Қазақ әдебиеті әлемінен
Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абылай хан» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалық шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын көркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нақтылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сұлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдың «Ұлттар» баспасынан жарық көрген 4 томдықта (1985), одан кейін «Абылай хан» атты кітапта (Алматы, 1993), «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының 1 - томында жарияланды (1995).
Авангардизм (франц. avantqardisme – алғы шептегілер) – қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, тіпті шынайы өмір шындығынан да алшақтай отырып, көркем өнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарын топтастырған ағым. Авангардизм негізінен Батыс Еуропада пайда болып, 20 - ғасырдың 10 - 20 жылдары өнер мен әдебиетте толық қалыптасты. Авнгардизм көрінісі әлем әдебиетінде И. Р. Бехер, П. Элюар, Н. Хикмет, В. В. Маяковский, В. Незвал, т. б. шығармаларынан анық байқалады.
Автоним (грек. autos – өзі, нағыз және onyma – есім) – бүркеншік атпен жазатын автордың шын аты - жөні. Мысалы, Стендальдың нағыз есімі – Анри Мари Бейль. Қазақ әдебиетінде де оқырман қауымға өзінің нағыз аты - жөні емес, бүркеншік есімімен танылған жазушылар да бар. Айталық, Әкім Таразидың нағыз есімі – Әкім Үртайұлы Әшімов.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Әлім» – дастан. Авторы Досымхан Төлебаев туралы ешбір дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан бір - бірін сүйген екі жастың
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай
"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры. 756 жолдан тұратын жырда жау
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000
Күй аңызы: Бозайғыр
Қалмақ ордасы талқандалғаннан кейін, қалмақтың ең соңғы ханзадасы Галдан - Цереннің ұлы Әмірсана азғантай нөкерімен келіп Абылай ханды паналайды.
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың