ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат жол
03.04.2023 479 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат жол

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық лирика түрлеріне Абайдың, С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқызуға болады. 20 - сыншы ғасырдың бас кезіндегі бұл сарын А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды. Азаматтық лириканың тамаша үлгілерін С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Қ. Аманжолов, Ә. Тәжібаев, Х. Ерғалиев, Қ. Бекхожин, С. Мәуленов, М. Мақатаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжімеденов, т. б. шығармаларынан табуға болады. Қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелері халықтың тағдырына, мүдделеріне, келешегіне байланысты сарындар азаматтық лирикаға арқау болды. Азаматтық лирика өз дәуіріне байланысты әр қырлы болуы мүмкін.
Азат жол, абзац – қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұттас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір - бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.
Айдабол Сүйіндікұлы (т. ө. ж. б., Ташкент маңы)  би, шешен. «Айдабол би айтқан екен» деген ғибратты сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Оның әділдігі сондай, бір дауда «Төрелігім дұрыс болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп ант ішкені туралы аңыз сақталған. Айдабол ұрпақтарының бірі Жанқозыдан: Тайкелтір би. Қошетер (Қосшетер) мерген, Олжабай батыр, Секербай би, Боштай (Поштай) Тұрсынбайұлы, әкелі - балалы едіге мен Шоң билер, Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т. б. әйгілі адамдар шыққан.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
Альбомдық лирика – лирикалық жанр. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет –
Әлеуметтік психология ұстанымдарын күнделікті өмірде қолдану Әлеуметтік психология ұстанымдарын күнделікті
Әлеуметтік жантану ойыңыз бен әрекетіңізді бағыттатйын көзге көрінбейтін ықпалдарға ие. Бұл ғылым саласы сізге өміріңіздің мәнін түсіндіреді.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Шілде – жылдың бесінші айы, жаз ортасы. «Шілде» атауының екі мағынасы бар. Бірі – «қырық күндік уақыт кесіндісі», екінші – «отыз күндік азаматтық ай».
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Әлбетте, қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс айлар, зодиак айлары, азаматтық айлар және араб айлары.
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №9 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу
Түс Түс
Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін, Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін. Қуанышты, азат жүрген халықтың He істегенін, не дегенін білмеймін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×