ойын сауық отауы
Майдан шебі: мысық пен құс
11.03.2021 749 0 Admin

Майдан шебі: мысық пен құс

Әңгімелер
Зерделі зерттеу
Майдан шебі: мысық пен құс
Ноа Стрикер
Қараусыз қалдырса Оливер мен Белла (АҚШ - тағы мысыққа қойылатын ең сәнді есімдер) алты айда жетіліп, жыл сайын бірнеше марғау туа алады, ал нәтижесі не болары түсінікті. АҚШ - та шамамен 90 миллион мысық иелерімен бірге тұрады. Қалған 30 - 80 миллионы көшелерден бастап, шалғайдағы шөлдерде қаңғыған күйі тіршілік етеді. Аустралиядағы кең таралған мысықтар жергілікті құстар, бауырымен жорғалаушылар және кішкентай сүтқоректілерді түгелдей жойып жіберердей қауіп төндіріп отыр. 2015 жылы Аустралия үкіметі мұның алдын алу мақсатында 2020 жылға дейін екі миллион мысықты өлтіруге арналған бағдарлама бекіткен.
Дүниежүзі бойынша шамамен жарты миллиард мысық алты құрлықта, әлемнің 131 негізгі аралдар тобының 188 - інде және интернет жетпейтін түкпірлерде тіршілік етеді. Одан асқан басқыншы тіршілік иесін көргіңіз келсе, айнаға қараңыз.

Құстарға араша түсу үшін мысықтардың көзін құртуымыз керек пе? Екеуін де жақсы көретін азаматтың тың шешімі…
Мен сияқты Бернстейн де құстарды аңдығанды ұнатады. Бернстейн – үш жасар қысқа түкті мысық. Одан бөлек ол лазерлік нұсқауыш, шашбау мен жіпке құмар. Мен болсам 33 - ке келген, аң - құсты ұнататын шашы қысқа блондинмін. Қорадан табылған кезінде Бернстейн жүрмек түгілі көзін де аша алмайтын. Бұл мұрттының жолы болды және ол өзгелерден әлдеқайда ақылды сияқты көрінеді өз басыма. Мұның бірден бір себебі оның түсінігінде болуы мүмкін. Өйткені ол далада қалай болса солай қаңғырып, аш құрсақ жүрген кезі болған емес.
Бірақ өткен көктем кімнің - кім екенін көрсетті. Табиғат та, тәрбие де мысықтың тума түйсігінен асып түсе алмайды екен. Күн түстен ауған шақ, күн жылы болатын. Бернстейн шуаққа жылынсын деп ішкі аулаға жібергем. Шамалы минутқа шыққан ол бір уыс қауырсын тістеп маңғаздана келді: аузында Орталық Америкадан Орегонға дейін мыңдаған шақырым жолды артқа тастап, жұп іздеп келген 28 грамдық шұбар - ала, әдемі Свенсон сайрағы.
Табиғи түйсігіне бола Бернстейнді кінәлай алмадым. Дегенмен кішкентай құс қолыма сұп - суық болып тигенде, жүрегім мұздап сала берді.
Бірнеше жыл бұрын Смитсон институты мен АҚШ - тың Балықтар мен сирек кездесетін жануарларды қорғау ұйымы арнайы зерттеу жүргізіп, АҚШ - та жыл сайын мысыққа қанша құс жем болатынын шамалап көрген екен. Нәтиже жаға ұстатады. Мысық популяциясының саны мен жыртқыштың деңгейін мұқият анықтағаннан кейін ғалымдар төменгі 48 штатта үй мысықтары жылына 1 - 4 млрд аралығында, ал кішкентай сүтқоректілер 6, 3 - 22, 3 млрд шамасында, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер жүздеген миллион құс түрін өлтіретінін есептеп шығарды.
Құс өлімінің үштен екісі қаңғыбас жабайы мысықтармен байланысты. Тіршілік ортасының жойылуы мен климат өзгерісін есептемегенде, жалпы терезеге ұрылып, көлік астында қалып, пестицидке уланып, тоққа түсіп, ластанудан, жел диірмені мен тағы басқа да табиғи емес факторлардың бәрін қоса есептегеннің өзінде құс атаулы мысықтардың тырнағынан көбірек өлетіні белгілі болып отыр. Ой салатын жағдай.
Кей адамдар бұл зерттеулерге күмәнмен қарап, ғалымдарды «мысық жаулары» деп айыптаған. Көзқарасы осы жаңа дәйекпен сәйкес келген өзгелері келіскен сыңай танытты. БАҚ - та мысық пен құс жақтаушыларының, жан - жануар құқығын қорғаушы, эколог, үйде аң - құс ұстайтындар мен ғалымдардың зерттеу¬лері қатар шыққанда кімге сенеріңізді білмей қаларыңыз анық.
Осы айқай - шудың барлығы басты нәтижені жоққа шығара алмайды: өздеріне өзге жыртқыштардан қауіп төнбейтін экожүйеге жіберілгенде мысық құс пен басқа да табиғат өкілдері өлімінің үлкен себебіне айналады.
Мұнан кейін жүргізілген зерттеулер қауіп масштабын растады. Мәселен, мысықтарының жалпы саны АҚШ - тан аз Канадада жүргізілген зерттеу нәтижесінде мысықтар жыл сайын 100 - 350 миллионға дейін құстың түбіне жететіні есептеп шығарылған.
Жағдай ушықса да бір түрлі түсіндіруге келмейді. Бәріміз де мысықтардың жыртқыш жануар екенін білеміз, бірақ осы күнге дейін олардың тұмса табиғатқа әсерін аса түсіне бермейтініміз анық. Тіпті, құс өлімі туралы деректер келтіргеннің өзінде көп адамдар, солардың ішінде басым бөлігі мысық асыраушылар сүйікті жануарларының құс популяциясына кері әсер ететініне әлі де күмәнмен қарайды.
Бәлкім, бұл мәселеге соншалықта бас қатыра бермеуіміз де керек шығар. Ешбір зерттеу нақты түрде мысық пен құрлықтағы құс популяциясы арасындағы байланысты ашып көрсеткен емес (аралдардағы жағдай бөлек). Көптеген фактор үшін қанаттының азаюына бір ғана себепті айрықша атап өту қиын.
BirdLife International ұйымының жуырдағы баяндамасында «Әлемдегі құстардың жағдайы тек нашарлаған, тіпті, бір кездері көзімізге күнде көрінетін құстардың өзі қазір жойылудың сәл - ақ алдында тұр» деп жазылған. Мұнда бүгінгі таңда жойылып бара жатқан түрлердің басты қаупі ауылшаруашылық пен ормандардың оталуы деп айтылады, ал жыртқыштардың әсері тек соңына қарай тілге тиек етіледі. Ал планетаны қоқыс жәшігіне айналдыруда адамнан асқан ешкім жоқ. Сондықтан әлемді құтқару концепциясынсыз мысықтарды кінәлаудан жан - жануарды сақтаудағы жауапкершілігімізді басқа арнаға бұрғаннан басқа пайдасы жоқ.
Жалпы, адамдар жабайы мысық популяциялары тым көп екендігімен келіседі. Мінсіз шешім болмағандықтан мәселе тығырыққа кеп тіреледі. Құстардан бөлек, жабайы мысықтар денсаулық, қауіпсіздік пен философиялық дилеммалар тудырып отыр. Қазір әлемде пырылдауықтар саны игеруге келетін мөлшерден асып түскен.
Іс жүзінде, мысықтарды жөнімен қалдыруға ең ықшамды дәйек осы: қанша тырыссақ та, ешқашан олардан құтыла алмаймыз. Сол себепті осы мәселеге дәл бүгін бас қатырмасақ, әлемнің жағдайы күрделене түспек.
Кей адамдар қазірдің өзінде шара қабылдауды бастап кеткен. Мысықты жақтаушылар оларды ұстап алып, стерильдеп, қайта босату бағдарламаларын кеңінен қолдануда. Қанаттыларды қорғау топтарының көбі бұл саясатқа қарсы. Жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын «Жануарлармен әдеби қарым - қатынас құру ұйымы» (PETA) да моральдық тұрғыда мұндай бағдарламаларға қарсы. Алайда бұл ұйымдар мысықтарды қамап ұстаудан (тамаша пікір) басқа нақты ұсыныс жасай алмай келеді. Бұл екі арада АҚШ - тағы жан - жануар үйлерінде жылына миллионнан астам қаңғыбас мысық эвтаназия арқылы өлтіріледі: үлкен проблеманың көп айтылмайтын әдісі.
Жеке басым сұрақтың жауабын білмеймін. Бірақ, ұсынысым бар. Бернстейнді жергілікті ветеринарға стерилизациялауға апарғанымда оған да микрочип тағылғанын қалаған едім. Бұл шешімге ерікті түрде емес, стандарттық практиканың арқасында келдім. Күріш дәнегіндей ғана болатын чипті пайдалану қан талдауынан оңай, десе де әлемде оның үй мысықтарына тағылуы әлі де сирек жағдай болып отыр.
Егер бүкіл мысыққа микрочип тағылса оның саны азая түсетіні анық: жоғалғанын тез қайтаруға, тастандының иесін табуға болады. Мұндай шараға, әсіресе, егер осындай жарнаның бір бөлігі тиісті ресурстарымен бірге жабайы мысықтар проблемасын шешуге бағытталған жүйе мен бағдарламаларға жұмсалар болса, ақша төлеуге қуана келісер едім. Тіпті шамалы ғана, әр үй мысығына бір мәртелік жарна төлер болса – бұл мысықтың өмірі бойынша сатып алынатын азығына кететін қаражатпен салыстырғанда азғана сома – миллиардтаған доллар жиналар еді. Бұл мінсіз шешім емес екенін білемін. Алайда мысықтарды бақылауда ұстау қазіргі бейберекет жағдайды бақылауда ұстауға жақсы қадам болар еді деп есептеймін.
Жануарларды жақсы көретін ешбір адам мұндай мұра қалдырғысы келмейді. Ғаламшарымызға күтім көрсетуде бар ынтамызды салуымыз қажет, өйткені оған жауапты өзіміз. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Сиқыр мен дуадан қорғану жолдары Сиқыр мен дуадан қорғану жолдары
Бірінші амал. Күмістен жасалған әшекей тағыңыз. Бұл бағалы металл зиянды энергетика, тіл - көзді өзіне тартады. Бірақ күмісті аптасына бір рет
2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер 2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер
Қазақта әрқашан балаларына есімді таңдау ең күрделі және жауапты іс болғаны белгілі. Сіздерге 2018-2019 жылдары жиі таңдалатын есімдер тізімі мынадай
5 минутыңды әзіл әлеміне бөл 5 минутыңды әзіл әлеміне бөл
Бірде айлы түннің аясында Қожа мен әйелі оттың жанында демалып отырыпты.
Әр күн сайын құлшынып Әр күн сайын құлшынып
Әр күн сайын құлшынып, Әр күн сайын түле бір. Мәңгі күрес - тіршілік, Мәңгі майдан - бұл өмір.
Мысық пен ет Мысық пен ет
Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді, Қарады тіміскілеп әрбір жерді. Жерден іздеп дәнеңе таба алмады, Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×