ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде
12.02.2022 2 081 0 Admin

Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде

Әңгімелер
Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде
Сөзге жаңа ғана араласып, билік айтуға талаптанып жүрген үш жас жігіт сәлемдесіп, жүз көрісіп әрі ой жарыстырмақ ниеттермен Төле бидің үйне келе қалады.
Төле бидің жасы ұлғайған шағы екен. Құс жастық, мамық төсекте жатса керек. Қасында жастау келіншегі отыр екен. Үйге сәлемдесе кіріп келген үш жігіттен жөн сұрасқан Төле би оларға: «Төрлетіңдер», дейді. Әдет бойынша, қонақтарға сый - құрмет көрсету керек. Ас - су қамдап, кіріп - шығып жүрген келіншектің жүріс - тұрысы өте тәрбиелі, тым сыпайы, оның үстіне көз жауын алғандай сұлу да екен.
Келіншекпен дидарласуға биден бата алмай жігіттер бірін - бірі көз қиығымен түсініп отырады. Шыдамы таусылғандай, шай үстіңде келіншекті сөзге тартпақ ниетпен шешендеу біреуі киіз үйдің іргесін түріп жіберіп: «Анау судың бойындағы, мынау көлдің жағасындағы кімдердің ауылы?» деп сұрай берсе керек. Сонда келіншек: «Үлкен - үлкен көлдердің бойында, үлкен - үлкен билердің ауылы тұрады, өздеріңдей шолақ билердің ақылы көзінің ұшында тұрады» деп жауап берген екен. Келіншектің жауабынан кейін жас билер Төле бимен сөз жарыстырмай - ақ, тез аттанып кеткен көрінеді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен.
Қасқа көл дауы Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі –
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы Төле бидің Қазыбек биге берген батасы
Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып - ашқан ғаріптің, Жел жағына жота бол!
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×