ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің
23.03.2022 1 057 0 Admin

Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің

Әдебиет
Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде - біріне көңілі толмай:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар.
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, -
деп сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен буз» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап:
- О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрменіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз?..
дейді. Сонда төрдегі би:
- Қой асығы демендер,
Қолына жақса, сақа ғой,
Жасы кіші демендер,
Ақылы асса, аға ғой, -
деген екен.
- Балам, ағалық билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеніз, Шу өзенінің оң жағын арғын, сол жағын үйсін жайласын,- деп билік айтады.
Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй балсыма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңнын таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол,-
деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасыңдағы дау - жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды
Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті. - Қай баласың? — дейді Шоң.
Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде
Сөзге жаңа ғана араласып, билік айтуға талаптанып жүрген үш жас жігіт сәлемдесіп, жүз көрісіп әрі ой жарыстырмақ ниеттермен Төле бидің үйне келе
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Қасқа көл дауы Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі –
Төле би Әлібекұлы Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең Азанды бол, балам! Халыққа жағайын десең, Қазанды бол, балам!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×