Күй аңызы: Жетім қыз
Аңыздар
Күй аңызы: Жетім қыз
Жарқын Шәкәрім мақаласынан үзінді:
... Әркімдердің аузынан Аққыздың «Қосбасары» бар дегенді естіп: «Бұл кім болды екен?» деп ойға қалатынбыз. Ақыры сұрай - сұрай облысымыздың Ақтоғай ауданына қарасты «Қаратал» совхозында тұратын күйші Аққыз әжейдің үйіне келдік. Амандықты сұрасқаннан кейін ол:
- Келін шырағым, домбыраға қол жалғап жіберші, - деп өзі де малдасын құрып жіберіп, кимешегін ыңғайлап алды да, үкілі домбырасын қолына алып шерте жөнелді. Күйші бір нәрсені еске түсіргендей ақ ойлана бір жерге қадалып қалыпты. Домбыраны еркін билеп алған салалы саусақтары бейне бір нәзік ғажайып үндер арқылы бар сырды ақтарып, көңілге құйып жатқан тәрізді. Осы күйі туралы Аққыз шешей былай дейді:
- Той десе қу бас домалайды емес пе, ойын - сауық десе мен де домбырамды арқалай жөнелетінмін. Мына, өзіміздің Қали, Манарбектер сияқты сылқылдаған әнші жігіттер мені қояр да қоймай, ойын - сауықтың ортасына әкелетін. Қыз күнімнен домбыраға әуестеніп, күйші атанып жүрдім. 1932 жылдың ауыр қысы келді. Жаңа түскен келін едім. Артымнан туған анамның қайтыс болғаны туралы хабар да келді. Ендігі жерде менің сүйенішім тек қана домбыра болды. Ойланып көп отырып, домбыра үні арқылы зар - мұңымды білдіретінмін. Осы тартқан «Жетім қыз» атты күйім сол бір жылдардың қалдырған ізі...
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Қосбасар
Тәттімбет «Қырық буын Қосбасар» деген күй дәстүрін қалыптастырған күйші ретінде аты елге белгілі болған. Қосбасарларын тараулата тартып таңнан -
Күй аңызы: Көкейкесті
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында
Күй аңызы: Зар қосбасар
Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз
Күй аңызы: Күнтай
Бір рет жолы түсіп, дәулескер күйші — Есір Айшуақұлы Сам ағасының ауылына қонаққа келеді. Атақты өнерпаз келгесін ауыл ағасы да құрқол қарап қала
Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,