ойын сауық отауы
Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/
23.10.2022 272 0 Admin

Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/ (684 - 734 ж. ж.)
Алты жасында жетім қалған Білге (Мерген – Могилян) өсе келе әскери дарындылығымен, ақылды ойымен қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік - қытай билеушілерінің ықыласына бөленген. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Көне түркі мемлекетін 19 жыл бойы басқарған оның даналық сөздерінде елдің біртұтастығын көксеген терең де саралы ой жатыр. Түрік Елінің бірегей тұлғасы атанған Білге інісі Күлтегінмен бірге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелілер империясының іргесін бекіткен.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
* * *
Жоқ халықты бар қылу – қағанның қолында.
* * *
Түркіні бұзар тәтті сөз.
* * *
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса – елдің бағы.
* * *
Бақ болмайды басқа бақ – есің барда елің тап.
* * *
Жауыңнан бұрын қимылда – жеріңе жамандық келмейді.
* * *
Нағыз ер «дүние - мал» деп дірілдемес болар.
* * *
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.
* * *
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.
* * *
Тастағы жазудан тағылым алғайсың.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Ұл балаға бата Ұл балаға бата
Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол!
Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев
Бақыттысың, қыран құс, Бақытыңда шек бар ма. Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс Аспан барда, көк барда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×