ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
21.04.2021 609 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз жететін болады. Таңқаларлығы, уақыт өте келе, израилдықтар Құдай бейнесін танымастай етіп өзгертті, Оны трансценденттілік пен бауырмалдықтың символдық мазмұнымен толықтырды. Соған қарамастан, Шығудың қанды оқиғасы осы күнге дейін қатерлі құдайлық концепциясына иландырады және кекшіл дін іліміне назар аудартады. Б. д. д. VII ғасырда «Қайталанған заң» авторы (D) бұл мифке кейіннен барлық үш дін тарихында талай рет тағдыршешті рөл атқарған, қалаулықтың үрей шақыратын теологиясын негіздеу үшін сүйенді. Адамның кез келген ойы сияқты Құдай туралы түсінікті жақсыға да, жаманға да жаратуға болады. Құдайдың таңдаған халқы және оған ерекше ықыласы түсуі туралы «Қайталанған заң» мифі барлық дәуірлерде иудаизм, христиандық және мұсылмандықта тар, тұйықталған теологияны туындатып, өкінішке орай, исламдық фундаментализм кең өріс алған қазіргі кезеңге дейін созылып отыр. Алайда Мысырдан шығуды түсіндіруде «Қайталанған заң» авторы, сондай - ақ бір Құдайға табынушылықтың маңызды да пайдалы сипатын – әлсіздер мен жәбірленушілер жағында болған Құдай бейнесін сақтай білді. 26 - тарауда Шығу туралы мифтің негізінде тіпті J және E хикаялары жазып алынған уақыттан бұрын құрастырылған оқиғалар жатқан ең көне түсіндірмесі баяндалған болуы мүмкін. Яхве дін қызметшілеріне апарып беріп, соның кезінде мына сөздерді айту міндеттелген:
«... Менің әкем ел кезуші арамейлік еді, ол Мысырға барып, сол жерді аз ғана адаммен қоныстанды, сол жерде одан ұлы, қуатты және саны көп халық тарады. Бірақ мысырлықтар бізге жапа шектірді, қысым көрсетіп, ауыр жұмысқа салды. Содан біз Құдайға (Яхве), әкелеріміздің Құдайына жалбарындық, Құдай (Яхве) бізді естіді, қайғымызды, бейнетімізді және жәбірленгенімізді көрді. Сөйтіп, бізді Құдай Мысырдан қуатты қлымен, кең қаусырған білек күшімен, ұлы қорқынышпен, белгі - нышандарымен және кереметтерімен алып шықты. Бізді осы жерге (ханаанға) алып келді және осы мекенді, сүт пен бал тасып аққан жерді берді. Сонымен, міне, Сен, Құдайым (Яхве), маған берген жеріңнің алғашқы өнімін алып келдім».
Бәлкім, халықты тарихта тұңғыш рет жеңіске бастаған құдай – төңкеріс құдайы. Тіпті яһудилер, христандар мен мұсылмандар көбіесе қасиетті қағидаларды бұзып, өз Құдайын status quo сақтаушысына айналдырғанына қарамастан, Ол үш дінге де қоғамдық, әділеттілік идеалдарын енгізді.
Израилдықтар Яхвені – «Біздің әкелеріміздің Құдайы» деп атаса да, ол патриархтар сиынған ханаандық ұлы құдай Эль - Илуға ұқсамайтындай әсер қалдырды. Израил елінің Құдайы болудан бұрын, қандай да бір басқа халықтың Құдайы болған болуы мүмкіндігін есептен шығармау керек. Мұсаға бағытталған сөздерінің бірінде Яхве өзінің Ибраһимнің Құдайы екенін кеңінен ұғындырады, дегенмен алғашқыда Оны Эль - Шаддай деп атаған. Мұндай табанды түрде түсіндіру Мұсаның Құдайы кім еді деген байырғы пікірталастың сарқыншағы болуы мүмкін. Алғашқыда яхве деген жауынгер құдай, жанартаулардың иесі, оған Мадиан (қазіргі Иордания) жеріндегілер сиынып келген деген болжамдар болды. Израилдықтардың яхвемен, егер Ол, шынында, жаңа Құдай болса, қай жерде танысқандарын ендігі жерде анықтай алмаспыз. Қазіргі таңда бұл маңызды мәселе болуы мүмкін, бірақ Тәурат авторларын қатты толғандырмағаны анық. Пұтқа табынушылықтың көне дәуірінде құдайлар аяқ астынан кез келген жерде пайда болып, бір - бірімен қосылып та кете берген, ал бір жердің құдайларынан басқа халықтардың құдайларына ұқсастықты оңай тауып алуға болатын. Бір нәрсе даусыз: яхве қайдан келсе ле, Шығу оқиғасы оны Израил Құдайы деңгейіне көтерді, ал Мұса болса, Оның ибраһим, Исхақ және жақып Құдайы – Эль екеніне израилдықтардың көздерін жеткізді.(жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Жақып Вефилден кетпес бұрын, көзбен көрген Құдайын өзінің элохимі етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан қаншалықты мән
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×