ойын сауық отауы
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф
22.11.2020 979 0 Admin

Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен зұлымдық атаулыдан қорғап, өмір жапырағын жағызу үшін жіберген.
Әлемдік топан су қаптағанға дейін бүкіл жер үстінің патшасы Теңіз (Шыңғыс) хан болған. Ол патшалық құрған тұста жер жүзінде Жайық - Нама есімді адамның даңқы шыққан. Үлкен Тәңір оған сыннан өткен сандал ағашынан кеме тұрғызуға әмір етіпті. Тақуа Жайық - Нама өзінің Созұн - ұл, Сары - ұл және Балықшы деген ұлдарына кемені тау үстіне шығарып жасауға бұйырады. Жайық - Наманың көзі нашар көруші еді. Сондықтан, кеме жасау орайындағы жұмыстарды үлкен ұлы Созұн - ұл басқарады. Үлкен Тәңірдің жарлығы бойынша Жайық - Нама кеменің іші - сыртына шайырлы қайың қабығын жапсыртады. Бұрыштары мен қабырғаларына ұштарына шойын саптыаяқтар ілінген, сексен құлаштық сегіз арқан байлатады. Созұн - ұл әкесі Жайық - Намадан: - Бұл арқандар не үшін керек? – деп сұрайды.
Жайық - Нама: - Біз бұларға қарап, су сексен құлашқа көтерілгенде қанша күн өткенін білетін боламыз, - деп жауап береді.
Кеме жасалып болған соң Жайық - Нама өзі жақсы көретіндерін түгел жинап алды. Өйткені, оған Үлкен Тәңір «Кімді жақсы көрсең, өзіңмен бірге соларды ал. Жерде тіршілік ететін тірі атаулы қалмасын, ұшатын құстарды да тастама» деген болатын.
Тақуа Жайық - Нама бүкіл әулетімен және достарымен кемеге аяқ басқан кезде, оларға құстар мен аңдар да лек - легімен келіп жатты. Жайық - Нама кемеге жеткен барлық жануарларды кіргізіңдер деп бұйырады.
Созұн - ұл: - Мына бір жылан жорғалап келіпті. Қабылдауға рұқсат етесің бе? – деп сұрайды.
Жайық - Нама: - Жетіп үлгергеннің, кеме үстіне көтерілгеннің немесе жармасқанның, кім екеніне қарамастан, барлығын да қабыл ал, - дейді.
Барлығы кемеге мінген соң Жайық - Нама: - Көздеріңе ештеңе көріне ме? – деп сұрайды. Оған: - Айнала бұлдыр ьұман мен қара түнек, - деп жауап қатады.
Осы кезде жердің қойнауынан су атқылап, бұлақтар, өзендер мен теңіздер сарқырап құйыла жөнеледі. Көктен жаңбыр нөсерлеп жауады. Су еш толастамай, молайған үстіне молая береді. Кеме сексен құлаш арқан бойы көтеріледі. Сонда арқандар жүктен үзіліп, кеме жүзіп жүре береді. Бірақ қайда жол тартқандарын білмейді. Осылай олар су бетінде ұзақ адасады.
Он төртінші тәулік өткенде тақуа Жайық - Нама Созұн - ұлға: - «Түндікті ашып, айналаға көз сал!» - деп бұйырады.
Созұн - ұл бұйрықты екі етпей, айналаны шола қарап: - Барлығын су басып жатыр, тек бір таудың шыңы ғана қылтияды, - дейді.
Бірнеше күн өткеннен кейін Жайық - Нама Созұн - ұлға қайтадан түндікті аш деп жұйырады.
Үлкен ұл жан - жақты түгел шолып: - Түк те көрінбейді, тек көк пен су ғана, - дейді.
Ақыры кеме бір - біріне жақын тұрған екі таудың шыңдарына келіп тоқтайды. Бұл Қазықұрт тауы болатын.
Сол кезде тақуа Жайық - Нама түндікті өзі ашып, еркек қарғаны қоя береді. Еркек қарға ұшып кетеді де, қайтып оралмайды. Екінші күні аспанға ұрғашы қарғаны ұшырады, бірақ ол да қайтпайды. Үшінші күні сауысқанды жібереді, одан да ешбір пайда болмайды.
Төртінші күні тақуа Жайық - Нама көгершінді ұшырады. Көгершін ұшып кетеді. Біраз уақыттан кейін қайың бұтағын тістеп, қайтып оралады.
Жайық - Нама көгершіннен өзінің аспанға бұрын ұшырған құстарының жайын сұрайды. Көгершін: - Еркек қарға тас шатқалға кептеліп қалған өлі маралдың үстіне қонып, көзін шұқып отыр. Ұрғашы қарға иттің өлексесін тауып, көтенін шоқып отыр. Сауысқан аттың арқасын жұлмалап отыр, - деп жауап береді.
Сонда Жайық - Нама осынау сұмпайы құстарды қарғап: «Олар қазір не істеп отырса, өле - өлгенше соны істесін. Еркек қарға өлген малдың көзін шоқысын, ұрғашы қарға көтенін шоқысын, ал сауысқан арқасын шоқысын. Ал сен, көгершін, менің адал қызметшімсің. Саған өмір - бақи менің ұрпақтарыммен бірге тұр деп батамды беремін», - дейді.
Топан су басылғаннан кейін ризашылығын білдіріп, құрмет тұтқан адамдар Жайық - Наманы Жаратушы деп атай бастайды. Ол қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары оған құрбан шалатын болады. Үлкен Тәңірдің шапағатына бөленген оның ұлдары Такәулие, Шауәулие (дала әулиесі) және Тірле – Тірілтуші деген аттар алады. Басқа түркі халықтарында Жайық - Наманы Жайық хан деп атап, оған ақ қойды құрбан шалады. Бұл құрбан шалу рәсімі көктемде биік таудың басында өткізіледі.
Қандай да бір кісің дүние салса, қырқыншы күні киіз үйді аластау рәсімі жасалып, Жайық ханға жалбарынады, марқұмның төсегіне ажалды бейнелейтін әтешті байлап қояды. Мал басы көбеймесе де Жайық ханға сыйынады. Өйткені, қайтыс болған туыстар малды өздерімен бірге өлгендердің мекеніне алып кетеді, ал құрбан шалынса, Жайық хан ол жақтан малды топан сумен айдап шығып, кері қайтарады деген наным бар.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев
Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Жайық. Қасым Аманжоловтың өлеңі Жайық. Қасым Аманжоловтың өлеңі
Жарқын жүзбен жайраңдап Жатырсың ағып, Жайығым. Жағаңда ойнап, сайрандап Ескенмін заман қайығын.
Ақжайық арнаға түс арындама Ақжайық арнаға түс арындама
Ақ жайық, арнаға түс арындама Ару Жайық, ерке өзен, сыбырлағын, Бұл көктемде сен неге арындадың? Құм мен тастан өрілген жарқабаққа Ғажап болды - ау
Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті
Кеше, 25 желтоқсан күні Атырауда композитор, жазушы Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті. Кешті Атырау облысы тұрғындары және
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×