ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
12.01.2022 712 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Бастапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен жердің Иесі – Құдайды жаратты. Ол кезде оның бейнесі де, ғибадатханасы да, абыздары да болмады. Адам әлі табынуды білмеді. Құдай оларға тым биікте көрінді. Уақыт өте келе Ол адамдардың жадынан өшті де, адамдар Оған деген мұқтаждықты сезінбейтін болды. Кейін Ол мүлде жоғалды дегендер де болды.
Бұл теория Вильгельм Шмидт әкейдің 1912 жылы жарық көрген «Құдай идеясының пайда болуы» аты еңбегінде баяндалған. Оның пайымынша, көпқұдайлықтан бұрын қарапайым монотеизм болған: бағзы заманда адамдар әлемді жаратқан және өздерінің іс - әрекетін реттеп отырған жалғыз Ұлы Құдайдың бар екенін мойындаған. Мұндай Ұлы Құдайға сенім (кейде оны Аспан Құдайы деп атаған, өйткені Оған бәрінен жоғары тұру керек болды) қазіргі кезде де көптеген африкалық тайпалардың діни жоралғыларына тән сипат. Олар Құдайға жалбарынады жәнеОның барлық әлемді бақылап отырғанына, қылмыстарды жазалайтынына күмән келтірмейді. Екінші жағынан қарасақ, бұл Құдай олардың күнделікті өмірлерінде көрінбейді; Оның культі де, бейнесі де жоқ. Африкалықтардың көзқарасынша, Оны сипаттау мүмкін емес және Оны ешбір дүниелік нәрсемен кірлетпеу керек. Антропологтердің байыптауынша, бұл Құдайдың алыстағаны және жоғарылағаны сонша – оның орнын біртіндеп төменгі рухтар мен қожетімді құдайлар басады. Бұл Шмидтің теориясына сай келеді, яғни Ұлы Құдай ерте кездерде - ақ пұтқа табынушылардың пантеондарындағы сауықкеш құдайлармен ауыстырылған. Бірақ алғашқы кезде тек Бір Құдай болғаны хақ делінеді, яғни монотеизмді өмірдің сыры мен сипатын түсіндіруге тырысқан адамдардың алғашқы талпынысы деген дұрыс. Осының барлығы әлгідей Құдайдың белгілі бір қиындықтармен бетпе - бет келетінін меңзейді.
Мұндай теорияны ешқандай әдіспен негіздеп беру мүмкін емес. Діндердің пайда болуы туралы қисын көп. Бірақ бір нәрсені батыл айтуға болады: адам үнемі құдайларды туғызумен келеді. Егер қандай да бір діни идея әлдебір себептермен адамдарға ұнамаса, олар оны жаңасымен алмастыратын. Ескірген түсініктер білдіртпестен, ақырын ғана ойдан шығып қалатын. Аспан Құдайы идеясы да осындай күйге ұшырады. Қазіргі таңда көптеген адам: «Ғасырлар бойы яһудилер, христиандар мен мұсылмандар табынып келген Құдай Аспан Құдайы сияқты алыстап кетті» дейді. Тіпті «Құдай өлді» деп жариялап та жүр. Иә, шынымен де, әсіресе Батыста Ол көптеген адамның өмірінен ғайып болып барады.
Адам санасында «Құдай бейнесіндегі саңылау» пайда болған дейді, дәл сол жерде Ол ертеректе орын тепкен (дегенмен кейбір орталарда Құдай қанша пайдасыз болып көрінсе де, Ол тарихымызда шешуші рөл атқарды, жалпы, барлық заман үшін адамзаттың ұлы идеяларының бірі болып қалады) деседі. Егер Құдай, расында да, жоғалып бара жатса, не нәрседен айырылатынымызды түсіну үшін адамдардың қалай өмір сүргенін, Оған қалай сене бастағанын, Оның адамдарға қандай мәні болғаны мен Ол туралы қалай ойлағандарын анықтап алуымыз қажет. Бұл үшін көне дәуірлерге сапар шегуіміз және Таяу Шығысқа саяхат жасауымыз керек: дәл сол жерде шамамен он төрт мың жылдай бұрын Бір Құдай идеясы туындады.
Қазіргі таңда діннің қажетсіз болып көріну себептерінің бірі өзімізді көзге көрінбейтін әлемнің қоршауында сезінбейтінімізде болып отыр. Ғылыми мәдениет бізді, ең алдымен, физикалық, заттай әлемге назар аударуға үйретті. Мұндай дүниеге деген көзқарас аз пайда әкелген жоқ, бірақ салдарларының бірі ретінде, біз «руханиялық» немесе «қасиеттілік» сезімдерін жоғалттық, әйтпесе бұлар ежелден күні бүгінге дейіндәстүрлі мәдениеттердегі өмірдің барлық салаларының негізін құрап, адамның дүниені қабылдауының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Оңтүстік теңіз аралдарында бұл жұмбақ қуатты мана деп атайды; басқалар оны бір нәрсе, рух деп сезінеді; кейде оны радиация немесе электр қуаты сияқты көрінбейтін энергия ретінде қабылдайды. Адамдар оны тайпа көсемінің бойында, тастарда, аңдар мен шөптерде жасырулы тұр деп аенген. Қасиетті ормандарда римдіктер рухтар барын сезінген; арабтар қоршаған ортада жындар барын білген. Әрине, адам осы ақиқатпен жанасуды және оны қалай болғанда да пайдасына жаратуды қалаған, сонымен бірге қарапайым қызығушылық та із қалдырған болу керек. Адамдар осы көрінбейтін күштерге жеке қасиеттер дарытқан: олар желге, күнге, теңіз бен жұлдыздарға сәйкес келетін құдайларды ойлап тапты және оларды адамға ұқсас етті. Осылайша, адамдар көрінбейтін әлеммен және қоршаған ортамен туыстық сезімін орнатты. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Жақып Вефилден кетпес бұрын, көзбен көрген Құдайын өзінің элохимі етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан қаншалықты мән
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×