ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Басыр
11.03.2021 913 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Басыр

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Басыр
1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы;
2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар
Мысалдар:
1. Көп азап шегіп, зарығып жүріп Тройцкідегі медресеге кіреді. Бірақ оқып жүрген кезінде көзі басыр болып ауырады.
(М. Әуезов, Сұлтанмахмұт)
2. Көзінен басыр болып жатып алды. Сонда түсінде аян беріпті: "Менің айтқанымды істеп, ауруыңды қаратсаң жазыласың, әйтпесе көзіңнен айрыласың",
(Б. Майлин, Иелі ауру)
3. Танытпады надандық Сократты,
Гомерді де көп ғасыр тоқыратты.
Көзім басыр болса да, ойым көргіш
Мен де ақын ем өзіндей сол бір қарттың.
(Ж. Молдағалиев, Мен — қазақпын)
4. Бұл кешеден бері қап - қараңғы киіз үйдің ішінде бүркеніп, басыр болып жатып - жатып, қай жақтың шығыс, қай жақтың батыс екенін де ұмытып қалыпты.
(Ә. Кекілбайұлы, Үркер)
5. Ақан үйде басыр боп қалай отыра бермек. Ертең құдай жазып, Құлагер бәйгенің алдын алса, қарауылдың атын шығару деген сол емес пе?
(С. Жүнісов, Ақан сері: 1 кітап)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Сахар Көркем сөздің құдіреті: Сахар
1. Таң алды мезгіл, таңсәрі, алагеуім; 2. Сәресі (ораза кезіндегі таң атпай тұрып ішетін ас).
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×