ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
15.04.2023 364 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000 данамен жарық көрген. Алғашқы редакторы – М. Сералин. «Айқап» қазақтың қоғамдық ой - пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Журналды шығаруға Ә. Ғалимов, С. Торайғыров ат салысты. А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанова сынды қаламгерлер белсене қатысты. Журналда Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларымен бірге ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс, орыс және Еуропа қаламгерлерінің туындылары басылып тұрды. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы 1995 жылы журнал материалдарын баспадан жеке кітап етіп шығарды.

«Айман – Шолпан» – лиро - эпостық жыр. Алғаш жазып алып баспаға ұсынған Жүсіпбек Шайхысыламұлы. Жырдың оқиғасы негізінен ХІХ ғасырдық алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік - қоғамдық тіршілігін, тұрмыс - салтын қамтиды. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі (Есет, Көтібар, Арыстан, т. б.). Жырда Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. «Айман – Шолпан» жыры қазақ ауыз әдебиетіндегі аса көркем жырлардың бірі. М. Әуезовтің «Айман – Шолпан» жыры бойынша жазылған музыкалық драмасы бар (1934).

«Айсаның ұлы Ахмет»  батырлық жыр. «Қырымның қырық батыры» топтамасына енеді. 1942 жылы Алматыда Мұрын жыраудың айтуынан, немересі Дәуітбай Мұрынов жазып алып, Орталық ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Жырда Айса батырдың ұлы Ахметтің сыртқы жауға қарсы ерлік істері баяндалады. Ахметпен бірге қалмақтарды жеңуге Асан Қайғының ұлы Абат батыр, Ер Тарғын, Қарға бойлы Қазтуған, т. б. батырлар қатысады. Жырдың негізгі иедясы Ноғайлы хандығынан бөлініп кетпеуге шақыру, татулыққа, билікке үндеу. Мұрын жырау айтып берген бұл нұсқа мәтіні толық, 7 - 8 буынды жыр үлгісіне құрылған. Жыр «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының «Батырлар жырына» арналған 12 - томында (1990) алғаш рет жарық көрді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат жол Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат
Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық лирика түрлеріне Абайдың, С.
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абылай хан» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың
Дүниедегі ең жарық жұлдыз Дүниедегі ең жарық жұлдыз
Бұдан 2000 жылдай бұрынырақта грек астрономдары жұлдыздардың жарықтығы мен көлеміне қарап, алты топқа бөлген. Мұндағы алтыншы топқа жататын
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
2017 жылы ҰБТ 20 маусымнан бірінші шілдеге дейін өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ - ны 92827 оқушы тапсырады.
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз
Дұғай да дұғай сәлем айт, «Айқап» пенен «Қазаққа». Кекеу, сөгіс сөзден қайт, Кез боларсыз мазаққа.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×