ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
11.12.2022 615 1 Admin

Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрақ қойып:
- Ақсақал біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - дейді.
- Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.
- Көне адасса, кімнен сұрайды?
- Көне адасса, көргендіден сұрайды.
- Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
- Көргенді адасса, көптен сұрайды.
- Көп адасса, кімнен сұрайды?
- Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.
- Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?
- Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? - дейді шешен. Содан соң:
- Асылы, ақыл - адамды аздырмайтын ем.
Білім - таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі - талап.
Шолғыншысы - ой.
Жолдасы - кәсіп.
Қорғаны - сабыр.
Қорғаушысы - мінез.
Біліп туған бала екенсің
Тумысыңнан дана екенсің, - дейді, Шоқанға риза болған шешен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Қарадос деген екен... Шешендік сөздер: Қарадос деген екен...
Кенесары хан бастаған азаттық көтерілісі кезінде Қарадостың ауыл - аймағы ерте көктемде көшіп, Сырдарияның мұзы түспей тұрғанда өтіп, Қарақұмға қарай
Бекболат би деген екен... Бекболат би деген екен...
Бекболаттың жас кезі екен. Бір жолы Абылай хан оны үлкен бір дауға жүмсапты. Алшынның билері игі жақсылары оны күтіп алады. Әңгіме сөзге салып
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Қазақ халқына киелі 7 саны Қазақ халқына киелі 7 саны
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл, 2. Жетекшісі – талап. 3. Жолаушысы – ой. 4. Жолдасы – кәсіп. 5. Қорғаны – сабыр. 6. Қорғаушысы – мінез. 7.
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
ДАНЧО
#1 ДАНЧО Қолданушы 17 наурыз 2023 17:30
Кезінде батырлар әңгіме айтып отырғанда, жылқылары шөп жеп отырған.
×