ойын сауық отауы
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
18.11.2020 2 048 0 Admin

Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Әлемдік топан су қаптауы жайында
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх пайғамбар өзі жасаған кемеге отырып, жайқын мұхиттың толқындарында жүзіп, барлық жолаушыларымен бірге Қазығұрт тауына тіреледі (басқа нұсқалар бойынша Синай, Арарат, Ұлыдағ таулары келтіріледі).
Орта Азияның көптеген халықтарының фольклорында Нұхтың шын аты Яшкар болғандығы туралы әңгімелер орын алған. Себебі, ол өне бойы Құдайға сыйынып, адамдарды тілсіз апаттан құтқаруды сұрап жалбарына бергені үшін оны Жылауық (яш, жас, көз жасы) пайғамбар атап кеткен.
«Жылауық пайғамбар» су, тасқын ұғымына жақынырақ. Себебі, оның атының өзі су, су тасқыны дегенді білдіреді. Оның үстіне, көз жасы және су бір - бірінен мағыналық жағынан онша алшақ емес.
Көне еврей тілінде Нұх (Ной, Ноах) татуластырушы, адамдардың арашашысы деп тәржімеленеді.
Әзірге біз арийлердің шамамен біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – І мыңжылдықтарда Арал мен Каспий аралығындағы (қазіргі Қазақстан жері) аймақтан кеткендігін білеміз. Егер әлемдік топан су хақындағы миф арийлерге белгілі болғандығын мойындасақ, демек, олар Каспий төңірегінен көшкенде, өздерімен бірге өз фольклорын, мифтері мен аңыз - ертегілерін ала кеткен. Бірақ нақ осы аңыздар мен мифтер, соның ішінде, әлемдік топан су жайындағысы да, арийлермен көршілес тұрған әрі ешқайда қоныс аудармаған байырғы халықтарда, яғни түркі халықтарының арғы бабаларында қалуы мүмкін ғой.
«Ылғал, көз жасы» тұңғысша «ниа», монғолша «ини», фин - угорша, венгерше «ниа» болады.
Адамдарды әлемдік су топаны апатынан құтқарған ежелгі түркілердің Нұхы – қазақ фольклорында Нұх пайғамбардың баламасы ретінде орын алған Жайық - нама, яғни Жайық есімді адам.
«Жайық» жайқын су, су тасқыны, жайылма деген сөз. Орал өзенінің бұрынғы атауы – Жайық әлемдік топан су болғандығын куәландырады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен
Салауат айтудың сыры Салауат айтудың сыры
Салауат cөзі араб тілінде көп мағына береді. Дұға, намаз, береке деген мағыналарымен бірге Пайғамбарымызға Алла Тағаладан игілік тілеу мағынасында да
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды. Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×