ойын сауық отауы
Абайтануға айқындама: Жайлау – сайран
23.09.2023 163 0 Admin

Абайтануға айқындама: Жайлау – сайран

Әдебиет
Абайтануға айқындама: Жайлау – сайран
Көшпелі тұрмыс заманында құдық бар, бұлақ бар жерлерде күзеу (күзек деп те атайды) қоралар соғылатын. Сол күзеудің бірі – алты - жеті жерінен атқылап шығып жатқан көзі бар мөлдір сулы сырт Қасқабұлақ деген күзеу. Реті келген соң айталық, бұл орыннан жас мұхтар Әуезов өзінің «Еңлік - Кебек» драмасын алғаш рет сахналайтын (1917 жыл) Ойқұдық қорығы онша қашық емес. «Құнанбай ауылы Қасқабұлаққа келіп қонғаннан кейін 1845 жылы ескіше 10 август күні Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжан толғатып, бір ұл дүниеге келеді». Бұл деректі Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов (1885 - 1963) өзінің «Абайдың өмір жолы» атты естілігінде береді. Ол ағасы Абайдың туған күнін алғаш нақтылаған адам.
Абайдың әкесі Құнанбай азан шақырып қойған есімі Ибраһим еді. Алайда әжесі Зере еркелетіп «Абай» дейтін. Өскенбай бидің бәйбішесі Зере жалғызы Құнанбайдан көрген немерелері ішінде Абайды алабөтен жақсы көрген. Өзге өрен - жараны тұрса да, кәрі әже Абайды «жалғызым» дейді екен. Соған қарағанда, баланың жүрегі жұмсақ, сезімтал екендігі жөргегінен байқалса керек. Сондықтан әжесі оны ерекше аялап, мәпелеп бақты. Жаңа туған жас немересін уатып, тербете өлеңдетіп:
Әлди - әлди абайым,
Атқа тоқым жабайын.
Тыста жүрген анасын
Қайдан іздеп табайын, -
дейді екен. Немересі бесік жырына қазақтың өлең - жырлары мен ертегілерін естіп, ұйықтайтын. Өсе келе кәрі әжеден ескі заман әңгімелерін, айтыс, жұмбақ, өсиет сөздерін естиді. Махаббатты жырлаған Қалқаман – Мамыр, Еңлік – Кебек қасіреттеріне қанықты. Бұқар, Дулат, Шортанбай сынды жыраулардың жырларын жаттап, Әнет баба, Ақтайлақ, Жанақ сияқты би - шешендердің сөздерін көкірегіне құйып өсті. «Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын» - деп жазады Мұхтар Әуезов. – Ұлжан да көп әңгіме білуші еді».
Осы тұста көшпелі тұрмыс жайлы бірер сөз. Ол күнде ауылдар үлкен емес - ті. 5 - 10 шаңырақ (ескіше – түтін дейді) бір ауылды құрап, ондағы жан саны 40 - 50ден аспаған. Бір ру - атаның үмбеттері жайлауға көшкенде ғана бастарын біріктіріп, бірге қонатын еді («көшбасшы» деген түсініктің пайда болуы содан). Қасиетті Шыңғыстау өңірі төрт түлікке де жайлы дегенбіз. Бір қызығы, түйе, жылқы, қой малдары қасиетті, қадірлі болып, ал сиыр малын «қыста қар теппйді, жаз болса үйдің маңайын былғайды» деп көп жимаған.
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай,
Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Қазақ ауылы күзеуде қай айларға дейін отырған? Абайдың «Күз» өлеңінің бастапқы шумағы бізге осыдан дерек береді. Қыстауға көшпей, тоңып, жаурап желтоқсанның басы я ортасына дейін күзеуде отыруға мәжбүр. Неге? Себебі ерте барса, мал қыстау маңын тақырлап жеп, қыстан аман шығу қиынға соғады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл «Қыс» өлеңінен үзінді. «Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді, - дейді көрнекті әдебиетші Қажым Жұмалиев. – Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады».
Шығыс өлкеде қыс ұзақ. Қыс соқыр, мылқау күш екендігі, оның жанағы жанды суреті бұл өлкенің әр тұрғынына етене таныс. Қыс айларында сақылдаған сары аязға шыдап, ақ түтек боранға төтеп беру оңайға соқпаған. Толассыз соққан бораннан жал - жал үйінділер пайда болып, кей жылы олар аласа үйлер мен қора - қопсының үстінен өтеді. Сол себепті үйлер төбенің ығына салынады және сыртқы есігін ішке қарай ашады. Егер жал басып қалса, үй иелері тесіп шығуы үшін. Ақшоқы қыстауында Абай мен Ысқақ осындай қарлы қыстың талайын кешеді. Кей жылы көктайғақ, жұт сияқты әлектер жететін. «Қыс бойы ақ кебін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды - жансыздың тірілуі кімнің де болса көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық қуанатын ел жоқ», - деп жазады М. Дулатов. күн мен түн теңелетін Наурыз мейрамын «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын!» десіп, көпшілік шат көңіл, ерекше ықыласпен тойлайтын.
Сөйтіп, көшпенді өмір сүру – қатал өмір, аярлыққа жол жабық өмір. Өйткені табиғатты алдай алмайсың! Қазақ халқын мыңжылдық көшпенділік құрыштай шындады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Абай жолы» роман - дәуірнамасының қысқаша баяндалуы «Абай жолы» роман - дәуірнамасының қысқаша
Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен
Ұлы Даланың рухани жауһары: К. Оразалин / Абайдан соң Ұлы Даланың рухани жауһары: К. Оразалин / Абайдан
Бақанас жайлауындағы Көкбай үйінде Меккайіл мен Мұхтар бар. Абайдың ақын шәкірті Ойқұдықта қойылған «Еңлік - Кебек» пьесасы туралы көсіле сөйлеп, өз
Ұлы Даланың рухани жауһары: К. Оразалин / Абайдан соң Ұлы Даланың рухани жауһары: К. Оразалин / Абайдан
Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң» романындағы ірі оқиғаның бірі Қаражанның ағасы Аймағанбеттің Жүзтайлаққа құда түсуі. Көксеңгір мен Зайсанда жасалған
Жер - Сәбит Дөнентаев Жер - Сәбит Дөнентаев
Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген, Сол төрттің үшеуі су, бірі - ақ, құрғақ, Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы
Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға
Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×