ойын сауық отауы
Күй аңызы: Серпер
13.11.2022 1 952 0 Admin

Күй аңызы: Серпер

Аңыздар
Күй аңызы: Серпер
Зерттеушілер бұл күй жайлы мынадай пікір айтады. «Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма». Күйдің шығу тарихы жайында нақты дерек жоқ. Дегенмен ел арасында келесі аңыз айтылады.
Құрманғазы ел аралап жүріп, бір ауылға түседі. Үйдің иесі қонағын төрге шығарып, өзі ас - ауқат дайындау үшін сыртқа шығып кетсе керек. Құрекең жан - жағына қарап, көзі бірден ілулі тұрған домбыраға түседі. Қолына алып, құлағын келтіріп, қайта орынна іліпті. Сәлден кейін үйге қожайынның қызы кіріп, домбыраның басқаша ілулі тұрғанын көреді. Қолына алып қараса, құлақ күйі өзгеше.
- Домбырамды кім алған, деп жан - жағына қарайды. Ата - анасы қонаққа жалтақтап қояды. – Менің рұқсатымсыз, домбыраны ешкім де тиіспеген, енді өнеріңізді сынайық, егер осал болсаңыз, айыбыңыз дайын тұрсын, дейді де домбырада бір күйді тарта жөнеледі. (Ондағысы «менің шамамды қара, мықты болсаң аса түс» дегені)
Күй соңына дейін үнсіз отырған Құрманғазы, «Қарағым, күйдің оғын емес, боғын тарттың ғой» деп қызға қарайды. Бәрі аң - таң. Қыздың өнеріне осы күнге дейін осындай баға берген ешкім де болмапты. Жауап күтпей, Құрманғазы домбыраны өзі алып, бір күй тарта жөнеледі.
Күй аяқталғанда үй иесі «Айналайын, бұл аймақта мына қызымнан асқан күйші жоқ еді. Өзің шебер екенсің. Қызылқұрт елінде Құрманғазы есімді алапат күйші бар деп естіп едік. Сол күйші өзің боларсың - ау» дейді.
Құрманғазы ақырын ғана «Болсақ болармыз» деп қысқа қайырыпты. Ел ішіндегі аңыз бойынша Құрманғазы сол кезде «Серпер» күйін орындаған екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Жетім қыз Күй аңызы: Жетім қыз
Жарқын Шәкәрім мақаласынан үзінді: ... Әркімдердің аузынан Аққыздың «Қосбасары» бар дегенді естіп: «Бұл кім болды екен?» деп ойға қалатынбыз
Күй аңызы: Топан және Жігер Күй аңызы: Топан және Жігер
Исатай мен Махамбет өлгеннен кейін Құрманғазы көпке дейін төрелермен қырғиқабақ болып жүріпті. Дәулеткерейдің де шабармандарына айбат шегіп, талай
Күй аңызы: Тентек ақжелең Күй аңызы: Тентек ақжелең
Қазанғап ел аралап, домбыра тартып жүріп, бір ауылға келіп түседі. Ат басын тіреген үйде домбырашы қыз бар екен.
Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар
Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×