ойын сауық отауы
Б. Майлин / Азамат Азаматыч
07.02.2021 2 875 0 Admin

Б. Майлин / Азамат Азаматыч

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
Б. Майлин / Азамат Азаматыч
Б. Майлиннің проза саласындағы ең көлемдісі – «Азамат Азаматыч» романы. Ол – дәуір шындығын кең қамтыған, көп арналы шығарма.
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы. Кітапта бұл Азамат Азаматычтың образы арқылы беріледі. Жалшы Күркілдектің баласы Қожалақтың балалар үйінде тәрбиеленіп, «Азамат» деген ат алып шығуы – оның жаңа қоғамның қатардағы азаматы болып, заман жүгін көтеруге жарағанының белгісі.
Роман оқиғасы оқу бітірген Азаматтың Қарасай қаласына келіп, мекемеге жаңа жұмысқа орналасуынан басталады. Ескішіл жат топтар оны өз қолдарына қондырып сол арқылы өрісін кеңейте түсуді ойлайды. Бұрын ақ армиясында офицер болып, большевиктерді қырған, бүгін жасырынып жүрген тап жауы Рақым Шегіров оны өзінің балдызы Мариямға үйлендіреді. Рақым маңындағы жат типтер Кәдірбаев, Қайдар, Жүніс т. б. әртүрлі жолдармен Азаматты жолынан тайдыруға қызмет етеді. Солардың ықпалымен таптық қырағылығы әлсіреп, күресте бәсеңси бастаған Азаматты мекемесінің қызметкерлері Алексеев, Медеу, Қайша, Шәймерден т. б. қамқорлыққа алады. Романда Азамат үшін тартыс өрістейді. Осы жолда бас герой саяси - қоғамдық жұмыстардың, отбасылық өмірдің, адал азаматтар мен жасырынған тап дұшпандарының арасындағы қарым - қатынастың неше түрлі сынынан өтеді. Осы талас - тартыста өз мінез - құлқын да характерін де қалыптастырады. Ақыры жаулар әрекеті әшкереленіп, Азамат халық жағында қалады.
Жиырмасыншы жылдар ішінде кедейлер ортасынан шыққан жаңа басшы кадрлардың тәрбиеленуі – үлкен қиын жол болатын. Оларға ескі күштер көп кедергі жасап бақты - сүріндірді, қателестірді. Бейімбет үлкен суреткер есебінде Азаматтар басынан кешкен осы қиын жолды ешбір оңайластпастан табиғи да шын қалпында оқушы көз алдына жайып салады.
Азаматтың өз дәуірінің негізгі қайраткері болып қалыптасуының өзіндік жолы бар. Бас кейіпкер бойындағы ұяңдық пен жұмсақтық көп жағдайда оның тап жауларымен қарым - қатынаста босаңдық көрсетуіне әкеліп соғады. Ол Мариямның қолына оңай түсіп, оның айтуымен Мариямның бөлесі маскүнем Жүніске арашашы болады. Қайдар деген өзінің Мариямға жиен екенін айтып, жақындыққа тартады. Осылардың бәрін Азамат көп уақыт аңдамайды. Тек шын достарының араласуымен ұғына бастайды.
Романның ұнамды кейіпкері Алексеев, Медеу, Шәймерден, Қайшалар – жаңа заманның рухани тазалығын, жігер - қайратын бойына сіңірген адамдар. Мариям үйінде бұрын жалшы болған, бүгінгі Азаматтың ат айдаушысы Медеу Азаматты қоршаған топтың зұлымдық істерін байқап, Азаматты сақтандырады. Алексеев Азаматты жат топтан бөлу үшін жиі - жиі командировкаға жіберетін болады. Сөйтіп Азамат Мариямдар ортасынан біртіндеп бөліне бастайды. Ең алғаш ол Қайдар үйіне қонаққа бара алмай қалады. Кейін ұжымшарға біріге бастаған ауылды Қайдарлардың қаншама іріткі салып отырғанын көреді. Ауылдағы шараларды іске асыруға қатысқан Азамат Қайдар мен Рақымдардың дегенін істемей, адал жолын ұстайды. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе
Өмірде біз біліп жүруге тиіс жайттар бар. Солардың бірқатарын тізіп көрейік. Өзіңіздің қойын дәптеріңізге түртіп алсаңыз артық етпейді. Ендеше,
Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин
Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық.
Азамат Азамат
Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден, Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің. Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген Баласы болды - ау осы елдің.
Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азамат Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер
Жетістікке жету үшін міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алу керек десеңіз қателесесіз. Дипломсыз-ақ миллиардер атанған азаматтар бар.
Азамат Өмірғалиға Азамат Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен, аппақ оның жүрегі, күлсе шындап күледі, ал, күрсінсе — түн еді.
Сені азамат дегенге... Сені азамат дегенге...
Сені де адам дегенге Сенбейін бе, сенем бе?! Ойнақ салдың төбемде, Көнбейін бе, көнем бе?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×