ойын сауық отауы
М. Әуезов / Абай жолы (жалғасы)
18.12.2021 2 960 0 Admin

М. Әуезов / Абай жолы (жалғасы)

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
М. Әуезов / Абай жолы
Әлемде алғашқы екі кітап «Абай», үшінші кітап – «Абай аға», кейін төрт кітап «Абай жолы» аталуында мегзеулік мән бар. Жеке тарау аттарының символдық мағынасын алғаш көрсеткен Ғабит Мүсірепов болатын. Шығарманы орыс тіліне аудару кезінде тарау аттарын өзгерту ұсынысына автордың мүлде келіспейтіндей үлкен негіз бар еді.
Бір қарағанда, орасан зор көлемді болып көрінетін шығармаға жітірек назар салсаңыз, ықшамдылық, келісім, үйлесім заңдылықтарына ерекше мән берлігеніне көз жеткізесіз.
Бірінші кітапты жеті тарау (Қайтқанда, Қат - қабатта, Жолда, Шытырманда, Бел - белесте, Өрде, Қияда), екінші кітапта жеті тарау (Тайғақта, Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Тарауда, Биікте), бір эпилог, үшінші кітапта алты тарау (Абай аға, Кек жолында, Қарашығын, Өкініште, Қақтығыста, Қоршауда), төртінші кітапта алты тарау (Түн - түнекте, Құз - қияда, Қапада, Қастықта, Шайқаста, Жұтта), бір эпилог – эпопеяда барлығы жиырма тараушаға бөлінген. Олар және жеке көрінісі, жағдаяттардан тұрады.
Әрбір тараудың аты бөлімде өтетін басты оқиғаның, психологиялық қалпын дәл береді. Жинақтай келгенде, Абай өмірінің, жеке адам тағдырының бір шақтағы болмыс - бітімін анықтайтын образдық - символдық мәні күшті бейнелі сөз. Екі тарау аты, екі эпилогтан өзге жиырма төрт тарау аты түгелдей бір - бірімен ұйқасып, сабақтасып, жалғасып тұр. Нұрлы, бақытты, сәулелі сәттерден гөрі, қайғылы, драмалы, қасіретті күйлер көп. Мыңмен жалғыз алысқан данышпан, ақын ғұмырының мұңлы - зарлы шежіресі іспетті. Бірінші кітаптың соңында бейнеленетін шыңға шыққан жалғыз балғын шынар төртінші кітаптың аяғында зәулім болып өсіп барып, ақыры құлайды. Бұл – символ. Айта берсе, романда мұндай жинақтаушылық мәнге ие болып кететін образ бейнелер көп, осы қатарда теңіз кейпіне айналатын дала, ондағы болашаққа тартқан кеме, тарих белестері іспеттес боп көрінетін таулар тізбегін де қосу керек.
Әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдік - эстетикалық игілік болып қосылған «абай жолы» эпопеясының шығармашылық тарихында, жазушының ұстаханалық баянында бірнеше оқшау белгілі қасиет - сапа бар.
Қаламгердің болашақ, роман қаһармандары, олардың ұрпақ - нәсілдері ортасында туып, алаңсыз сәбилік, бақытты балалық, бозбалалық, күдерін солар кешкен қат - қабат әлеуметтік - психологиялық, тұрмыстық - этнографиялық табиғи - экологиялық қоршауда, қаймағы бұзылмаған көшпеліліер мәдениеті құшағында өткізуі бір олжа болса, екінші сәттілік Құнанбай – Әуез, Абай – Омархан әулеті өзара қыз беріп, қыз алысқан, нағашылы - жиендік орайда туысып, ортақ қуаныш, ортақ қайғы бөліскен, сүйек - шатысты, жүз жылдық күйеулік, мыңжылдық құдалық рәсімін берік ұстанған жақын, бауыр адамдар екендігінде жатыр. Кезінде М. Әуезовтің өзі ескерткендей, бір ру, бір бұтақ болып, біте қайнасып кеткен.
Мұның үстіне жазушы көптомдық шығарма тудыруға бел байлаған соң, өзі бейнелейтін дәуірдің басты кісілері, басты оқиғалары туралы тарихи құжаттарды, сол кезеңді көрген, білген адамдардың жадында қалған, ескі сөздерді арнайы теріп, жинап, екшеп пайдаланан.
Осыларға қоса әлемдік реалистік проза үлгілері, классикалық тарихи романдар тағылымы, қазақ қарасөзінің өз мүмкіндіктері жан - жақты қарастырылып, терең зерттеліп, автордың эстетикалық мұраттарына бағындырылып, батыл шешіммен, соны шеберлікпен қаламгерлікпен нақты тәжірибеде ғажайып жемістерін берді. Сөйтіп, М. Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты.
Негізінен, өмірде өткен адамдардың басында болған оқиғалардың жалпы сорабын сақай отырып, жазушы көркемдік логика, эстетикалық мұратты, реалистік шығарма жасау талап - шарттарын бірінші орынға қойған. Өз атымен, өзінің тіршіліктері нақты, дәмді әрекеттерімен бейнеленген кейіпкерлердің өзін сомдауда жазушы қиялға, авторлық фантазияға мол орын береді. Тыңнан, ойдан шығарылған оқиғалар, жағдаяттар, бейнелер толып жатыр. Бұл ретте Әуезов шеберлігі шомбал шұбар тасты ойып, қашап, жан бітіріп, көркем тұлға, жауһар туынды жасайтын тынымсыз еңбекқор мүсіншінің азапты да рахат әрекеттерін еске түсіреді.
Бір адамның, бір шаңырақтың, бір тайпаның, бір халықтың іштей жарылуы, осы іргеден туып, өрістейтін неше түрлі психологиялық халдер: түңілу мен үміт, қайратсыздық пен батырлық, надандық пен мәдениет, жақсылық пен жамандық, алауыздық пен бірлік дейсіз бе, әйтеуір қарама - қарсы полюстер, контраст бояулардың шарпысуын, ұстасулар, қақтығысулар кернеуін бейнелеудің хас шебері Мұхтар Әуезов түптеп келгенде, ең биік тұғыр – өмір мен өлімнің соңғы айқасының сан алуан түрлерін жан - жақты суреттейді.
Жазушы алғашқы шығармаларында - ақ өмір мен өлімді қатар - егіз алып, екеуін де тең күйде бейнеледі. Жиырмасыншы жылдардағы жас Әуезов әңгіме, хикаяттарының көбі адамадрдың ерікті - еріксіз ажалдарымен, өліммен аяқталады. Бұл енді тарих сахнасынан кетіп бара жатқан кешегі көшпелі өркениеттің мерт болуы деген идеямен сабақтас көркем ой. Осы сарынның тереңдеген тосқыны «Абай жолы» эпопеясының басынан аяғына дейін ыңыранып ағып жатыр: Қодар мен Қамқаның зорлықпен жасалған қанды өлімі, намыстан күйіп кеткен Бөжейдің кекті өлімі, ауыр сырқаттан көктей қиылған Әбіштің аяышты өлімі, асарын асап, жасарын жасап, ұрпағын өсіріп болған Зеренің разы өлімі, қатігез, тас жүрек ру басыларының құрбандығына шалынған титтей Кәмшаттың ащы өлімі, кезінде қылышынан қан тамған Құнанбайдың шымылдық артындағы сопылық, мінажат өлімі, ең ақырында халқының ары мен ұяты, жаны мен сыры, өлеңі мен үні болған дана Абайдың қасіреттік өлімі бар.
Ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс - әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке - бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жоолға барлық қайрат - жігерін, өр талантын, сапалы ғұмырын арнаған – қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ армандық үміттің оты маздап жанып тұр.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Анасының соңғы өсиеті Анасының соңғы өсиеті
Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: «Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік.
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Пайда ойлама, ар ойла Пайда ойлама, ар ойла
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
Ішім өлген, сыртым сау Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін - ау: Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×