ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы
15.04.2023 525 0 Admin

Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы

Аңыздар
Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы
Ақын, философ және ғалымдардың қолдануына байлданысты грек тілі көп өзгеріске түсті. Бұған дейін болмаған жаңа сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер пайда болды. Тың ойларды жеткізу үшін жаңа сөздер мен сөз тіркестері керек еді, нәтижесінде грек тілінің сөздік қоры байи түсті. Олар алфавитті оқу мен жазу үшін пайдаланды, жаңадан пайда болған сөздер жазылып, сақталды. Осылайша грек тілінің сөздік қоры бұрын - соңды ешбір тілде болмаған сөздермен және ұғымдармен толықты. Авторлар өздерінің жеке шығармаларын жазып қана қоймай, тілдің экспрессивті және көпқырлы қызметін нығайтуға септігін тигізді.
Терең ойлай білу үшін, жазудың болуы шарт емес. Сократ ештеңе жазған жоқ, бірақ замандастарының көбі оны ең даңышпан философ деп санған. Алайда Сократтың аға буын ойшылдар мен философиядағы бәсекелестерінің шығармаларын оқыған - оқымағаны белгісіз. Платон өзінің шығармаларында ол туралы сөз қозғамағанда, Сократтың кім екені және оның ойлары туралы ештеңе білмес едік. Платон мен Аристотельдің еңбектерінің әлі күнге дейін оқылуының себебі олардың жазушы болғанына ғана байланысты емес. Олардан кейін де мыңдаған адам өздерінің шығармаларын жазып қалдырған, бірақ бүгінде ұмыт болған. Платон мен Аристотель жаңашыл ойларының арқасында ел есінде қалды. Осы және өзге жазушылардың күш - жігерімен нығая түскен грек тілінде Батыс мәдениетінің бір бөлігіне айналған көптеген ұғым болды. Бұл сөздер мен ұғымдар ағылшын және өзге де еуропалық тілдерде әлі күнге дейін бар.
Біз мектепке барып, тарихты (грекше historia), математиканы (mathematike) және физиканы (phusike) оқып үйренеміз. Одан кейін география (geographia) мен философияға (philosophia) ойысамыз. Демократия жағдайында (demokratia) өмір сүріп жатқандықтан, өмірімізді саясатқа арнауымыз мүмкін (politike) немесе экономика саласында (oikonomia) қызмет етеміз. Театрға (theatron) бару және музыка (mousike) тыңдау арқылы эстетикалық (aisthetika) талғамымызды жетілдіреміз.
Ағылшын және өзге де еуропалық тілдерде ежелгі грек тілінен енген сөздер өте көп. Басқа да көптеген тілден енген кірме сөздер баршылық. Бірақ грек тілінен енген сөздер айрықша маңызға ие. Олардың көбі тіршілік құбылыстары (phainomena) топтастырылған категориялар (kategoriai) арқылы өмірді белгілі бір жүйелі құрылымға келтіреді. Гректер біздің дүние туралы түсінігіміздің қалыптасуына жартылай әсер етті және олардың сөз үлгілері ағылшын тілінде әлі де бар.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті
Бұл – осыдан 2600 жыл бұрын грек тілінде жазылған өлеңнің еркін аудармасы. Грек тіліндегі мәтіннен «мен» деген сөздің әйел адамды меңзеп тұрғаны
Тіл тарихы: Иероглифтер Тіл тарихы: Иероглифтер
Сына жазуларына интерпретация жасау оңай болмаған, өйткені кей символдар өз бейнесінің мағынасын, кейбірі сөздің дыбыстық бейнесін беруі мүмкін.
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде - ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті
Үндіеуропа тобындағы тілдер Үндіеуропа тобындағы тілдер
Алдыңғы тақырыпта талқыланған үш тіл тобы бір - біріне жақын емес. Кей тұстары бір - біріне ұқсайтындай болып көрінгенімен, топ ішіндегі тілдердей
«Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін» «Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін»
Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті.
1 Сәуір – Күлкі күні 1 Сәуір – Күлкі күні
1 сәуір - Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×