Тарихи түптөркін: Анқаты, Аңырақай
Әңгімелер
Тарихи түптөркін: Анқаты, Аңырақай
Анқаты – Батыс Қазақстан обл., Сырым, Ақжайық аудандарынан өтіп, Шалқар көліне құятын өзен, Ақжайық ауданындағы елді мекен аты. Сырым ауданында Есен Анқаты деп аталса, Ақжайық ауданындағы өзен аты Шолақ Анқаты аталады. Ал Анқаты елді мекені сол өзен атынан қойылған. Анқаты – Жымпиты атауы сияқты көне түркі, моңғол тілдеріне тән атау. Осы өзен атауының орта ғасырдағы араб саяхатшысы Ахмед Ибн Фадлан жазбасында кездесетінін ғалымдар сан рет айтқан.
Атаудың бірінші құрамындағы анга географиялық термин ретінде тұңғыс - мәньжүр, моғол тілдерінде бары және оның жеке топонимдік атау ретінде Байкал, Лена өңірінде кездесетіні жайлы да Э. М. Мурзаев дәйекті түрде баяндайды. Осы анга сөзі бурят, эвенкі тілдерінде «сай, жыра, су қазған шұңқыр» мәнінде айтылса, Томск облысында «өзеннің ескі арнасы», «екі өзенді жалғастырған мойын», «өзеннің тармағы, саласы» мәнінде қолданылады екен.
Анга өзені Ленаның бір саласы болса, Байкал көлінің тармағы да Ангадеп аталатынын көреміз.
Демек, Анқаты атауының мағынасы «екі өзенді жалғастырған мойын», «өзеннің тармағы, саласы» дегенге толық сай келетіндей. Шындығында, Есен Анқаты өзен мен Қарағанды, Алғабас ауылдары тұсынан аққан өзен мойындары төменгі ағысында бірігіп, жалғасып жатса, Шолақ Анқаты өзені мен Құспанкөл ауылы жанынан ағып жатқан өзен Шалқар көлі жанындағы балық зауытынан жоғары жерде мойындары түйісіп, біріне - бірі қосылып, Шалқар көліне кеп құяды.
Аңырақай – жер, с., Жамбыл ауд., Алматы обл. Бұл атау – түркі - моңғол тілдеріне ортақ. Атаудың негізгі түбірі аңға + р, - ра, - қай көне жұрнақтар, яғни «аңқиған, арсиған» деген мағынаны білдіреді. Ғ. Қоңқашбаев пікірінше: ангаркай – «тау ішіндегі сай, шатқал».
А. Әбдірахманов бұл атаудың түркі - моңғол тілдеріне ортақтығын айта келіп, оң // онг түбіріне ыр - а, түркі тілдерінде етістік жұрнақтары мен қай жұрнағы арқылы жасалып, «ашық, аңырайған» деген мағынада қолданылған деп болжайды.
Ә. Қайдаров атаудың бірінші сыңарын түбір сөз ретінде танып, оның мән - мағынасын былайша түсіндіреді. Яғни аң – «жарық, сызат», аңқай < аң + қай «аңыраю, айқара ашылу». Аң – «дала, алаң, алқап»; оңт. диал. Аң жер – «егіндік дала». Демек, Аңырақай топонимінің мағынасы «тау ортасындағы ашық алаң, кең жер, алқап» дегенге саяды. Жердің жағрапиялық объектісі, кескін - көркі, бедері сол атауға толық сәйкес келеді.
1729 жылы Балқаш бойындағы Далатау – Итішпес көлі деген жердегі қазақтардың қалмақтармен шайқасы тарихта Аңырақай шайқасы аталып кеткен. Осы ірі шайқаста қалмақ батыры Аңғырық пен қазақ батыры Шапырашты Сатай батырдың ұлы Бөлек батыр жекпе - жекке шығып, Бөлек батыр Аңғырықты өлтіреді. Қазақтар оның есімін өз тіліне бейімдеп Аңырақ, Аңырақай атап кетіпті.
Бұл жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы: «Аңырақ – қалмақшасы Аңғырық Далатаудағы «Аңырақай өлген жер» деп жүріп, Аңырақай атанып кеткен», - дейді.
«Халқымыздың Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ең ірі жеңісі – Балқаш бойындағы Аңырақай айқасы. Ойраттың аңыраған дауысын күллі қазақ түгел естігендей болған соң шайқастан кейін ұрыс даласы Аңырақай аталып кеткені белгілі» деген Елбасы Н. Назарбаев сөзі де халық аузында ғасырлар бойы айтылып келе жатқан аңызды құптай түседі.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тарихи түптөркін: Ақсүмбе, Ақтау, Ақтоғай,
Ақтау – қала. 1964 жылдан Шевченко аталып келді де, 1992 жылдан тарихи әділдік жеңіп, қайтадан Ақтау аталды. Маңғыстау облысының орталығы. Каспий
Тарихи түптөркін: Арыс, Арқалық, Асы
Арыс – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзындығы 346 км, су алабы 13870 км2 ағынды өзен. Арысқа бірнеше өзен құяды. Олар: Ақсу – ұзындығы 130 км, алабы
Тарихи түптөркін: Алтай
Алтай – терістік жағы Ресей, шығысы Қытай, оңтүстік - шығысы Қазақстан Республикасындағы биік таулы аймақ. Ресейдің Алтай өлкесі Таулы Алтай
Тарихи түптөркін: Айтағы
Айтағы – тау, биік. 499, 9 м. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданында. Е. Қойшыбаев бұл атаудың шығу жайын: «Көне түр. ай этнониміне тағ («тау») терминін
Тарихи түптөркін: Ақешкі ауылы
Ақешкі ауылы – Алматы обл. Ақсу ауданындағы елді мекен. Ауылдың Ақешкі аталуы жайлы халық аузында мынандай аңыз айтылады: «Бір бай кісі бір жылы
Ақжайық арнаға түс арындама
Ақ жайық, арнаға түс арындама Ару Жайық, ерке өзен, сыбырлағын, Бұл көктемде сен неге арындадың? Құм мен тастан өрілген жарқабаққа Ғажап болды - ау