешеуін ғана келтіреміз.
Қаз дауысты Қазыбек би 1763 жылдары қыс мезгілінде дүниеден өтеді. Оның денесін былғарымен орап, қыс бойы сөренің үстінде сақтайды. Көктем туғанда Бекболат бастаған елу жігіт бидің денесін Әзірет Сұлтанға әкеліп жерлейді. Басына құлпытас орнатады.
Бөгенбай батыр 95 жастан асқан шағында дүниеден өтіп, денесін Түркістанға жерлеген екен. «Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. Абылай ханның жарлығы бойынша 1778 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлепті».
Қазіргі Торғай өңірінен Ақпанбет батыр әкесі Шақшақұлы Жәнібекті Түркістанға әкеліп жерлеген.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде Сайрамда, ұрыс даласында қайтыс болған Шекті Тілеу батырдың денесін баласы Жолдыаяқ батыр Әзірет Сұлтанның қасына жерлейді. Артынша ұлының да денесі әкесінің қасына қойылады. Бұл жайында ел аузында:
Қалмақтар Жетісуды көктей өтіп,
Сайрамды жермен жексен ойран етті.
Жан алып, жан беріскен осы ұрыста
Батыр Тілеу ат үстінде қапы кетті.
Сарбаздары кеңесіп, ақылдасып,
Батыр - бидің сүйегін
 Яссауи дүрбесіне табыс етті, – деген өлең нұсқалары сақталған.
Өкінішке орай, КСРО кезінде бұл тарихи тұлғалардың моласы аяусыз қорланған. Басына қойылған белгі тастар жойылған. Соның кесірінен жерленген тұлғалардың толық дерегін білу мүмкін емес. Тіпті, қазақтың ең атақты ханы Абылайдың Яссауи дүрбесіне жерленген мүрдесінің өзін анықтау үлкен дау-дамайға айналды.
КСРО кезінде үзіліп жалғасын таппай қалған ең киелі дәстүрлердің бірі әулиенің жанына кісі жерлеу ғұрпы болды. Осы дәстүрді үлгі етіп, әулиенің басына жерленуге тырысқан бір - ақ танымал тұлға бар. Ол – Өзбекәлі Жәнібеков. Ол кісінің зираты Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан бап әулиенің қорымында жатыр.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Арыстан баптың Отырарға жерленуі Арыстан баптың Отырарға жерленуі
Арыстан бап Тұран даласына келгенде оны ешкім танымапты. Киімі тозып, алба - жұлбасы шыққан еді. Темір етігі теңгедей, темір аяғы тебендей болыпты.
Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы
Алғашқы науқастар Францияда 1918 жылдың сәуірінде пайда болғанына қарамастан, тұмаудың өз атауын Испания еуропалық елдердің бірінші болып аурудың
Қожа - Сәбит Дөнентаев Қожа - Сәбит Дөнентаев
Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.
Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Тарихи деректер бойынша, Гаухар ана – Қожа Ахмет Иассауидің қызы. Гаухар – ана бейіті тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі, қазіргі
Інімнің  аңқаулығы Інімнің аңқаулығы
Монтер ағай келді де Бағананың қасына. Үзік сымды көрді де, Өрмеледі басына.
Көктем Көктем
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×