ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде
11.03.2021 733 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір таңғаларлығы, бұл мәселеде бұлыңғыр және қарама - қайшы жауаптар береді. нұсқасының сендіруінше, адамдар Яхвеге Адам немерелерінен бастап табына бастаған, бірақ кейін б. д. д. VI ғасырда, Р - дің айтуынша, израилдықтар Яхве туралы Оның отқа оранып лауласа да, жанып кетпейтін тікенек бұта ішінен Мұсаға көрінуіне дейін ештеңе естімеген. Р Яхве атынан Өзінің Ибраһимнің да Құдайы екенін айтады, бірақ мұнда қайшылық туындайды: Ол Мұсаға Ибраһимнің Оны «Аса құдіретті Құдай» (Эль - Шаддай) деп атағанын, бірақ «Яхве» деген Құдай есімін білмегенін жеткізеді. Дегенмен мұндай ұсақ - түйектер Інжілді жазғандар мен түзеткендерді қатты толғандырмаған сияқты. үнемі өз Құдайын «Яхве» деп атаған, өйткені ол жазуға кіріскен тұста, Яхве мәңгілікке израил Құдайы болып ақлған еді, шынында да, осы маңыздырақ болды. Израилдықтардың діні прагматикалық сипатта болды. Бізді қазір мазалайтын ұсақ - түйектерге сол кезде назар аударатындар өте аз еді. Ибраһим мен мұса өз Құдайларына қазіргі кездегілер сияқты сенді деп қарауға болмайды. Біз тәураттық әңгімелер мен кейінгі израил тарихына үйреніскеніміз сонша – бертінгі иудаизм туралы білімімізді де ең көне тарихи кейіпкерлерге тели салуға үйірміз. Үш израилдық патриарх – ибраһим, оның ұлы Исхақ пен немересі Жақып бір Құдайға сенген деу қалыптасқан, шындығында, бұл күмән туғызады. Ең дұрысы, олар көне еврей пұтқа табынушылары болған және көптеген діни түсініктерін ханаандағы көршілерімен бөліскен, яғни Мардук, Ваал және Анат сынды құдайларға сенген. Сонымен қатар олар Бір Құдайға сенбеулері де мүмкін: ибраһимнің Құдайы, Исхақтың «қорқынышы» мен Жақыптың «құдіретті Құдайы» әртүрлі құдайлар болуы әбден мүмкін.
Ибраһимнің Құдайы – Ханаанның жоғары Құдайы – Илу (Эль) болуы шындыққа жанасады, өйткені Ол ибраһимге илу аталып келген Эль - Шаддай, «көк Құдайы» атымен белгілі. Басқа жерлерде Оны «Эль - Элион» (Ұлы Құдай) немесе Вефильдік Эль деп атаған. Басты ханаандық Құдайдың илу есімі «эль», «ил», «иль» формаларында израил және Исмаил есімдерінде сақталған. Еврейлер оған Таяу Шығыстағы пұтқа табынушылар арасында қабылданған тұрғыда қарым - қатынас жасаған. Ғасырлар өткеенен кейін ғана израилдықтардың Яхве манасы, яғни Оның «қасиеттілігі» қорқынышты болуы мүмкін екенін байқағанын көре аламыз. Мәселен, Синай тауында Ол Мұсаға үрей ұшыра атқылаған жанартау арасынан көрініп, израилдықтардың Оған жақындауына тыйым салынған. Онымен салыстырғанда, ибраһимнің Құдайы Эль мейлінше мейірімді болып көрінеді: Ол оған досы ретінде, кейде тіпті адам кейпінде келетін. Құдайдың көрінісі (уахи) деп аталатын мұндай жүздесулер туралы аңыздар көне пұтқа табынушылар арасында кең тараған. Құдайлар адамдар ісіне араласпайды деп саналғанмен, мифтік дәуірлерде таңдау түскен сирек кісілер Құдаймен бетпе - бет кездесіп отырған. Мұндай эпизодтар «Илиада» эпосында өте көп. Онда еркек құдайлар мен әйел құдайлар гректердің де, троялықтардың да түстеріне енетін болған, яғни адамилық пен құдайлық арасындағы шекара жойылған. Поэманың соңында Приам патшаны грек кемелеріне, кейін мәлім болғандай, сымбатты жігіт Герместің өзі жұмсайды. Бұрынғының қаһармандары өмір сүрген алтын ғасырды аңсаған гректер Құдайлармен тығыз туыстық байланысты сезінетін; Олардың табиғаты адамдарға жақын болды. Құдай көрінісі туралы аңыздарда пұтқа табынушылық дүниетанымның тұтастығы бейнеленетін: шын мәнінде Құдай болмысы табиғат пен адамнан ерекшеленбейтін, оған арнайы рәсімсіз - ақ жанасуға болатын. Әлем құдайларға толы және олармен күтпеген жерден, кез келген бұрышта бейтаныс біреумен ұшырасып қалғандай кездесуге болады. Соған қаарғанда, қарапайым халық мұндай жағдай әркімнің басында бола алатынына сенген; бұл ой «Әрекеттердегі» оғаш оқиғаның сырын түсіндіріп береді; онда б. д. І ғасырында Листра (қазіргі Түркия) халқы Апостол Павел мен оның шәкірті Варнаваны Гермес пен Зевс деп қабылдағаны айтылады.
Израилдықтар да шамамен осындай күй кешті. Өздерінің алтын ғасырына қарап, олар ибраһим, Исхақ пен жақыптың өз Құдайларымен жақын жерден, тез арада тілдескендерін көрді. Шейх немесе қауым ақсақалы секілді Эль достық рәуіштегі кеңестер берген, кезбелерге жол көрсеткен, қалыңдыққа (күйеуге) кімді таңдау керектігін айтқан және түстеріне кірген. Ара - тұра патриархтар Оны адам кейпінде кездестірген, ал кейінірек бұлай ойлаудың өзі израилдық үшін қауымнан аласталу қаупін туғызған. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Құдай бар ма? Құдай бар ма?
1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен
Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан Мұртазаның "Бір кем дүние" еңбегінен үзінді) Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан
Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу - маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай. Бірақ Иман жоқ. Ең сорлы адам - сол. Бір
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық туралы мақал - мәтелдер
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық сөзі қаһарлы Аты — алаш, керегесі — ағаш. Естімеген елде көп, Есек мінген сартта көп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×