ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Бөкен би деген екен...
11.10.2023 559 0 Admin

Шешендік сөздер: Бөкен би деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер: Бөкен би деген екен...
Бір жолы Сарыкөлді жайлап отырған Асау би оны қонаққа шақырыпты. Асау би Бөкеннен 9 жас кіші екен. Өзінің он жасар Тұрлан деген баласына:
- Бөкен биді шақырамын. Сен тік тұрып қызмет қыл. Қолына су құй, айтқан сөзін тыңда, батасын ал, - дейді. Асау би өзі барып Бөкенді шақырып келеді. Тай сойып бір жұма күтеді. Баласы Тұрлан жүгіріп оған қызмет көрсетеді. Бөкен Асаудан:- Мынау мен көрмеген қай балаң? - деп сұрайды.- Ең кенжеміз Тұрлан ғой, - дейді.- Кенже деме, оның артынан сенде де, менде де туып қалар. Алла жарылқаймын десе, қиын емес, - дейді. Бөкен осыны айтады да, ас - су соңынан Тұрланға:- Ең алдымен адам бол, адал бол, азамат бол, білімге бойла, халық қамын ойла, - деп шұбырта бата береді.
Ел айтады:
- Бөкен би көріпкел әулие екен. Сол жолғы Асау биге айтқаны айнымай келеді. Асау бидің тоқалы көп кешікпей - ақ екі нәресте көреді. Тұрланы білім жолына түсіп оқымысты болды, ұзақ жыл молдалық етіп, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Бөкен баба деген екен... Шешендік сөздер: Бөкен баба деген екен...
Ел ішінде "Еламан елге теңелді, ешкі қойға теңелді" деген қанатты сөз бар. Бұл сөздің шығуы былай: Кіші жүз Байұлынын "бес қойыс" деген атасына
Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен... Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды.
Шешендік сөздер: Мінезің ауыр болсын Шешендік сөздер: Мінезің ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты.
Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды
Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті. - Қай баласың? — дейді Шоң.
Мінезің қара жерден ауыр болсын Мінезің қара жерден ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×