ойын сауық отауы
К. Оразалин / Абайдан соң
01.01.2022 2 127 0 Admin

К. Оразалин / Абайдан соң

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
К. Оразалин / Абайдан соң
Кәмен Оразалиннің халыққа таралған ең сүбелі туындысы Мұхтар Әуезовтің жастық шағын бейнелеген төрт кітаптан тұратын «Абайдан соң» атты романы.
Роман Абайдың бұл дүниеден өтуімен басталады. Мұқтар жеті жасар болғанымен ақылды. Зерек бала өз ауылымен қатар жайлаудағы басқа көршілерінің де қарбалас, абың - күбің көріністері жалпақ елді дүрліктіргенін көреді. Бір ауыл көшіп жатса, екіншілері қонып жатыр. Қалың - қалың көштер мен айдалып келіп, жаңа қонысқа тоқтамай шұбыра шапқыласқан жылқыларда есеп жоқ. Шаңырақтары көтеріліп жатқан ауылдардың маңында семіз жылқыларды бұғалықтап тақымға басқан азаматтар да бірлі - жарым емес, ұазылып жатқан жер ошақтардан ұшқан түтіндер. Бала - шақбақ өңірін тұншықтыра басып, тақырлау төбелердің басына үйездеген жылқылар құйрықтарымен аңызақ шақырады. Жайлаудың осы көрінісін қақ жарып «ой, бауырым!» салған аянышты жылаулар, адамдардың дауыстары бір сәтке де толастамай қазақ даласын күңірентіп жатты.
Абай қазасы кезінде ұлы жанның ата дұшпаны Аташбайдың (Оразбайдың) өз адамдарын алты жүз боз аттарға мінгізіп және киімдерін де ақшыл түскен жарақтауы жалпақ елге аңыз боп тарайды. Абай дүниеден өткенмен ескі өшпенділік басылып қалмайды. Шыңғыс болысы шөпішті Омархан мен Нұрмағанбеттің өз үйінен байлап әкетуі бұрын естілмеген сұмдық боп, ел арасын ушықтырады.
Дәл осы бір уақытта Абайдың балалары әкелерінің кітабын Петербордан басқыздырып, қазақ даласына ұлы оқиғаның жарық дүниеге келе жатқанын паш етеді. Қарақшылар бұл кезде де қарап жатпай, кітап басқызуға апара жатқан малдарды базарға сатқыздыртпай жолдан талап әкетуі де баяндалады. Шөпіш өзінің туған інісі Ұлықпанға оязға арыз жазғызу арқылы оны өлімге ұрындырады да Әзімбай мен Абай балаларының арасындағы өшпенділік ұлғая түседі.
Әуез баласы Қасымбек Камелетдин медресесінен өзі де шығып кетіп атасының дегеніне көнбей інісі Мұхтарды да 5 сыныптық қалалық училищеге түсіреді. Абайдың өлеңдерінің баспа бетін көруі, Абай ауылы жастарының түн қараңғылығын жамылып кеп ояз кеңсесіне шабуыл жасауы Семейдегі қазақ оқыған жастарының алғашқы бас көтеруі болып табылады.
Абайдың тірі кезінде достасқан орыс достары енді ақынның балаларымен бір тілекте болады. Ақынның Петербордан алғашқы кітабының жарық көру де еліміздің тарихындағы ұлы құбылыс екендігі жан - жақты суреттелінеді. Романның бұл кітабында МүрсейіттіңМұхтарға алғашқы сабақ беруі, әжесі Дінасыл мен анасы Нұржамал, әкесі Омарханның да оқиғаға араласуы заңды шешімін тауып отырады. Осы алғашқы кітаптағы оқиғалар желісін үзбей дамытып, Абай өскен ортаның тарихи шындықтарын ұрпақ алдына кеңінен суреттеп жеткізеді. Бұл кітапта ел арасының бірлігін бұзбау мақсатында Әйгерімнің төркін жұрты Матайлармен қайтадан құда болысып, Наймантай баласы Әйкежанды Мұхтарға айттырады.
Абай бұл дүниеден өткеннен кейін, ел арасындағы ру жігінің бұрынғы тартысы басылудың орнына ерекше дәуірлеп, топ жинаудың жаңа түріне көшіп, адалдықтан қаныпезерлікті іздеп, өртті өшіруге бой бермейді.
Отарлық саясатын нық ұстаған патшаның шенеуніктері ел ішіндегі бұл тартысты ушықтыра түсуге әрекеттенеді.
Шыңғыс болысы – Шөпіш, Матай руының атақты байы және сотқар болысы Мұсабай, Мәмбетей руының болысы әрі Семейдің атақты байы, Қаражанның құдасы Ике Әділ балаларының ұйымдасқан, қолкүші мығым тобы жаңалыққа ұмтылған Абайдың кейінгі ұрпағына жаулықтың барлық түрін жасайды. Семей ұлықтарымен достақан олар Жидебайдан келімсектерге қалашық салдырады. Бұл Абайдың балалары мен туыстарына жасаған қастандығы еді.
Жидебайдың орыс переселендері орналаспаған жерлерінің бәріне Шөпіш Бәйтікке өрт қойғызады. Ушыққан осындай қастандықтан келіп, Шөпіш болысты Омархан мен Нұрмағанбет ат артына өңгеріп, Әуез ауылына әкеледі.
Қасымбек сырқат. Оның дертін асқындыру үшін, ағзамды старшын сайлатып, Абай ауылдарымен жауластыруға әрекеттенеді. Переселен Соколов Абай балалары жаққа шығып ірі тартыстар басталады. Бұрын Ике мен болыстар итжеккенге айдатқан Тәуке батыр айдаудан оралады. Досы Жекебай оны қорғаушы. Абайдың жары Күнжан Абай елінің оқып жүрген Семейдегі жастарына Абай өсиетін насихаттайды. Мұхтар осында «Біржан мен Сара» ойынын ұйымдастырып, театр ұғымын жастарға көрсетеді. Қасымбек пен Мұхтарлар Нұрмағанбет пен Боранбайдың еліне қонаққа барып, сарымсақты өңірде қырғыз Бақтыбай батырмен табысады, оған Мұса шортанұлы деп қайтадан ат қояды. Бұл өзінің бүкіл өмірінде Абай елінің бір баласы боп кетеді.
Ел арасының өшпенділік тартысы бір сәтке де толастамай, қала мен даланы бірдей шарпыған зұлымдық күннен күнге өрши түседі.
Матай руындағы Наймантайдың қызы (Әйгерімнің сіңлісі) Әйкежанды Мұхтарға айттырған еді.
Мұсабай болыс Наймантай мен оның әйелі Тотиды өзіне қаратып алады да итжеккеннен қашып кеп, тауда тығылып жүрген Серікқұл дейтін қашқынға қызды ұрып жығып, өңгертіп жібереді.
Алуан түрлі қастандықтар өрби түсіп, жас Мұхтардың дүниетанымын өсіріп, қиянкескі оқиғалардың куәсі етеді.
Болыс Мұсабайдың қолынан Ағзамды құтқарған Соколов, Нұрмағамнбет, мұхтар, Боранбайлардың әрекетін «поштаны тонаушылар» деп солдат шығартады. Абайдың шығармаларын Петербордан басқызып шығаруға базарға шығаруға базарға сатпақ жылқыларды күшікбайда қаланың ұры - қарыларына тонаттырып, ел арасының жаулықтарын Уақтың қаладағы беделді болысы Ертемен ұштастырады. Қала шенеуніктерін де жан - жақтан әкеліп, осы шайқастарға қатыстырады. Абайдың іні - балалары Кәрім мен Кәкітай, Мекайлдер оқиғалардың негізгі діңгегі боп отырады. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Күй аңызы: Шалқыма Күй аңызы: Шалқыма
Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем
Абайдан қалған нақыл сөздер Абайдан қалған нақыл сөздер
Құдайдан - қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Шойынжол Шойынжол
Бір қаладан шығарып, Азғантай елді қақ жарып, Шойын жол сала бастап ед. Өтіп кетті талай жыл,
Бір күні Бір күні
Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлап Көп шыбын өрмелеген уық бойлап Ұшқан боп жақындасып бір-біріне Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×