ойын сауық отауы
Тарихи түптөркін: Ақешкі ауылы
12.04.2021 1 523 0 Admin

Тарихи түптөркін: Ақешкі ауылы

Бұл қызықты
Тарихи түптөркін: Ақешкі ауылы
Ақешкі ауылы – Алматы обл. Ақсу ауданындағы елді мекен. Ауылдың Ақешкі аталуы жайлы халық аузында мынандай аңыз айтылады: «Бір бай кісі бір жылы Ақешкі маңындағы таудың жанынан жайлауға көшіп бара жатады. Ол сол жайлауда жігіттеріне шөп шапқызып күзде қыстауына қайта көшеді екен. Байдың мыңырған малы көп бопты. Ол ыстауға барып, малын түгендегенде, 4 - 5 ешкісінің жоқ екенін байқайды. Малын іздемейді. Келесі жылы көктемде көшіп бара жатқан бай сол таудың беткейінен жайылып жүрген ешкілерін көреді. Қалып қойған 4 - 5 ешкісі лақтап, 10 шақты болп қалыпты. Оны көріп қуанған бай, достарына: «Мынау ешкі өлмейтін берекелі өлке екен», - депті. Содан тау Ешкіөлмес атанып, оның баурайы, яғни қазіргі ауыл Ақешкі аталыпты».
Аққұлақ – Қызылорда обл., Арал ауданындағы елді мекен. Атаудың бірінші сыңарындағы ақ сын есім топонимдер құрамында келгенде «кең - байтақ, үлкен, зор», «таза», «мөлдір», «тұнық» мағыналарын білдіреді. Ал атаудың екінші сыңарындағы құлақ географиялық термин әрі жалпы есім (апеллятив) ретінде түркі тілдерінде гидронимдік мәніндегі атаулар құрамында жиі қолданылады. Яғни құлақ – «арықтағы суды жырып әкететін кішкене тоспа». Бұл географиялық термин басқа түркі тілдерінде түрлі мағынаға ие келеді. Мәселен, балқар. кулак – «жыра, сай, аңғар»; хакас. хулак – «биік шың», «көлдің, өзеннің жағасындағы шығанақ», қырғ. кулак, өзб. кулок – «арық суын бөліп байлайтын тұсы», болгар. диал. кулак «төбелер мен жота, дөңдер арасындағы ашық алаң», «шұңқыр», «жыра», «аңғар», «сай». Бұл салыстырмалы тілдік материалдарға қарағанда Аққұлақ атауы Ақсай, Ақтөбе немесе Ақшығанақ атауларымен синонимдес сияқты.
Осы жерде дене тұрқы 13 - 28 см., құйрығының ұзындығы 4 см., салмағы 150 - 200 гр. сусар тұқымдас, көбіне құмдауыт, шөлейт не өзен, көл жағасындағы қамыстар мен жықпыл тастар арасында жүретін кішкентай жыртқыш аң болады екен. Жер аты сол аң атынан қойылып, кейін сол жерге орналасқан елді мекен атын иеленуі де мүмкін.
Ақмола (Астан, Нұр - Сұлтан) – тарихи қала, іргетасы 1832 ж. қаланған. Бұрын Қараөткел атанған. Қазір Қазақстан Республикасының астанасы, Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес Астана атауына өзгертілді. Ақмоланың шығу төркіні мен мағынасы туралы әртүрлі пікір, халық аңыздары бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша: «Бір кісіні жерлегенде, астынан ақ балшық шыққан. Осы ақ балшықпен мәйіттің басына орнатылған моланы майлаған. Содан соң, мола алыстан ағарып көрініп тұратын болғандықтан, бұл жер Ақмола атанған. Ал одан бұрынғы аты Қараөткел».
Қазақ Кеңес энциклопедиясында: «Ақмола – ақ қайрақ тастан әдемілеп жасалған. Оның табаны (қабырғасы) 4 бұрышты тікше түрінде қаланып, үстіне шардың жартысына ұқсаған не кигіздің төбесі тәрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өзенінің жағасынан 5 - 6 ғ. бойы сұлулыққа бөлеп тұрған. Сондықтан оның даңқты аты Ақмола болып, көп ғасыр бойы сол төңіректегі Есіл өлкесінің аты болады», - деп жазылған.
Ақмола – кейбіреулердің таяз түсінігіндей құбыжық атау емес, қазақ даласында кеңінен тараған Ақтөбе, Аққала, Ақкент, Ақтау, Ақкөл, Аққұм, Ақсу тәрізді топоним. Бұл арадағы ақ сөзі тек түр - түстік мағынаны ғана емес, әлеуметтік символикамен шектелетін ауқымы кең «ақ», «аппақ», «таза», «адал», «қасиетті - қастерлі» деген ауыспалы метафоралық, бейнелеу мағынасында да кеңінен қолданылады. Ал Ақмола атауы болса, «қабырстан» мәнінде ғана емес, «көне мекен - жайдың орны, ата - бабалардың сүйегі жатқан қасиетті белгі, нышан», ал орысша, кейбіреулерше аударылған «светлый погост» емес, «белый мавзолей» деген мағынаны білдіреді. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен.
Жайлауда Жайлауда
Жайлау ғой мынау жарасқан Арал – төбе бауыры. Төбеден неге әрі асқан Сәулешімнің ауылы
Бурабай Бурабай
Тағы бір ақбас бура, - емес атан, Жүріпті Көкшетауды қылып Отан. Мұны да "көзі көрген" қартайтады, Тыңдаған әлеуметке алқа - қотан.
Туған ауыл Туған ауыл
Мен туған ауыл – Ай мекен, Еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, Бірге ойнап, бірге жүгірген?
Байлар жүр жиған малын қорғалатып Байлар жүр жиған малын қорғалатып
Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Туған жерге Туған жерге
Таныс өлке, Таныс аймақ, Таныс маң: Анау жерде - құрбылармен алысқам, Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×