ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Банту тілдері
12.02.2022 573 0 Admin

Тіл тарихы: Банту тілдері

Әңгімелер
Тіл тарихы: Банту тілдері
Мал бағу мен егін егу Африкадағы Сахараның оңтүстігінде Еуропадан анағұрлым кеш жүрді. Осыдан үш мың жыл бұрынға дейін Орталық және Оңтсүтік Африка терімшілер мен аңшылар ғана тіршілік еткен жер болып қала берді. Содан бері экватордың оңтсүтігіндегі бүтіндей бір құрлықты банту тілінде сөйлейтіндер мекен етіп келеді.
О бастан банту тілдерінде сөйлейтіндер салыстырмалы түрде аз болуы мүмкін. Олар батыстағы, бәлкім, Камерундегі бастапқы мекенінен көшіп, шығысқа қарай бірнеше мың шақырым жүріп, Виктория көлі жағасына келіп, қоныстануы мүмкін. Олар шамамен 2500 жыл бұрын солтүстіктен егіншілік пен мал бағуды үйренсе керек. Одан соң құрлықта оңтүстік, оңтүстік - батысқа қарай үлкен басқыншылық жорық жүрді. Отаршыл бантулар егіншілікпен де айналысатындықтан, бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін, өздері басып алған жерлерде олардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе асып түсті.
Бүгінде банту тілдерінде 200 миллионнан астам адам сөйлейді. Олар солтүстігінен оңтүстігіне бес мың шаршы шақырымға, батысынан шығысына үш мың шаршы шақырымға созылып жатқан жерді мекен етеді. Олар әлемнің бұл бөлігін кей ғалымдар үндіеуропалықтар Еуропаны игергендей жолмен алған тәрізді, яғни егін мен малдың арқасында халық саны көбейген.
Айырмашылықтар да бар. Банту халқы және банту тілдері үндіеуропалық тілдерден анағұрлым тез тараған тәрізді. Сонымен қатар олардың өз тілдері де кеңінен таралған. Жүзге жуық үндіеуропа тілі бар, олардың басым бөлігінің сөйлеушілер саны 300 - ден 600 - ге дейін барады. Африкадан тыс жұрттың тек суахили, зулу, коса тілін ғана естуі бар. Көптеген тілде сөйлеушілер саны аз ғана, жазуы жоқ, мектептерде қолданылмайды. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған? Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
Хойсан тобына он тіл кіре ме, жиырма тіл кіре ме, австралиялық тілдер 250 ме, 700 бе? Бұл жөнінде ұзақ айтысуға болады, неше түрлі тіл көп екені ғана
Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі
Оңтүстік Африканың Калахари шөлінде және оның айналасында ағылшын тілінде «бушмен» деп аталатын адамдар тобы өмір сүреді. Қазіргі таңда оларды
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Бұл тілдер қалай тарады? Бүкіл үндіеуропа тілдеріне тұтастай қарасақ, бұл сұрақ күрделеніп кетеді. Герман және славян тілдерінің осыншама кең аймаққа
Африкадағы ең үлкен көл Африкадағы ең үлкен көл
Бұл – әрине, Виктория көлі. Африка құрылығының дүние жүзіндегі ең ұзын өзені – Ніл өзені бастауын осы Виктория көлінен алады
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×