ойын сауық отауы
Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
03.02.2022 498 0 Admin

Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?

Әңгімелер
Тіл тарихы
Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
Хойсан тобына он тіл кіре ме, жиырма тіл кіре ме, австралиялық тілдер 250 ме, 700 бе? Бұл жөнінде ұзақ айтысуға болады, неше түрлі тіл көп екені ғана анық. Бұл Америка құрлығын айтпағанда, тым болмағанда, Еуропадағы жағдайға үйренісіп кеткендерге қатысты. Батыс Еуропаның бірнеше жүздеген миллион тұрғыны тек елуге жақын тілде ғана сөйлейді (жақында сырттан қоныс аударған иммигранттарды айтпағанда).
«Үлкен тілдер» дегеніміз – «көп адамдар сөйлейтін тіл» деген ойдың қысқартылып айтылған түрі. «Шағын тілдер» - аз ғана адам сөйлейтін тіл. Әрине, тілдің құнды - құнсыздығын бағалауға бұл сөздердің еш қатысы жоқ. Сөйлеушілер санына байланысты осындай айырмашылықтар бар екені кездейсоқтық емес. Бұл мәдениет пен өмір сүру дағдысындағы басты айырмашылықтарға және тілдердің қолданылу жолына тікелей байланысты.
Жеміс - жидек пен түбіртек теріп күнелткен терімшілер мен аңшыларға өздерін азықпен қамтамасыз ету үшін үлкен жер керек. Жер құнарлы болған күннің өзінде бір шақырым тек бірнеше адамға ғана азық бере алады. Сан халқы тұратын Калахари шөлі мен Үлкен Австралия шөлінде одан да үлкен кеңістік қажет. Әр тайпаға үлкен телімі керек, олар сол телімде үнемі жүріп отырады. Басқа адамдарға жақын тұру мүмкін емес, олардың өзге адамдармен қарым - қатынасы, негізінен, өздері сияқты топтармен кездесумен шектеледі. Топтар салыстырмалы түрде оқшау өмір сүреді.
Әр топ өзіне түсінікті тілде сөйлейді. Тіл ұрпақтан ұрпаққа дәл сол күйінде жетпейтіні баршаға аян, олар уақытпен бірге өзгеріп тұрады. Бір топ өзімен бірдей тілде сөйлейтін өзгелермен аз қарым - қатынас жасаса, көп кешікпейөз ережелері мен пішіні бар өзге тіл пайда болады. Бұл процесс бірнеше ғасырға созылса, ол топ өзгелерге түсініксіз тіл қалыптастыруы мүмкін. Бұл «бір - бірімен араласа алмайтындай алыс тұратын шағын топтарда аз ғана сөйлеушісі бар көптеген тіл пайда болады» дегенді білдіруі тиіс. Сан халқы мен австралиялықтарға қатысты шындық – осы. Енді бұдан келесі сұрақ туындайды: Жер бетіндегі адамдардың бәрі терімшілер мен аңшылар болған кезде де сондай жағдай болды ма? Бізге белгілі деректер солай болғанын анық көрсетеді. Халықтың басым көпшілігі терімшілер мен аңшылар болған әлемнің басқа түкпірлерінде, мәселен, Амазон өзені аңғарында жағдай осыған өте ұқсас. Терімшілер мен аңшылар өмір сүрген жерлердің ешқайсысында бір тілде сөйлеген адамдардың саны екі мыңнан аспаған.
Бұл дұрыс болса, адамдардың бәрі терімшілер мен аңшылар болған 12 мың жыл бұрынғы уақыттың маңайында әлемде қанша тіл болғанын айта аламыз. «Әр мың немесе екі мың адамға бір тілден келген» деген ой айтуға тура келеді. Ал ол кезде қанша адам болғанын біз білмейміз, бірақ барлық құрлық пен бүгінде халық тығыз қоныстанған аймақтың көбін адам баласының мекен еткені анық. Бірнеше мың адам ғана тұруы мүмкін емес, миллиондаған адам болуы мүмкін. Мысалы, 15 миллион адам болса, әр тілге ә мың адамнан келгенде, 7500 тіл болғаны.
Археологтар мен демографтар қанша есептесе де, ол кездегі халық санын дәл айтып беру мүмкін емес шығар. Бірақ бүгінде табылған тілдердің санымен салыстыру қызықты болар еді. Соңғы деректер бойынша, қазіргі тілдер саны 7 мыңға жақындап қалды. Терімшілер мен аңшылар заманында жер бетінде 15 миллиондай адам тұруы мүмкін; бірақ қазір қанша тіл болса, ол кезде де сонша тіл болған, яғни бұл – қазіргі 7 миллиард адамның екіден бір бөлігі. Бұл цифрларға тым қатты сенуге болмас, өйткені олар аса айқын емес бірнеше жорамалға негізделген. Бірақ жалпы үрдістің осылай болғанына күмән жоқ. Ертеректе қазіргіден анағұрлым көп тіл болған. Тілдердің тарихына үңілсек, олардың саны өсіп жатқан жоқ. Керісінше, кеміп жатқанын көріп отырмыз. Бұл тілдердің рөлі мен тілдер арасындағы айырмашылықты түсінуіміз үшін өте маңызды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі
Оңтүстік Африканың Калахари шөлінде және оның айналасында ағылшын тілінде «бушмен» деп аталатын адамдар тобы өмір сүреді. Қазіргі таңда оларды
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Герман, славян және роман тілдері Герман, славян және роман тілдері
Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son -
«Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін» «Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін»
Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті.
Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады? Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады?
Сан халықтары сөйлейтін хойсан тобына көп тіл жатады, олардың нақты қанша екенін және қалай аталатынын анықтау оңай жұмыс емес. Оларды зерттеуші әр
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×