ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: Қыз
22.09.2021 3 084 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: Қыз

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Қыз
Қыз (әйел) – ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы. Оң жақта отырған бойжеткен. Елдің назы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесуі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы, «қыз – өріс, қыз – қонақ» деп туған туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген. Қызға қатты сөз айтылмауға тиіс. «Кім де кім үш қыз өсіріп, тәрбиелеп, бой жеткізіп, құтты орнына қондырса, оның сыйлығы жәннат» деген Мұхаммед пағамбар (с. а. с.). Ырым бойынша қыз туғанда «көйлек тігер», «қырық жеті» деп тұспалдап атаған.
Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Бір рудың ұзатылған қызы жас, кәрілігіне қарамастан сол елдің «Қызы» деп аталады, ауыл адамдары, туыс - туғандары оны «қыз» деп атап дәріптейді. Үлкендер оны «Қызымыз» деп, кішілер «апай» деп ерекше сыйлауға, сәлем беруге тиіс. Қыз еліне еркелеп, еркіндеп сөйлейді, туған - туыстарына базынасын айтады, назданады. Үлкен - кішілер оның сөзін тыңдап, сенікі дұрыс деп елпектейді, құрмет көрсетеді. Қыз кейде еліне ұлттық дәстүр бойынша «төркіндеп» келеді. Бұл оның ерекше келуі болып саналады. Мұндайда төркіндері жолынан жығылмай, сый - сияпат жасап, мал, қымбат заттар беріп, риза етіп аттандыруы шарт.
Арғын руының Жылқыайдар тайпасында Солтан деген кісінің әйелі Найман қызы Ақбикеш атты анамыз келін болып түскеннен кейін, 3 - 4 жыл бойы бала көтермепті. Сол кісі еліне төркіндеп барып, өзінің жақын сіңілісі Мақпалды өз күйеуіне екінші әйелдікке сұрап қолқа салыпты. Дәстүр бойынша төркіндеп келген қыздың өтініші сөзсіз орындалуы керек. Кейін Ақбикеш те, Мақпал да көп құрсақ көтеріпті. Одан тараған ұрпақтар күні бүгінге дейін «Ақбикеш», «Мақпал» балалары деп аталып келеді.
Қыз ауыл ақсақалдарымен, жас болса ағаларымен қатар, әйелдерден жоғары отырады. Жеңгелеріне әмір бере сөйлеп, мен сенің қожаңмын деп айбат көрсетуге де хақы бар. Жеңгелері оны мойындап, айтқанын көтеруге тиісті. Бұдан олар арасындағы татулық пен сыйластық қалпы бұзылмайды. Қыздың сыбағасы – төс, орны – төр, жолы үлкен деп есептеледі. Қызға кәрі жілік, өкпе тартылмайды.
  • Қызы бар үйдің назы бар.
  • Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осыла атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Туыстық атаулар сыры: Құдаша Туыстық атаулар сыры: Құдаша
Құдаша (әйел) – егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағына «құдаша» болып саналады.
Туыстық атаулар сыры: қайын ене Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×