ойын сауық отауы
Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
27.02.2021 782 0 Admin

Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы

Әңгімелер
Шешендік сөздер
Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен. Олар орыс патшасы Аннадан үш тілек сұрап алады. Бірінші: жер - су өзіміздікі болсын; екінші: дін өзіміздікі болсын; үшінші: қазақ баласы әскерге алынбасын. Қазақтар шаңырақ басы үш сомнан сбор төлемекші болып келіседі. Патша олардың тілектерін қабылдап, екі жақ та ырза болып тарқайды.
Елшілер қыс болып қалған соң қыстап, қар кеткен соң шен - шекпен, алтын табақ, алтын кесе, алтын қасық алып елге қайтады. Троицк қаласынан өтіп, ағаш арасына кіріп келе жатса жылқы қайырып жүрген екі балаға кездеседі. Олардың біреуі жылқысын айдап кетеді де, екіншісі тосып, келе жатқан көп адамға сәлем береді. Әбілқайыр қырық кісімен қайырылмай жүре береді.
Жәнібек баланың сәлемін алып, сөйлесіп тұрып: «Бала, бір білмегенің болды - ау?» - депті. «Не нәрсені білмедім, айтыңыз!» - депті бала. Жәнібек: «Біз патшаға барып, шен - шекпен, сый алып келеміз, ағаларыңнан сыралғы сұрамадың ғой», - дейді. Сонда бала: «Ой, аға, қара қазан, сары бала мен жер - суды сатып әкеле жатқан қымбат олжаларыңды қайтейін», - депті.
Жәнібек бір құлағын қолымен басып, атының тізгіні қолынан түсіп кетіп, теңселіп, ыңыранып, бөлек өскен ағаш арасына кіріп кетеді. Мұны артына қараған Әбілқайыр көріп, бір жігітін жіберіп, шақыртып алып: «Жәнібек, саған не болды?» - деп сұрайды. «Ана баланың айтқан сөзі құлағым түгіл миымнан өтіп кетті», - дейді Жәнібек.
Олар баланы қайта шақыртып. «Бұл қай ауыл?» - деп сұрайды. Бала: «Мезгілдінің ауылы», - депті. «Біз қонсақ, мал соя ма?» - депті. Бала: «Тапса біреуін, таппаса екеуін сояды», - дейді. «Алдымызда басқа ауыл бар ма?» - деп сұраса, «Неге болмасын, «әттегеннің» ауылы бар, одан әрі барсаңыз, «ер жастанардың» ауылы бар», - дейді.
Сөйтіп, жолаушылар сөзден тосылады.
Бұл Шындәулет бидің бала кезі екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді
Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық ер жігіт, - депті немересі. Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса,
Аналарымыз аман болсын! Аналарымыз аман болсын!
- Апа, не істеп жатсыз? - дейді үлкені күлімсіреп. - Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы
Алтын адам Алтын адам
Алтын адам, Алтын адам... Адам жоқ! Алтын қалған жарқыраған. Білмейміз саудагер ме, қол басы ма? Сараң ба, алтын үшін қалтыраған?
Жүргіншілер мен иттер Жүргіншілер мен иттер
Кеш мезгіл келе жатты екі кісі, Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан, Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×