ойын сауық отауы
Мысық пен ет
02.05.2016 2 239 0 Дауыл

Мысық пен ет

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді,
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: «Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!»
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз - ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне - өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.

Қазақтың ет сүрлеу әдістері Қазақтың ет сүрлеу әдістері
Ата - бабаларымыз қашанда ертеден еттің ұзақ сақталуын білсе керек. Оның үстіне, жас еттен гөрі сүр еттің пайдасы айтарлықтай екені исі қазаққа анық.
Шағымданғыш адам туралы мысал Шағымданғыш адам туралы мысал
Бірде бір ер адам бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, тербетілгіш орындықта отырған қарт апаны көрді, оның жанында қарт атай газет оқып отырды.
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Өтірік ертек Өтірік ертек
Бұл Ширазым - сол Шираз, Гүл, бұлбұлға мол Шираз, Гүлі қызыл лағылдай. Гүлге қонған бұлбұлы,
Маймыл мен көзілдірік Маймыл мен көзілдірік
Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі, Ойлады ем етерге оған өзі. «Көз азса - Көзілдірік емі» деген Тиетін құлағына жұрттың сөзі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×