ойын сауық отауы
Деген екен: Ақан сері
25.04.2021 2 380 0 Admin

Деген екен: Ақан сері

Әңгімелер
Шешендік сөздер
Деген екен...
Қыр елінде болған бір айтулы асқа келген Ақан сері Құлагерін бәйгеге қосқан ғой. Қанатты тұлпар топтан озып келеді. Бәйгеге тігілген жүз тұсақ қойды олжалап, жолай аты шулы Алтайдың Сайдалысының үйіне қоналқалайды.
Серінің жүрген жері аста - төк ән. Жұрт жиылып, Сайдалының аз ордасының іші - тысын керіп кетеді. Арқаның небір ғажап әндері мен өз әуендерін де әуелете шырқаған Ақан осы кештің гүлі болады. Осындай ордалы бір отырысты аңсаған әлеумет әлсін - әлі қошемет көрсетіп, құрметтерін де аяп қалмайды.
Бір тыныстаған сәтте Сайдалының өркөкірек ұлы Бекен:
– Сері, Құлагеріңді маған сатшы, жүз жылқы берейін, – деп кергісе керек.
Сонда Ақан сері:
– Мына жұрт сені Бекен мырза деуші еді. Сен ақылың жоқ ақымақ мырза екенсің. Ертең мына әкең Сайдалы өлмей ме? Сен сонда бес үйез елге сауын айтпаймысың? Аста бәйге ұйымдастырмайсың ба? Бас бәйгеге жүз жылқы тікпеймісің? Сонда Құлагерім озып келіп, сол жүз жылқыңды мен алмаймын ба. Бір теріне алатын жүз жылқыға Құлагерімді қалай қиып берейін, – депті.
Сайдалы баласына алайып бір қарайды. Бекен ұялып шығып кетеді.
Ақан серінің атқан оқтай өткір сөзі, әрине, Бекенге жайсыз тиеді. Реті келген жерде есесін қайтаруды ойлайды. Атбасар жәрмеңкесіне Бекен мырза әнші, күйші, балуандарымен сайланып келеді. Өзі бай орыстың үйін жалға алып, Ақанды қонаққа шақырады. Ақан келген үйінің орыстікі екенін біліп, кірген бойда тізе бүкпестен:
– Ассалаумағалейкүм, Бекен мырза, 
Шақырды дегеннен соң келдім мұнда. 
Келсем де тізе бүгіп отырмаймын, 
Көрсетпек қызметіңе болмай ырза. 
Ағузы сөз сөйлесем әуел бастан, 
Қалбы нұр қараяды ішкен астан. 
Шақырды Бекен мырза деген сөзбен, 
Шіркін - ай, келіп қалдым қапылыстан. 
Бетінде қара құман қақпағы жоқ, 
Балалар шашыратып сідік шашқан. 
Ет асқан шөгеніңді тексердің бе? 
Кәпірдің торайының майын асқан. 
Ғұсылы өмір бойы арылмаған, 
Хозяйке ас - суыңа араласқан. 
Әкеңнің қара қосы кетті қайда, 
Бекен - ай, сені неден қара басқан. 
Атаңның аруағына шек келтіріп, 
Ұялмай өзің теңді замандастан. 
Есілдің тоғайыңа шатыр тіксең, 
Мәжіліс болар еді сұхбаттасқан. 
Белгілі Орта жүзге Ақан сері, 
Ішпейді шүбәлі харам астан. 
Қолыңды ұстауға да жиіркенем, 
Қош, сау бол, барым осы амандасқан, – деп шығып жүре беріпті.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ
С. Жүнісов / Ақан cері С. Жүнісов / Ақан cері
Әлбетте, «Ақан сері» романында Ақан Абай сияқты өмірге көзқарасы жаңа қалыптаса бастаған кезден емес, аз да болса, өмірдегі теңсіздік мәселесін
Көркем сөздің құдіреті: Басыр Көркем сөздің құдіреті: Басыр
1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы; 2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар
Аспан әсері Аспан әсері
Көрсетпейді ғашықтарды күлгін бақ, Күлгін бақта құшақтағы Гүл қымбат... Жеткен талай сері түннің түбіне Жымыңдайды қыз - жұлдыздар қылмыңдап.
Қойлыбайдың қобызы Қойлыбайдың қобызы
Ертеде ел бар екен калын Найман, Қытайға қалың Найман қанат жайған. Қалың Найман ішінде Бағаналы, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×